• Мое избранное

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі С.Р. Мусиновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
2014 жылғы «___» _________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психтроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психтроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және құрамында Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне (бұдан әрі - Тізім) енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсолар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану тәртібін айқындайды.
Есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану деп құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау, пайдалану, жазып беру, босату, сақтау, бөлу, есепке алу, жою түсініледі.
Елді мекенде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар дәрілік заттар айналысы саласындағы объектілер болмаған жағдайда қамтамасыз ету есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медицина ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) науқастың медициналық құжаттары - сырқатнамасы, амбулаториялық картасы, консультациялық қарау жазба парағы;
2) арнайы рецептілік бланк - құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепт жазып беруге арналған белгіленген нысандағы бланк;
3) сигнатура - құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алудың заңдылығын растайтын белгіленген нысандағы құжат;
4) Тізімнің II Кестесі - медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылауға алынған есірткі және психотроптық заттардың тізімі;
5) Тізімнің III Кестесі - медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға алынған есірткі мен психотроптық заттардың тізімі;
6) Тізімнің IV Кестесі - бақылауға алынған прекурсорлар (есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз дайындауда жиі пайдаланылатын химиялық және өсімдік заттар) тізімі.
2. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану тәртібі
1. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау
3. Денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындауды денсаулық сақтау ұйымының дәрігері жүзеге асырады.
4. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету кезінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жедел медициналық жәрдемнің көшпелі бригадасының дәрігері немесе денсаулық сақтау ұйымының шұғыл жәрдем (үйіне барып жәрдем беру) бөлімшесінің дәрігері тағайындайды.
Ауылдық жерлерде жедел медициналық жәрдемнің көшпелі бригадасында дәрігерлер болмаған жағдайда құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындауды көшпелі бригаданың фельдшері жүргізеді.
Құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың пайдаланылуын ресімдеу науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.
5. Стационарлық емдеуде жатқан науқастарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау медициналық көрсетілімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау бір реттік дозасы, қабылдау (енгізу) тәсілі мен жиілігі, емдеу курсының ұзақтығы, сондай-ақ дәрілік заттарды тағайындаудың негіздемесі міндетті көрсетіле отырып, науқастың медициналық құжаттарында белгіленеді және бөлімше меңгерушісі және/немесе денсаулық сақтау ұйымының басшысы қолымен куәландырады.
7. Басшының міндетін орындайтын бір дәрігер жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарында құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды тағайындауды дәрігер өзі жүзеге асырады.
2. Амбулаториялық және стационарлық науқастарға арналған ұйымдарда құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттар қажеттілігін анықтау
8. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттар қажеттілігі денсаулық сақтау ұйымдарында:
1) медициналық ұйымның дәрілік формулярына сәйкес;
2) аймақтағы ауруға шалдығу динамикасы мен эпидемиологиялық ахуал деректері негізінде;
3) емделген науқастар регистрін есепке ала отырып;
  4) келесі қаржылық жылдың 1 қаңтарына болжамды қалдықты, өткен жылға құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттардың нақты тұтынылуын есепке ала отырып анықталады.   
9. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттар қажеттілігінің есебін осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес денсаулық сақтау субъектілер жүзеге асырады.  
10. Денсаулық сақтау субъектілер облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына ұсынады:
1) жыл сайын 1 наурызға дейін келесі күнтізбелік жылға құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттар қажеттілігінің есептік нормативтерін;  
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін «Бір тоқсан ішіндегі есірткілік дәрілік заттардың нақты шығыны туралы есеп»;  
3) жыл сайын, 1 наурызға дейін «Бір жыл ішіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттардың нақты шығыны туралы есеп» (өткен жылға).
11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін денсаулық сақтау субъектілердің қажеттілік нормативтерін есепке ала отырып, келесі жылға арналған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттар қажеттілігі есебінің жиынтық өтінімін ұсынады.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасына арналған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттар қажеттілігі есебінің жиынтық өтінімін ұсынады.
3. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану  
13. Медициналық мақсаттарда Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының Мемлекеттік тізіліміне егізілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік заттар пайдаланылады.  
14. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.