• Мое избранное

Отправить по почте

«Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі 
Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықты заңдылықта белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Министр А.Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы « »
 № қаулысымен
 бекітілген
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары  
Жалпы ереже
1. Осы  Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 46-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге уәкілетті мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібін айқындайды.
2. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) жүргізілген диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар береді.
Сараптама актісін 
(сынақ хаттамасын) беру тәртібі
3. Ветеринариялық зертханалардың жануарлардың ауруларына диагностикалық зерттеулер жүргізгенде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі:
1) ілеспе ветеринариялық құжаттағы деректерді тиісті ветеринариялық есепке алу журналына енгізу;
2) биологиялық (патологиялық) материалдарға талдау жасау және қарау;
3) биологиялық (патологиялық) материалдарды арнайы бөлімдерге арнайы зерттеулерді стандарттарға, әдістемелік нұсқаулар, стандарттық операциялық процедуралар жүргізу үшін жөнелту;
4) диагностикалық зерттеулер қорытындысы бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) рәсімдеу және беру.
4. Ветеринариялық зертханалардың орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізгенде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі::
1) ілеспе ветеринариялық құжаттағы мәліметтерді тиісті ветеринариялық есепке алу журналына енгізу;
2) ұсынылған сынамаларға талдау жасау және қарау;
3) сынамаларды стандарттарға, әдістемелік нұсқауларға, стандарттық операциялық процедураларға сәйкес қаупсіздігін анықтау үшін ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу үшін арнай бөлімдерге жөнелту;
4) ветеринариялық-санитарлық сараптама қорытындысы бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеу және беру.
5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық-санитарлық сараптама немесе диагностика нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар осы Қағиданың қосымшасындағы нысанға сәйкес сараптама актісін (сынақ хаттамасын) қағаз жүзінде немесе электронды құжат нысанда береді.
Серологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша сараптама актісімен (сынақ хаттамасымен) қоса әр сынамаға зерттеу нәтижелерін белгілей отырып, «оң жәтиже», «теріс нәтиже» немесе «күмәнді» деген мөртаңба қойылып жануарлардың тізімдемесі ресімделеді.  
6. Ветеринариялық зертханалардың сараптама актісін 
(сынама хаттамасын) беру мерзімі диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізіліп біткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
7. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді зерттеуге ұсынған жеке немесе заңды тұлғаға ветеринариялық зертханалармен немесе электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және
 қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге сараптама актісін
 (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы
сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына
қосымша
Приложение
 к Правилам выдачи акта экспертизы
 (протокола испытаний) подконтрольных государственному
 ветеринарно-санитарному контролю и
 надзору перемещаемых (перевозимых) объектов
Нысан/Форма
Беткі жағы/Лицевая сторона
Сараптама актісі /Акт экспертизы (Сынақ хаттамасы/Протокол испытаний)  
 № _____________ от «____» ___________20__ г
 

Орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді зерттеуге әкелген жеке және заңды тұлғаның атауы және мекен жайы/Наименование и адрес физического или юридического лица владельца перемещаемого (перевозимого) объекта.



Сынама атауы тип, марка, серия/ Наименование образца, тип, марка, серия:



Үлгінің зерттеуге түскен күні/ Дата поступления образца на испытание:



Үлгі алынған күн/ Дата отбора образца



Дайындаушы (ел, фирма) / Изготовитель (страна, фирма):



Партия өлшемі, сынама саны, салмағы / Размер партии, количество проб, масса:



Нормативтік құжатын көрсету/ Обозначение нормативного документ а:



Зерттеулер жүргізілген күн/ Дата проведения испы тани й:

Зерттеулер түрі / Вид испытаний:



Қолданылған бақылау материалдары диагностикумдар/ Примененные контрольные материалы (диагностикумы)



Зерттеулер жүргізілген шарттары/ Условия проведения испытаний:



Сырт жағы/Оборотная страница
   Жүргізілген сараптамалар (зерттеулер) қорытындысы / Результаты экспертизы (испытаний) № __________________:
 

№ п/п

Зерттеулер/сына-ма атауы,

Наименование исследований/ис-пытаний

Зерттеу/сынама әдістемесіне нормативтік құжат/ Нормативный документ на методы исследований/испытаний

Көрсеткіштердің нормадағы мәні/

Нормируемые значения показателей*

Результаты иследований/испытаний



1

2

3

4











-







  Сараптама (Зерттеу) қорытындысы тек зерттелген үлгіге қатысты/Результаты  экспертизы (испытаний) относятся только к испытанным образцам.   
Ескерту/Примечание: * - Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) рәсімделгенде жануарлар ауруларына диагностикалық зерттеу жүргізілгенде толтырылмайды/При оформлении акта экспертизы (протокола испытаний) по проведенным диагностическим исследованиям болезней животных не заполняется.
Уәкілетті тұлғаның (лардың) қолы (қолдары)
  подпись (подписи) уполномоченного(ых) лица  _____________ _______________
қолы/ подпись АӘТ/ ФИО  
ветеринариялық зертхананың мөрі
печать ветеринарной лаборатории
Осы сараптама актісі (сынақ хаттамасын) зерттеу/сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз жартылай немесе толықтай көшіруге тираждауға болмайды/  Настоящий акт экспертизы (протокол испытаний) не может быть полностью или частично воспроизведен или тиражирован без разрешения ветеринарной лабораторий, проводивший исследования/испытания.
Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы _____________ «Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы » бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Р / с

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесi

М емлекеттік органның ақпараты

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8 баб 46-13) тармақшасына сәйкес

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Жобаны қабылдау мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге диагностика немесе ветеринарниялық-санитарлиялық сараптама жүргізетін ветеринариялық зертханалардың сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібін реттеу мақсатында

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актіні және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу № 2100.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-03/472 бұйрығымен күші жойылды

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Қарастырмайды

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қажет етпейді

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

ҚР АШМ Web-сайтында жарияланған www.minagri.gov.kz

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ә.Жеңісов