• Мое избранное
Симпони®

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Төрағасының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 603 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық 
 Симпони®
Саудалық атауы
Симпони> ® 
Халықаралық патенттелмеген атауы
Голимумаб
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 50 мг/0.5 мл ерітінді алдын ала толтырылған еккіште немесе автоинжекторда
Құрамы
Бір еккіштің немесе автоинжектордың ішінде
белсенді зат - 50 мг голимумаб  
қосымша заттар: сорбитол, L-гистидин, полисорбат 80, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
 Түссізден ашық сары түске дейінгі бозаңданатын сұйықтық.   
Фармакотерапиялық тобы
Иммунодепрессанттар.
Ісіктер некрозы альфа факторының тежегіштері (TNF-alfa). Голимумаб.
 АТХ коды  L04AB06   
Фармакологиялық қасиеттері
 Фармакокинетикасы
Голимумабты дені сау адамдарда немесе ревматоидты артриті бар емделушілерде тері астына бір рет енгізгеннен кейін сарысуда ең жоғары концентрацияға жету уақытының (Tmax )  медианасы 2 күннен 6 күнге дейін өзгеріп отырды. Дені сау адамдарға голимумабтың 50 мг дозасымен теріастылық инъекция жасағаннан кейін қан сарысуында 3,1 ± 1,4 мкг/мл-ге тең ең жоғары концентрация (Cmax,  орташа мәні  ± стандартты ауытқу) байқалды.
Ревматоидты артриті бар емделушілерде дене салмағының әр кг-на шаққанда 0,1-ден 10,0 мг-ға дейінгі дозаны көктамыр ішіне бір рет енгізгеннен кейін голимумабта шамамен дозаға пропорционалды фармакокинетика байқалды.  Голимумабтың жүйелік клиренсі тәулігіне 6,9 ± 2,0 мл/кг құрайтыны, ал орташа таралу көлемі – 115 ± 19 мл/кг екендігі анықталды. Ақырғы жартылай шығарылу кезеңі дені сау адамдарда шамамен 12 ± 3 күнді құрайтыны анықталды; осындай көрсеткіштер ревматоидты артриті, псориазы, шорбуынданатын спондолиті және ойық жаралы колиті бар емделушілерде де байқалды.
 Препараттың 100 мг дозасын бір рет тері астына енгізгеннен кейін голимумабтың сіңуі  иық, іш және сан аймағындағыға ұқсас болды, мұндайда орташа абсолютті биожетімділігі 51% құрайды. Тері астына енгізгеннен кейін голимумаб үшін шамамен дозаға пропорционалды ФК білінгендіктен, 50 мг дозаны енгізгенде де голимумабтың абсолюттік биожетімділігі бірдей болуы мүмкін.    
 Ревматоидты артриті, псориазы немесе шорбуынданатын спондолиті бар емделушілерде 50 мг голимумабты әрбір 4 апта сайын тері астына енгізген кезде сарысуда тепе-тең  концентрация 12-ші аптада анықталады. 50 мг голимумабты әрбір 4 апта сайын тері астына енгізіп емдеу аясында метотрексатты қатарластыра қолданған кезде сарысуда орташа (± стандартты ауытқу) тепе-тең ең төмен концентрация байқалды, олар метотрексатпен емделгеніне қарамастан, ревматоидты артриттің белсенді түрі білінген, ревматоидты артриті бар емделушілерде 0,6 ± 0,4 мкг/мл құрайды, және  псориаздың белсенді түрі бар емделушілерде 0,5 ± 0,4 мкг/мл, сондай-ақ шорбуынданатын спондолиті бар емделушілерде 0,8 ± 0,4 мкг/мл құрайды.   
Метотрексатпен қатарластыра ем қабылдамаған ревматоидты артриті, псориазы немесе шорбуынданатын спондолиті бар емделушілерде голимумабтың тепе-тең ең төмен концентрациясы, голимумабты метотрексатпен біріктіріп қабылдаған емделушілермен салыстырғанда, 30%-ға төмен болды. Метотрексатты қатарластыра қолдану аясында голимумабты 6 ай бойы тері астына қабылдаған ревматоидты артриті бар емделушілердің шектеулі бөлігінде голимумаб клиренсінің шамамен 36%-ға төмендегені байқалды. Сонда да, популяциялық фармакокинетикалық талдама деректері бойынша, ҚҚСД, оральді кортикостероидтарды немесе сульфасалазинді қатарластыра қолдану голимумабтың клиренсіне әсерін тигізген жоқ.
ОЖК бар емделушілерге тері астына голимумабты бастапқы дозасы 200 мг және 100 мг-ден  0-ші және тиісінше 2-ші аптада голимумабты 50 мг немесе 100 мг тағайындағаннан кейін әрбір 4 аптада голимумабтың сарысулық деңгейі тепе-теңдік жағдайына емдеуді бастағаннан кейін шамамен 14 аптадан соң  жетті. Емнің демеуші кезеңінде әрбір 4 аптада  50 мг және 100 мг дозада тері астылық емдеу концентрацияның тиісінше 0,9 ± 0,5 мкг/мл және 1,8 ± 1,1 мкг/мл тепе-теңдігін туғызуға жуық әкелді. Әрбір 4 аптада тері астына голимумабтың 50 және 100 мг қабылдаған  ОЖК бар емделушілерде, иммуномодуляторларды бір мезгілде қолдану, голимумабтың тепе-теңдік деңгейіне елеулі әсер етпеді.  
Дене салмағы артқанда голимумабтың жоғарырақ клиренске тенденциясы білінді («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).
Голимумабқа антидененің пайда болғаны  анықталған емделушілерде сарысудағы голимумабтың төменірек ең аз тепе-тең концентрациялары байқалды («Фармакодинамикасы» бөлімін қараңыз).
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Голимумаб адамның моноклональді антиденесі болып табылады, ол еритін және адамның трансмембраналы биобелсенді ІНФ-α (ісік некрозының факторы-α) түрлерімен аффинділігі жоғары тұрақты кешен түзеді, ол ІНФ-α мен рецепторлардың байланысуына жол бермейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Адамның ісік некрозы факторының (ІНФ) голимумабпен байланысуы Е-селектин адгезиясы молекуласы, қантамырлық эндотелий (VCAM)-1 молекуласы және жасушааралық (ICAM)-1 адгезия молекуласы жасушаларының бетінде ІНФ-α-индукцияланған экспрессияның адамның эндотелиальді жасушаларымен бейтараптануына әкелетіні білінді.  In vitro, ИЛ-6, ИЛ-8 интерлейкиннің және гранулоцитарлы-макрофагальді-колониестимуляциялаушы факторының (GM-CSF) адамның эндотелиальді жасушаларымен ІНФ-индукцияланған секрециясы сондай-ақ голимумабпен де тежелді.
Голимумабпен емдеу аясында С-реактивті ақуыз (СРА) деңгейінің азайғаны білінді. Бұдан басқа, Симпонимен®  емдеу аясында сарысуда ИЛ-6, ICAM-1, матрикстік металлопротеиназа (MMP)-3 деңгейлерінің және қантамырлар эндотелиінің өсу факторының (VEGF) бастапқы мәнінің, бақыланатын топтағымен салыстырғанда, едәуір төмендегені байқалды. Сондай-ақ ревматоидты артриті және шорбуынданатын спондилиті бар емделушілерде ІНФ-α деңгейлерінің, сондай-ақ псориазы бар емделушілерде ИЛ-8 деңгейінің төмендегені де байқалды. Бұл өзгерулер Симпонимен®  емдеуді бастағаннан кейін алғашқы зерттеуде (4-ші апта) білінді және жалпы алғанда 24-ші аптаға дейін сақталды.
Балалар популяциясы
Дәрілік заттар бойынша Еуропалық агенттік шорбуынданатын спондолиті және ревматоидты артриті бар балалар популяциясындағы барлық топ тармақтарында Симпониге®  зерттеу жүргізуге рұқсат етпеді (балаларға қолданылуы жөнінде ақпаратты «Қолдану тәсілі және дозалары» тарауынан қараңыз).  
Қолданылуы
Ревматоидты артрит (РA)  
 Симпониді®  метотрексатпен (МКТ) мыналарда біріктіріп қолданады:   
 ауруды 	модификациялайтын антиревматикалық 	препараттармен (АМАРП), метотрексатты 	қоса есептегенде, емдеуге жауабы 	қанағаттанарлықсыз болған ересектердегі 	белсенділігі орташа және ауыр ревматоидты 	артритті емдеуге   	
бұрын 	метотрексатпен ем қабылдамаған 	ересектердегі ауыр, белсенді және 	үдемелі ревматоидты артриті емдеуге  	 	
Симпониді®  метотрексатпен біріктіру буын патологияларының өршу жиілігін төмендететіні байқалды, ол рентгенография жәрдемімен көрсетілді, және бұл олардың атқаратын қызмет жағдайын жақсартады.
Псориаздық артрит
 Бұрын ауруды модификациялайтын антиревматикалық препараттармен (АМАРП) емдеуге қанағаттанарлықсыз жауап байқалған ересектерде белсенді және үдемелі псориаздық артритті емдеу үшін Симпони®  монотерапия ретінде немесе метотрексатпен біріктіріліп қолданылады. Симпонидің®  шеткергі буындар патологиясының үдеу жиілігін төмендететіні байқалды, бұл көптеген буындарды симметриялық қамтыған аурудың қосалқы типтері бар емделушілерде рентгенография жәрдемімен көрсетілді («Фармакодинамикасы» тарауын қараңыз), сондай-ақ атқаратын қызмет жағдайын жақсартады.   
Шорбуынданатын спондилит (ШС)
 Симпони®  дәстүрлі емге жауабы қанағаттанарлықсыз болған ересектердегі  белсенді ауыр шорбуынданатын спондолитті емдеу үшін қолданылады.    
Ойық жаралы колит (ОЖК)
Симпони®   глюкокортикостероидтармен ұдайы емдеуді талап ететін немесе алдындағы емдеуде көтере алмаушылық немесе жауабы жеткіліксіз болған ересек емделушілерде, ауырлығы орташа және ауыр дәрежелі ойық жаралы колитті емдеу үшін көрсетілген, мыналар үшін:
клиникалық 	жауапты индукциялау және демеу;
шырыш 	жағдайының индукциялау кезіндегі 	эндоскопиялық анықталған жақсаруы;
клиникалық 	ремиссияны индукциялау;