• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
 (үзінді)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1) «Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 өкімі;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 795 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 21-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 227-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 911 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011 ж., № 30, 366-құжат; 2012 ж. № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 41, 606-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
«4. Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.»;
«7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.»;
«Қазақстандық тараптан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссия мүшелері болып табылады.».
2. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 4, 44-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2010 ж., № 9, 105-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 55, 738-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 67, 896-құжат; 2014 ж., № 28, 227-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы»;
«Қазақстан Республикасының Әділет министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі»;
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі»,
«Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі»,
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі»,
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі»,
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі»,
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)» деген жол алып тасталсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (03.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 52, 712-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 28, 227-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ережеде:
«6. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жағдайда тапсырады.»;
«20. Комиссия қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамында: