Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 65-бабының 1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 65-бабының 1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы ____ ___________ № ____ бұйрығымен бекітілген
Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 65-бабының 1-тармағына және «Әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар ормандарды өрттерден күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан, табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз факторлар әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың жалпы кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен оның аумақтық органдары, орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар ұйымдастырады.
3. Орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар (бұдан әрі – орындаушы) жүзеге асырады.
4. Орындаушы мынадай шарттарға сәйкес келеді:
1) ормандағы авиациялық жұмыстарды өздерінің және жалға алынған әуе кемелерімен (бұдан әрі – ӘК) орындау;
2) бақылаушы ұшқыштың қолданыстағы куәлігі бар бақылаушы ұшқыштарының болуы;
3) мамандары оқудан өткен және өрт сөндіруші десантшының қолданыстағы куәліктері, сондай-ақ су ағызатын және жерге түсіру құрылғылармен, өрт сөндіру және радио байланыс құралдарымен жұмыс істеуге рұқсаттары бар десантшылардың өрт сөндіру қызметінің болуы;
4) өрт сөндіру құралдарының - өртке қарсы қол саймандарының, өрт сөндірудің техникалық құралдарының, су ағызатын құрылғылардың болуы;
5) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы орман өрттері туралы ақпаратты жинау және беру жөніндегі диспетчерлік қызметтің болуы;
6) байланыс құралдарының – қысқа толқынды диапазонды, ультра қысқа толқынды авиациялық диапазонды, авариялық-құтқару қызметтерімен және орман иеленушілермен келісілген жұмыс жиіліктеріндегі ультра қысқа толқынды диапазонды радиостанциялардың болуы;
7) ӘК-інің дыбыс тарату станциясының болуы.
5. Орындаушы орман өрттерін сөндіру үшін мамандар, оның ішінде өрт сөндіруші десантшылар даярлау және қайта даярлау кезінде әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бақылаушы ұшқыштардың аттестациясын өткізеді және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
6. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарға:
1) ормандар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өрттерден, орман зиянкестерінен және орман тәртібін бұзушылықтан күзету және қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу;
2) ормандарды өрттерден авиациямен күзету (қарауылдау) және оларды авиацияны қолданып сөндіру;
3) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтау және оның алдын алу;
4) орманның санитариялық жай-күйіне бақылау жүргізу;
5) ормандарды күзету жөніндегі авиациялық және жердегі қызметтердің өзара іс-қимыл;
6) орындаушы филиалдарының жұмысын диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру;
8) қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарын пайдалану;
9) ұшақпен шолып қарау арқылы жүргізілетін орман патологиялық зерттеулер жүргізу;
10) экспедициялық және орман патологиялық зерттеулер жүргізу;
11) Өндірістік құжаттама жүргізу жатады.
7. Орындаушы қызмет көрсететін орман қорының аумағын орман орналастыру кезінде мемлекеттік орман орналастыру ұйымы авиациялық және жердегі орман күзет аудандарына бөлінеді.
8. Орындаушы жүзеге асыратын авиациялық күзет аудандарына орман өрттерін уақтылы байқау және жою қолда бар жерүсті өрт сөндіру күштерімен және құралдарымен қамтамасыз етілмейтін аумақтар жатады.
9. Жердегі күзет аудандарында орындаушының филиалдары авиациямен қарауылдау кезінде орман өрттерінің дер кезінде байқалуын, орман өрттерінің шыққаны, олардың таралуы және отпен күрес жөніндегі шаралар туралы орман иеленушіге хабарлауды қамтамасыз етеді.
10. Аумақтарды авиациялық және жердегі күзет аудандарына жатқызу ормандарды күзету жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындайтын ұйымдардың, уәкілетті органның аумақтық органдары мен мемлекеттік орман иеленушілерінің ұсыныстары негізінде мемлекеттік орман орналастыру ұйымы орман орналастыру кезінде белгіленеді.
11. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау кезінде ұшу сапарлары Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Орман өрттерін жердегі және авиациялық құралдармен сөндіру жұмыстарын орындаушы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып жүргізеді.
2. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібі
13. Орындаушы қызмет көрсететін аумақтарда орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар жүргізуді оның филиалдары жүзеге асырады. Филиал құрамында авиациялық звенолар, авиациялық топтар, авиациялық нүктелер, сондай-ақ бульдозерлермен, автоцистерналармен және өртке қарсы агрегаттармен жарақтандырылатын механикаландырылған жасақтар ұйымдастырылады.
14. Орындаушы қызмет көрсететін аумақтарда тәжірибелік-өндірістік филиалдар ұйымдастырылады.
15. Орман өрттерімен күрес жүргізу үшін орындаушы филиалдарда құрамына тиісінше өрт сөндіруші парашютшілермен және өрт сөндіруші десантшылармен жасақталған өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар командалары мен топтары енетін парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар қызметтерін ұйымдастырады.
16. Өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар командаларын парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар қызметінің аға нұсқаушысы басқарады. Өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылардың санына байланысты филиалдың парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар қызметінің аға нұсқаушысына көмек ретінде парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар командаларының нұсқаушылары тағайындалады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |