Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы жобасы туралы
Қазақстан Республикасы «Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы жобасын Қазақстан Республикасының Президентінін қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы»
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы 2010 жылы 29 қазанда Нагояда (Жапония) қабылданған биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына қосылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтың қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРАЛУАНДЫҚ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА ГЕНЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУДАН АЛЫНҒАН ПАЙДАНЫ ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ТЕПЕ-ТЕҢ НЕГІЗДЕ БІРЛЕСІП ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ НАГОЯ ХАТТАМАСЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымы
2010 жыл
БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРАЛУАНДЫҚ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА ГЕНЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУДАН АЛЫНҒАН ПАЙДАНЫ ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ТЕПЕ-ТЕҢ НЕГІЗДЕ БІРЛЕСІП ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ НАГОЯ ХАТТАМАСЫ
Осы Хаттаманың Тараптары,
бұдан әрі «Конвенция» деп аталатын Биологиялық әралуандық туралы конвенцияның Тараптары бола отырып ,
генетикалық ресурстарды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде пайдалану Конвенцияның үш негізгі мақсаттарының бірі болып табылатынына сілтеме жасай отырып және Хаттаманың міндеті Конвенция шеберінде осы мақсатқа қол жеткізу болып табылатынын мойындай отырып,
мемлекеттердің табиғи ресурстарына олардың егемендік құқықтарын тағы да растай отырып және Конвенция ережелеріне сәйкес,
Конвенцияның 15-бабына одан әрі сілтеме жасай отырып,
Конвенцияның 16-19-баптарына сәйкес дамушы елдерде генетикалық ресурстарға құндылық сипатын беру мақсатында зерттеу және жаңашылдық әлеуетін құру үшін орнықты дамуға технология берудің және технологиялық ынтымақтастықтың маңызды үлесін мойындай отырып,
экожүйелер мен биологиялық әралуандықтың экономикалық құндылығы туралы жұртшылықтың хабардар болуы және осы экономикалық құндылықты биологиялық әралуандықты сақтаушылармен әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалану биологиялық әралуандықты сақтаудың және оның құрамбөліктерін орнықты пайдаланудың негізгі ынталандырушысы болып табылатынын мойындай отырып,
генетикалық ресурстарға қол жеткізудің және пайданы бірлесіп пайдаланудың биологиялық әралуандықты сақтау мен орнықты пайдалануға, қайыршылықты жоюға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмек көрсетудегі әлеуетті рөлін, оның өз кезегінде Мыңжылдық бойы даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесетінін мойындай отырып,
генетикалық ресурстарға қол жеткізу мен осындай ресурстарды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалану арасындағы өзара байланысты мойындай отырып,
генетикалық ресурстарға қол жеткізуге және оларды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануға қатысты заңдық айқындылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын мойындай отырып,
генетикалық ресурстарды жеткізіп берушілер мен пайдаланушылар арасында өзара шарттар қойып келісім жасау туралы келіссөздерде тепе-теңдік пен әділеттілікті ынталандырудың маңыздылығын одан әрі мойындай отырып,
генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және пайданы бірлесіп пайдалануды қамтамасыз етуде әйелдердің атқаратын өмірлік маңызы зор рөлін де мойындай отырып және биологиялық әралуандықты сақтау мақсатындағы саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың барлық деңгейінде әйелдердің барынша қатысуы қажеттігін растай отырып,
Генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану туралы конвенцияның ережелерін тиімді түрде жүзеге асыруға қолдау көрсете беруге бекем бел буа отырып,
трансшекаралық сипаттағы немесе алдын ала негізделген келісім беру немесе келісім алу мүмкін емес генетикалық ресурстарды және генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерді қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу үшін жаңашылдық шешім қажеттігін мойындай отырып,
