• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
ХеппиДерм Форте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Төрағасының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 603 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық 
ХеппиДерм Форте
Саудалық атауы
ХеппиДерм Форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ  
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль  
Құрамы  
1 баллонның ішінде  
белсенді заттар: 2,5 г немесе 5 г декспантенол, 0,05 г немесе 0,1 г аллантоин, қосымша заттар: Euxyl®  PE 9010 (феноксиэтанолға шаққанда), DL-пантолактон, цетостеарил спирті, калий цетилфосфаты, глицерин, диметикон ДМ 100, тазартылған су, хладон 134а
 Сипаттамасы
 Препарат баллоннан шығар кезінде ақ түсті көбік түзеді  
 Фармакотерапиялық тобы
Аса қатты тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.  
АТХ коды D03AX
 Фармакологиялық қасиеттері
  Фармакокинетикасы
Декспантенол терімен жылдам сіңіріледі, жасушаларда пантотен қышқылына айналады. Қанда пантотен қышқылы қан плазмасы протеиндерімен (негізінен β-глобулиндерімен және альбуминмен) байланысады. Пантотен қышқылы организмде метаболизденбейді және өзгермеген түрде шығарылады, дозаның 60-70% несеппен, қалғандары – нәжіспен шығарылады.  
Фармакодинамикасы  
Біріктірілген препарат, әсері декспантенол және аллантоин қасиеттеріне негізделген.  
Декспантенол – пантотен қышқылы суда еритін витаминінің синтетикалық туындысы. Декспантенолдың төмен молекулалық салмағы, гидрофилдігі және төменгі полярлығы оның терінің барлық қабаттарына өтуін мүмкін етеді. Декспантенол пантотен қышқылы тапшылығын толықтырады, қабынуға қарсы әсерге ие, регенерация үдерістерін көтермелейді. Пантотен қышқылы, іс жүзінде барлық метаболикалық үдерістерге қатысатын (трикарбон қышқылдары циклі, көмірсу, май және май қышқылдары алмасуы, фосфолипидтер, ақуыздар және т.б.) эссенциалды коэнзим А (СоА) компоненті болып табылады, оның ішінде тері регенерациясын көтермелейді және коллаген талшықтары төзімділігін арттырады. Бұл қышқылға қажеттіліктің жоғарылауы тері жабыны немесе тіндер зақымдануы кезінде байқалады.  
Аллантоин – тұтқыр және кератолитикалық дәрі, қабынуға қарсы, тартатын әсер береді, эпидермис грануляциясын жұмсартады және стимуляциялайды, эпителийді регенерациялайды, ауырсынуды азайтады.
  Қолданылуы
  Тері мен шырышты қабықтың әр түрлі зақымдануларында, оның ішінде:
  	сыдырылулар, 	күйіктерде,  	
 	операциядан 	кейінгі асептикалық жараларда,  	
жазылуы 	қиын трансплантаттарда,
күнге 	күю және термиялық 	күйіктерде,