• Мое избранное
"Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.03.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 1029 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 5 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.02.2015 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 35, 339-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларға қажетті сараптамаларды жүргізу және іріктеу тәртібі мен олардың мерзімі;»;
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;»;
34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) қатысушылар (бұдан әрі – Қатысушылар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ретроспектива (МИЖ бойынша бұрын бөлінген және игерілген қаражат туралы, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша ақпарат);»;
58-тармақтың 3-абзацының 1) тармақшасы алып тасталсын;
95-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.»;
103-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.»;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті БИЖ-дердің ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, БИЖ-ді республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.»;
оңыншы бөлігі алып тасталсын;
115-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«115. ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.»;
«Екінші кезең – ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің түзетілген ЖСҚ бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.»;
4-тараудың, 1-параграфының атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібі»;
«1-параграф. Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тәртібі мен мерзімдері»;
120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«120. Алушы не Қатысушылар не ББӘ инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеуі немесе түзетуі мүмкін.»;
149-тармақтың тоғызыншы бөлігі алып тасталсын;
178-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттік органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.»;
180, 181-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«180. Инвестициялар ҚЭН-ін осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер бекітетін бір ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтердің Инвестицияларын қоспағанда, оң экономикалық қорытынды және тиiстi бюджет комиссиясының оң шешiмiн алған Инвестициялар ҚЭН-і немесе түзетілген Инвеcтициялар ҚЭН-і Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ББӘ бекітуіне жатады.
181. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ РБК-нің оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар кейінге қалдыру шартымен республикалық бюджет жобасына немесе ағымдағы қаржы жылының бірінші жартыжылдығында нақтыланған жағдайда, нақтыланған республикалық бюджет жобасына енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 198-1-тармақпен толықтырылсын:
«198-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жылдық мониторингті мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 209-1-тармақпен толықтырылсын:
«209-1 Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ-дің іске асырылуын бағалау жөніндегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 223-1-тармақпен толықтырылсын:
«223-1 Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылуы бойынша жылдық мониторингті мемлекеттік және орыс тілдерінде, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 239-1-тармақпен толықтырылсын:
«239-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.»;
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшаның:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ретроспектива (МИЖ бойынша бұрын бөлінген және игерілген қаражат туралы, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша ақпарат)»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
1-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«1-кесте
«Жобаның қаржылық-экономикалық моделінің базалық параметрлері» нысаны

Р/с



Параметрдің атауы

Параметрдің мәні

Негіздеме

1

2

3

4

1

Жобаның жалпы құны

мың теңге







2

Инвестициялық кезең

жжжж-жжжж







3

Постинвестициялық кезең

жжжж-жжжж







4

Дисконттау мөлшерлемесі (коэффициенті)

%







5

Инфляция деңгейі

%







6

Салықтар мөлшерлемелері

%







7

Амортизация нормалары













Ескертпе:
4-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруын ТЭН әзірленген кездегі (бірақ 6 айдан аспайды) ресми мөлшерлемесі көрсетіледі.
5-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің және/немесе макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес инфляция деңгейі көрсетіледі. Бұл ретте, келесі постинвестициялық кезең ішінде Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің және/немесе макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес көрсетілген соңғы жылға арналған инфляция деңгейі қабылданады.
6-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес ТЭН әзірленген кездегі салық мөлшерлемелері көрсетіледі.
7-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ТЭН әзірленген кездегі амортизация нормалары көрсетіледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов