«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6845 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 23 сәуірдегі № 138 (26559) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасында:
1-тарауда:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімін ұзарту қағидасы (бұдан әрі - Қағида) нормативті мерзімінен артық қызмет мерзімі бар мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның және тартқыш жылжымалы құрамның тағайындалған қызмет мерзімін ұзарту бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейді, сондай-ақ қызмет мерзімін ұзартумен жөндеуді дайындау және жүргізуді реттейді.»;
3-тармақ келесі мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрам - хоппер-мөлшерлегіш, думпкар, транспортер, астық тасығыш, контейнер тасығыш алынбалы жабдығы бар әмбебап платформа, цистерналар (қышқылдық, фосфорлық), вагон-термос.»
2-тарауда:
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық бөлімшесінің басшымен Мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасымен басқарылады.»;
5-тармақта:
5-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«5. Мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту келесі тәртіппен белгіленеді:»;
1) тармақша келесі редакцияда жазылсын :
«1) жылжымалы құрамның иесі Комиссияға мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінім жібереді;»;
4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
«4) өтінімді алғаннан кейін жөндеуші ұйым мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның меншік иесімен шарт жасасады және оны өтінімде берілген мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның техникалық жағдайына тексеріс және техникалық диагностикалау, сондай-ақ өтінімде көрсетілген мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамға сынау өткізеді;
5) мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның техникалық жағдайына тексеріс және техникалық диагностикалау, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамды сынаудың нәтижелері бойынша жөндеуші ұйым осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешімді (бұдан әрі - Техникалық шешім) жөндеудің қажетті түрі мен көлемі көрсетіледі;
6) техникалық шешім 3 данада дайындалады және біреуі Комиссияға, біреуі мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның иесіне жіберіледі, ал біреуі жөндеу ұйымында қалады;
7) жөндеуші ұйым Техникалық шешімде көрсетілген жөндеу жұмыстарын орындап, мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамға қызмет ету мерзімін ұзарту актісі (бұдан әрі - акт) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады;
8) акті 3 данада дайындалады және біреуі Комиссияға, біреуі мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның иесіне жіберіледі, ал біреуі жөндеу ұйымында қалады акт;
9) жөндеуші ұйым актіні алған соң үш жұмыс күні ішінде Темір жол көлігі орталық кеңесі келісімдеріне қатысушы теміржол әкімшіліктерінің ақпараттық-есептеу орталығына (бұдан әрі – ТӘ АЕО) жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту және жылжымалы құрамның жөндеуден шығарылғаны туралы ақпаратты жібереді. Жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі ұзартылғаны жөніндегі барлық құжаттар жылжымалы құрамның ұзартылған қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін жөндеуші ұйымда сақталады.
Жылжымалы құрамның техникалық жағдайына диагностика жүргізу кезінде жөндеу көлемі және жаңа қызмет ету мерзімі белгіленеді. Жылжымалы құрамның белгіленген жалпы қызмет ету мерзімі, ұзартуды ескергенде, шығарушы зауыттың базалық жылжымалы құрам арналған техникалық шарттарында (бұдан әрі – ТШ) көрсетілген белгіленген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен аспайды .
ТШ-ны әзірлеуші КЖҰ-ға негізделген материалдар ұсынғанда, жалпы қызмет ету мерзімі, ұзартуды ескергенде, егер бұл КЖҰ ТШ-да ескертілсе шығарушы зауыттың базалық жылжымалы құрамға арналған ТШ-да көрсетілген белгіленген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен асуына мүмкіндік береді.
Шығарушы зауыттың ТШ бойынша қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайтын жылжымалы құрам үшін қызмет ету мерзімі КЖҰ-да ұзартылады, бұл ретте жылжымалы құрамның жалпы қызмет ету мерзімі, ұзартуды ескергенде, шығарушы зауыттың базалық жылжымалы құрамға арналған ТШ-да көрсетілген белгіленген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен аспайды.
Жылжымалы құрамның жаңа қызмет ету мерзімі жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешім (бұдан әрі – Техникалық шешім) берілген күннен бастап белгіленеді. Техникалық шешім бойынша белгіленген жұмыстар Техникалық шешім берілген күнінен бастап 6 ай ішінде орындалады.
Қызмет ету мерзімі өткен жылжымалы құрамға деполық және күрделі жөндеу жүргізу олардың техникалық жағдайын Техникалық шешім бойынша диагностикадан өткізген соң орындалады, бұл ретте ұзартылған қызмет ету мерзімі 5 жылдан аспайды, жылжымалы құрамның жалпы белгіленген қызмет ету мерзімі, ұзартуды ескергенде, шығарушы зауыттың базалық жылжымалы құрамға арналған техникалық шарттарында (бұдан әрі - ТШ) көрсетілген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен аспайды.
Мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрам үшін қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген соң жөндеу ұйымы іс жүзіндегі қызмет ету мерзіміне қарай қызмет ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте ұзартылатын қызмет ету мерзімі 6 жылдан аспайды.»;
бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«6. Мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы ақпарат төрт белгіден тұратын құрылымы бойынша ТЖӘ АЕО-ға беріледі:»;
1) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«1) бірінші белгі - «8» цифры - мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі ұзартылғанын;»;
2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«2) екінші белгі - «0» цифры - теміржол әкімшілігімен келісілген құжаттама (техникалық шарттар) бойынша жылжымалы құрамға күрделі жөндеу жүргізілгенін;»;
3) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«3) «1» цифры - мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту құқығы бар ұйымға берілген осы жұмысқа арналған Техникалық шешімге сәйкес мамандандырылған және арнайы жылжымалы құрамға деполық немесе күрделі жөндеу жүргізілгенін;»;
4) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«4) үшінші және төртінші белгілер - жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі ұзартылған жылдар санын көрсетеді.»;
1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жүк вагондарының (арнайы және мамандандырылған жылжымалы құрамнан басқасы) қызмет ету мерзімін ұзарту жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті (А.А.Асавбаев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақапараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі:нің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М.Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы қыркүйектегі № ___ бұйрығына қосымша
Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасына 1-қосымша
Үлгі
| Келісілген: М амандандырылған және арнайы жылжымалы құрам ның қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі комиссия төрағасы 20___ жылғы « __ » _________ | Бекітемін: Жөндеу ұйымының басшысы М.О. 20___ жылғы «____» ______ |
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ меншігіндегi
(жылжымалы құрам иесінің толық атауы)
____________________________________________________________________ және _________________________________________________ станциясына тіркелген
(станцияны, вагон депосын, темір жолды көрсету керек)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________
(орындаушы-мамандандырылған ұйымның толық атауы)
жылжымалы құрам қызметі мерзімін ұзарту туралы №________ техникалық шешім
Техникалық жай-күйін тексерудің, техникалық диагностикалаудың және өткізілген сынақтар нәтижелерінің негізінде қажетті жөндеу жұмыстарының түрі мен көлемін тағайындайды және олар орындалғаннан кейін келесі жылжымалы құрамның (бірлік) қызмет ету мерзімін ұзартады:
>
|
Р/с |
Жылжы-малы құрам-ның нөмірі |
Жылжы-малы құрам-ның моделі |
Жасал-ған күні |
Ұсынылатын жөндеудің түрі мен көлемі |
Жобалар нөмірі, ТШ, басшылық-тар |
Қызмет ету мерзімі ұзартыл-ды (айы, жылы) |
Тасымалдайтын жүктің түрі |
Жөндеу жүргізу күні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Жылжымалы құрамның ауысымды тораптары: арбашалар, автотіркеме және автотежегіш жабдық жүйелі қаралып отырады және оларды ауыстыру белгіленген тәртіппен жүргізіледі, осы техникалық шешім бойынша ауысымды тораптардың қызмет ету мерзімі ұзартылмайды.
Техникалық шешім тағайындалған жөндеу орындалған және ТӘ АЕО-ға жылжымалы құрамның жөндеуден шығуы туралы хабарлама берілген сәттен бастап қана күшінде болады.»;
2-қосымша келесі редакцияда жазылсын:
«Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасына 2-қосымша
Үлгі
_____________________________________________________________________________
(вагон иесінің толық атауы)
___________________________________________________________________ меншігіндегі
арнайы және мамандандырылған және құрамды жөндеу
және жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізу туралы
№ _____ акт
Осы Акт ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(жұмысты орындаған кәсіпорынның атауы)
20__жылғы «____» ___ № ___ техникалық шешімге сәйкес мына жұмыстар жүргізілгенділігі жайында жасалды:
|
Р/с |
Жылжымалы құрам бірлігінің нөмірі |
Орындалған жұмыстар |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
Жылжымалы құрам техникалық түзу күйде және оны темір жолдардың жалпы желісінің жолдары бойынша пайдалануға жіберуге болады.
Жылжымалы құрамның иесі
_________________
М.О.
20__жылғы "__" _____
| Жөндеу ұйымынының жылжымалы құрамды қабылдаушысы 20 ____ жылғы «____»_________ | Жөндеу ұйымының басшысы М.О. 20 ____ жылғы «____»_________ .»; |
«Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы» туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2011 жылғы______ №___ бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 24) тармақшасы |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдау процесі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер |
жоқ
|
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидасының 17-тармағының талаптарына ескере отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер | жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жарияланды
|
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін). | Жоқ
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаменті директорының міндетін атқарушы М.Елеусіз
2014 жылғы _____________«___»

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |