Toggle Dropdown
«Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бекітілсін.
2. «Қалалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 36424 болып тіркелді және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2008 жылғы 27 наурызда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы қыркүйектегі
№ бұйрығымен
бекітілді
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны
1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары - бұл халықты қорғау, соғыс уақытында экономика объектілері жұмысының тұрақтылығын арттыру, ықтимал қираулардың, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарынан халықтың шығынының алдын алу немесе азайту, зақымдау ошақтарында, авариялар және дүлей зілзалалар аудандарында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.
2. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының жалпы талаптарына: қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардан, сондай-ақ авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың салдарынан халықты қорғауды қамтамасыз ету; объектілерде өрт қауіпсіздігін арттыру; электр қуатымен, газбен, сумен резервтік жабдықтауды ұйымдастыру; сумен жабдықтау объектілерін зақымдау құралдарынан қорғау, объектілерді жарықтан қорғауды жүргізуге дайындық және басқалар жатады.
3. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар мен олардың қосалқы факторларының ықтимал әсер етуі бойынша аумақтарды аймақтарға бөлуді ескере отырып, азаматтық қорғаныс бойынша қалалардың топтары мен ұйымдардың санаттарына, сондай-ақ ықтимал авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың сипаты мен көлемдеріне байланысты айқындалады.
Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабымен айқындалады.
4. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары алдын ала әзірленеді және жүргізіледі.
5. Ауа соққы толқыны шебінде артық қысым туындауы ықтимал азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың немесе ұйымдардың аумағы:
10 кПА-ға (0,1 кгс/см²) тең ықтимал қираулар аймағын құрайды;
30 кПа-ға (0,3 кгс/см²) тең және одан да көп қысым шегінде қатты қирауы ықтимал аймақты құрайды.
Қирауы ықтимал және қатты қирауы ықтимал аймақтар шекараларының арасында орналасқан аумақ аз қирауы ықтимал аймақты құрайды.
6. Жобалық құрылыс шекараларынан ықтимал қатты қираулар аймақтарының шекараларын бөлу:
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін – қаланың жобалық құрылысы шегінде;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін (азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаладан тыс орналасқан) – объектінің жобалық шекарасынан 3 шақырым болып айқындалады.
Жобалық құрылыс шекарасынан ықтимал аз қираулар аймағының шекараларын бөлу:
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін – қаланың жобалық құрылыс шекарасынан 7 шақырым;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін (азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан тыс орналасқан) – объектінің жобалық шекарасынан 10 шақырым болып айқындалады.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың немесе санаттарға жатқызылған ұйымның жобалық құрылысының шекарасы жобалау нормаларының талаптарына сәйкес әзірленіп, бекітілген бас жоспар бойынша айқындалады.
7. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың немесе санаттарға жатқызылған ұйымның қирауы ықтимал аймағы осы аймаққа ені 120 шақырым болатын аумақ жолағымен іргелес жатқан қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақты құрайды. Қуаты 4 млн. кВт-ға дейін белгіленген атом станциясы үшін күшті радиоактивті зақымдану (ластану) аймағын ені 120 шақырым аумақ жолағы және қуаты 4 млн. кВт-дан артық қуаты белгіленген атом станциясы үшін 140 шақырымды құрайды.
8. Химиялық қауіпті объектілерге іргелес жатқан аумақтағы күшті әсер ететін улы заттары бар сыйымдылықтар қираған кезде ерітінділері таралып, қорғалмаған адамдарды зақымдауы ықтимал аумақ қауіпті химиялық зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақты құрайды.
9. Ықтимал су басу салдарынан жаппай адам шығыны, ғимараттар мен құрылыстардың қирауы, басқа да материалдық құндылықтардың бүлінуі немесе жойылуы ықтимал апаттық су басу аймағын құрайды.
Ықтимал апаттық су басу аймақтарының көлемі қалалық және ауылдық елді мекендерді, объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін алаңды (күре жолдарды) таңдауға негізделетін материалдарды әзірлеу кезінде айқындалады.
10. Қирауы, химиялық зақымдануы, апаттық су басуы, радиоактивті және биологиялық зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақтан тыс, жергілікті және эвакуацияланған халықтың тіршілік әрекеттері үшін жарамды аймақтарда орналасқан облыстың әкімшілік шекараларының шегіндегі аумақтар қауіпсіз аймақты құрайды.
11. Екі немесе одан да артық аймақтарды салу кезінде олардың сыртқы контурлары бойынша бұл аймақтардың жалпы шекарасы белгіленеді.
12. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары:
Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдардың бас схемасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтардың қала құрылысының кешенді схемаларын жасау кезінде;
елді мекендердің бас жоспарларын, аудандық жоспарлау және аумақтарды, өнеркәсіптік аймақтарды салу схемаларын жасау кезінде;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарды салу, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтау жобаларының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу және бекіту кезінде қажет.
13. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жұмыс істеп тұрған (салынып біткен) кәсіпорындарда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жобалау азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралардың осы көлемі мен мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары әзірленеді және оған тиісті жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау материалдарының түрлері енгізіледі және қажетті негіздемелерімен жүйелі түрде жеке бөлімге (томға, кітапқа) жинақталады.
Әзірленген іс-шаралардың көлемі мен оларды жүргізу мерзімі республиканың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларымен айқындалады.
14. Жаңадан жоспарланған, кеңейтілген, реконструкцияланған қалалық және ауылдық елді мекендер, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жүзеге асырумен байланысты шығындар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады.
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көзделмеген бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы бар азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан кәсіпорындар үшін жобаларға (жұмыс жобаларына) жеке бөлімдер әзірленеді.
15. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын әзірлеуге арналған тапсырмалар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының осы көлемі мен мазмұнының 12-тармағында көрсетілген құжаттарды әзірлеуге арналған тапсырмалардың құрамдас бөлігі болып табылады.
16. «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары» бөлімін әзірлеу:
1) ҚР ҚН 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулық» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес қала құрылысы жобалары;