«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы және ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы және ережесін бекіту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөнiндегi комиссия туралы ереже;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___ »_______________ №_______ бұйрығына
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрi – Министрлігі) жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды.
3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
4. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, телерадио хабарларын тарату саласы мен үкiметтiк емес ұйымдар (келісім бойынша) өкілдерінің арасынан қалыптастырылады.
5. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары және құқықтары
6. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасында бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру және телерадио хабарларын таратуды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) телерадио хабарларын тарату жұмысы үшiн бөлiнетiн радиожиiлiк спектрiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
3) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
4) көпарналы хабар таратуда еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
5) көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
6) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және олардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
7) ұлттық операторды тыңдау қорытындылары жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
8) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерi жөнінде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
7. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпаратты сұратуға;
2) Қазақстан Республикасының министрлігіне Комиссияның қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) қажет болған жағдайда, өз жұмысына мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға;
4) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
8. Комиссияның төрағасы және дербес құрамы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бұйрығымен бекiтiледi. Комиссияның мүшелерi отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
9. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары төрағалық етушi болып табылады. Комиссияның отырыстары оның мүшелерiнiң кем дегенде үштен екi бөлiгi қатысқан жағдайда болып өттi деп саналады.
10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.
11. Комиссияның мүшелерi:
1) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiне ұсыныстар енгiзуге;
2) отырыстарда сөз сөйлеуге және енгiзiлген ұсыныстар бойынша дауыс берудiң өткiзiлуiн талап етуге;
3) Комиссияның материалдарымен танысуға және олардың көшiрмелерiн алуға құқылы.
12. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
13. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
14. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті болып табылады.
15. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
16. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, олай білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
17. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___ »_______________ №_______ бұйрығына
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі, төраға;
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары;
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасының орынбасары, хатшы.
Комиссия мүшелері:
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
5. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша);
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келiсiм бойынша);
8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің байланыс бас басқармасының бастығы;
9. «Орталық коммуникациялар қызметі» Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша);
10. Қазақстан телерадио хабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры;
11. «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша);
12. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығының республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары;
13. «Еуропа құқығы және адам құқықтары институты» қоғамдық бірлестігінің сарапшысы (келісім бойынша);
14. Қазақстандағы «Internews Network» халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры (келісім бойынша);
15. «Қазақстан Республикасы телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы» Қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша);
16. Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша);
17. «Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
18. «Әлеуметтік әріптестік орталығы» корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша);
19. «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
20. Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі (келісім бойынша).
«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына негіздеме – анықтама
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұ сынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) |
|
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Жоқ |
| 7. | Нормативтік құқ ы қ ты қ актіні м ү дделі мемлекеттік органдармен келісу туралы м ә лімет | Жоқ |
| 8. | Жеке к ә сіпкерлік субъектілеріні ң м ү дделерін қ оз ғ айтын нормативтік құқ ы қ ты қ актілер жобаларыны ң б ұқ аралы қ а қ парат құ ралдарында , интернет - ресурстарды қ оса ал ғ анда , жариялау туралы м ә ліметтер | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www. mid .gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің директоры А. Әлиақпаров
2014 жылғы « »

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |