• Мое избранное
«Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көресітлетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті (С.Т. Құсетов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
 

« КЕЛІСІЛДІ»:

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

__________________ Е . Досаев

2014 жылғы «___» _________



« КЕЛІСІЛДІ»:

Қазақстан Республикасы

Инвистициялар және даму министрі

____________________ Ә . Исекешев

2014 жылғы «___» ______________



Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
бұйрығымен
«Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның төлнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы, «Е-лицензиялау» www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны, лицензияны қайта ресімдеуді қағаз тасымалдағышта алу үшін жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:
1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру кезінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-дан артық емес;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады олар көрсетілетін қызметті алушыға төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
Мемлекеттік қызметтерді алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮТШ) жүзеге асырылуы мүмкін.  
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында түскі асқа үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
1) өтiнiш;
2) жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер нысаны;