азық-түлікпен қамтамасыз етілу, денсаулық сақтау, биологиялық әралуандықты сақтау және климаттың өзгеру зардаптарын жеңілдету және оларға бейімделу үшін генетикалық ресурстардың маңызы зор екенін мойындай отырып,
ауыл шаруашылығының биологиялық әралуандығының айырықша сипатын, оған тән ерекшеліктерді және айырықша шешімдерді талап ететін проблемаларды мойындай отырып,
барлық елдердің азық-түлік өндіру және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін генетикалық ресурстарға өзара тәуелділігін, сондай-ақ бүкіл дүние жүзінде азық-түлікпен қамтамасыз етілуге қол жеткізу үшін және қайыршылықпен күрес және климаттың өзгеруі тұрғысынан ауыл шаруашылығын орнықты дамыту үшін олардың ерекше сипаты мен маңыздылығын мойындай отырып және Азық-түлік өндіру және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін өсімдіктердің генетикалық ресурстары туралы халықаралық шарттың және осыған байланысты Азық-түлік өндіру және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін генетикалық ресурстар жөніндегі ДАО комиссиясының қағидатты рөлін мойындай отырып,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларын (2005 ж.) және қоғамдық денсаулық сақтау және ден қою шараларын қолдану саласында әзірлікті қамтамасыз ету үшін адам патогендеріне қол жеткізуге кепілдік берудің маңыздылығын ескере отырып,
генетикалық ресурстарға қол жеткізуге және пайданы бірлесіп пайдалануға байланысты басқа да халықаралық форумдардағы ағымдағы жұмысты мойындай отырып,
Биологиялық әралуандық туралы конвенциямен келісіліп әзірленген Азық-түлік өндіру және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін өсімдіктердің генетикалық ресурстары туралы халықаралық шарттың шеңберінде құрылған Генетикалық ресурстарға қол жеткізудің және пайданы бірлесіп пайдаланудың көпжақты жүйесіне сілтеме жасай отырып,
генетикалық ресурстарға қол жеткізумен және пайданы бірлесіп пайдаланумен байланысты халықаралық құжаттар Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бірін-бірі өзара толықтырып отыратын болуға тиіс екенін мойындай отырып,
генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге және осындай білімдерді қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануға қатысты Конвенцияның 8(j)-бабының өзектілігіне сілтеме жасай отырып,
генетикалық ресурстар мен дәстүрлі білімдер арасындағы өзара байланысты, байырғы және жергілікті қауымдар үшін олардың ажырамас сипатын және биологиялық әралуандықты сақтау және оның құрамбөліктерін орнықты пайдалану үшін және осы қауымдардың орнықты тыныс-тіршілігі үшін дәстүрлі білімдердің зор маңызын атап өте отырып,
генетикалық ресурстарға байланысты дәстүрлі білімдерді байырғы және жергілікті қауымдардың сақтау немесе осындай білімдерді игеру мән-жайларының әртүрлілігін мойындай отырып,
байырғы және жергілікті қауымдар өздерінің қауымдарында генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерін заңды түрде жеткізушілерді айқындау құқығына ие екенін еске ала отырып,
елдерде бай мәдени мұраны көрсетіп, ауызша немесе құжатталған немесе өзге түрде болуы мүмкін биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану үшін генетикалық ресурстармен байланысты өзекті дәстүрлі білімдер болатын бірегей мән-жайларды одан әрі мойындай отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Байырғы халықтардың құқықтары туралы декларациясын атап көрсете отырып және
осы Хаттамада ештеңе де байырғы және жергілікті қауымдардың қазіргі құқықтарын кемсітетін немесе теріске шығаратын ереже ретінде түсіндірілмейтінін растай отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Мақсат
Осы Хаттаманың мақсаты генетикалық ресурстарды қолданудан алынатын пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды, оның ішінде генетикалық ресурстарға тиісті қол жеткізуді қамтамасыз ету және осы ресурстар мен технологияларға барлық құқықты ескере отырып, тиісті технологияларды ойдағыдай беру арқылы және осылайша биологиялық әралуандықты сақтауға және оның құрамбөліктерін орнықты пайдалануға жәрдемдесе отырып тиісті дәрежеде қаржыландыру арқылы бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
2-бап
Терминдерді пайдалану

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |