• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы»
   «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875жарлығына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес   БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған:  
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуді және заңнамада көзделген тәртіппен оны ресми түрде бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялауды.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті, тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаментері осы бұйрықтың жүзеге асырылуы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Т.Ахсамбиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы «__» ______
 №__ бұйрығына
 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі  
Жалпы ережелер  
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешешнінде мемлекеттік инспекция функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Комитет Комитетке тікелей бағынысты және есеп беретін тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменттеріне ие.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауы бар мөрлер мен мөр таңбаларға, белгіленген үгілердегі бланктарға ие.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен келісе отырып Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
6. Комитеттің заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй.
7. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Государственное учреждение «Комитет экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан».
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
10. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәні бойынша Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда осындай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің табысына бағытталады.
11. Комитет келесі басқармалардан тұрады:
Әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы;
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы;
Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасы;
Мұнай-газ кешеніндегі лицензиялау басқармасы;
Экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасы;
Мемлекеттік метрологиялық-талдамалы бақылау басқармасы.
Экологиялық реттеу басқармасы;
Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция және рұқсаттар беру басқармасы.
2. Комитеттің негізгі міндеттері
12. Комитеттің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
2) қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау қызметін ұйымдастыру, жетілдіру, жүзеге асыру мен үйлестіру;
5) эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру;
6) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
7) өз құзыреті шегінде мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, мұнай өнiмдерiн өндiрудi мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
8) көмірсутек шикізатына қатысты жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында бақылауды жүзеге асыру.
3. Комитеттің негізгі функциялары
13. Комитеттің негізгі функциялары: