Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
| Продукты: |
|
Отправить по почте
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыруды өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыруды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыруды өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген орындарға куәландыруды өткізу қағидалары
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген орындарға куәландыруды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген орындарға куәландыру жүргізудің бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер (бұдан әрі – орман иеленушілер) сүрек дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейiн кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығын анықтау, сондай-ақ толық кесiлмей қалып қойған ағаштарды, тасып әкетiлмеген сүректi және сүрек дайындауды жүзеге асыру кезiнде жерге құламай қисайып қалған ағаштарды анықтау мақсатында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген орындарға куәландыру жүргiзіледi.
3. Куәландыруға рұқсат беру құжаттарында (ағаш кесу билеттерінде) көрсетiлген дайындау мен тасып әкету мерзiмi аяқталған ағаш кесілген барлық орындар жатады.
Сүрек дайындау мен тасып әкетудi кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген жағдайда осы кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғаннан кейін қайталама куәландыру жүргiзiледi.
4. Сүректі босату кезiнде оны тасып әкету басталғанға дейiн орман пайдаланушының өтінімдері бойынша рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген уақытша жинап қою орындарында дайындалған сүрек мөлшерiне куәландыру жүргiзiледi.
Бұл ретте өрт бүлдiрген екпелерде, сондай-ақ дауыл мен жел құлатқан ағаштарды жинап әкету кезiнде ағаш кесу билетінде көрсетілген дайындалған сүректі жинап қою орнында оның мөлшеріне куәландыру жүргiзiледі.
5. Ағаш кесілген орындарды куәландыру сүрек дайындау мен тасып әкетуге берілген ағаш кесу билетінің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап, ал сүрек дайындау мен тасып әкету ағаш кесу билетінде көрсетілген мерзімнен ерте аяқталған жағдайда хабардар етілген күннен бастап
күнтізбелік 30 күн iшiнде жүргiзiледi.
6. Ағаш кесілген орындарды куәландыру күні туралы орман иеленуші орман пайдаланушыны немесе оның өкілін мерзім белгіленгенге дейін
күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
Орман пайдаланушы немесе оның өкілі белгіленген мерзімде келмеген жағдайда орман иеленуші куәландыруды оның қатысуынсыз жүргізеді. Бұл ретте жасалған куәландыру актісі орман пайдаланушыға күнтізбелік 10 күн ішінде жіберіледі.
7. Орман пайдалану қағидаларының және кеспеағаштарды игеру технологиясы талаптарының сақталуын (өскiннiң сақталуы, кеспеағаштарды тазарту) бақылау мақсатында куәландыру қарсыз кезеңде жүргізіледі. Жайсыз климат жағдайлары кезінде (қардың қалың түсуi, өзендердiң тасуы, жолдың бұзылуы) куәландыру орман пайдаланушымен келiсiм бойынша орман иеленушi белгiлейтiн басқа уақытқа ауыстырылады.
8. Ағаш кесілген орындарға куәландыру жүргізу кезінде орман иеленушіде өзімен бірге:
1) рұқсат беру құжаттары (ағаш кесу билеттерi) немесе олардың көшiрмелерi және сүрек жинап қойылатын орындар көрсетiле отырып, куәландырылуға жататын әрбiр кеспеағашқа (мөлдекке) арналған абристер;
2) өлшеу құралдары мен аспаптары (бұрыш өлшеу құралы, өлшеу лентасы, рулетка, өлшеу ашасы);
3) кеспеағаштарды бөлу және таксациялау материалдары (ағаштарды қайта есептеу ведомосы, кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау ведомосы, кеспеағаш қорын алдын ала беру актiсi);
4) куәландыру актiлерiнiң, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың, қайта есептеу ведомостарының, материалдық-ақшалай бағалаудың бланкiлерi болуы қажет.
9. Куәландыруға қатысушы орман пайдаланушыда өзімен бірге:
1) заңды тұлға үшiн:
3) кәсiпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қойған дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк, отындық, өтiмдi шыбықтар мен бұтақшалар) мөлшерi туралы анықтама;
4) белгiленген тәртiппен ресiмделген технологиялық карта;
5) жеке тұлға үшiн:
6) дара кәсіпкер қол қойған дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк, отындық, өтiмдi шыбықтар мен бұтақшалар) мөлшерi туралы анықтама;
7) белгiленген тәртiппен ресiмделген технологиялық карта болуы қажет. 10. Ағаш кесілген орындарды куәландыру нәтижелері орман иеленушiнiң, орман пайдаланушының өкiлдерi және куәландыруға қатысушы барлық адамдар (орман күтуші, орман шебері, орманшы,) қол қоятын актiге енгiзiледi, ол бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылғаны үшін жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. Куәландыру актiсiне куәландыру кезiнде алынған деректерден басқа орман пайдаланушы анықтамасының деректерi бойынша нақты дайындалған кәделік және отындық сүректiң мөлшерi туралы мәлiметтер де енгiзiледi.
Дайындалған сүрек мөлшері туралы анықтама, қайта есептеу ведомостары, абристер куәландыру актiсiне қоса тiркеледi.
11. Куәландыру нәтижелерi бойынша жиынтық деректердi орман иеленушi статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық есептiлiктiң белгіленген нысаны бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарай жоғары тұрған ұйымға ұсынады.
12. Орман пайдаланушыларға бөлiнетiн сүрек дайындау көлемiн дұрыс орналастыру мақсатында орман иеленушiлер әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша барлық санаттағы ормандарда толық кесiлмей қалған ағаштарды, кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген кесу аяқталмаған кеспеағаштарды және осының алдындағы жылдың кесу басталмаған кеспеағаштарын, ал 1 мамырға сондай-ақ берiлген кейiнге қалдыру мерзiмiн ескере отырып, дайындалған, бiрақ мерзiмiнде тасып әкетiлмеген сүрек мөлшерін анықтап, оны кезектi жылдың кеспеағаш қорына есептейді.
13. Куәландыру нәтижелерiнiң есебi әрбiр кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргiзiледi, ол туралы деректер ағаш кесу билетiне жеке жолмен енгiзiледi.
Куәландыруға кеспеағаштармен аралас 50 метрлiк жолақтар да жатады.
14. Ағаш кесілген орындарға куәландыру жүргізу кезiнде кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығы, кеспеағаштарды игеру тәсілдерінің технологиялық карта мен ағаш кесу қағидаларына сәйкестiгi (кеспеағаштар мен сүрек сүйретiп шығаратын жолдардың енi, тиеу алаңдарын, қоймаларды және басқа да қосымша объектiлердi орналастыру, орман шаруашылығын жүргiзу талаптарын сақтау) анықталады.
Куәландыру кезiнде әрбiр кеспеағаш бойынша:
1) кеспеағаш шекарасының және онымен араласып жатқан 50 метрлiк жолақтың жай-күйi, сондай-ақ шекаралық, орамдық, кеспеағаштық және басқа да бағандардың сақталуы;
2) дайындалған сүректiң мөлшерi;
3) тасып әкетiлмеген сүректiң бар-жоғы;
4) тыйым салған уақытта дайындалған және бұтақталған сүректiң мөлшерi;
5) қабығы аршылмаған немесе басқа тәсiлдермен қорғалмаған сүректiң бар-жоғы;
6) толық кесiлмей қалған ағаштардың бар-жоғы;
7)тұқымдықтардың, тұқымдық шоқ ағаштардың және жолақтардың, сондай-ақ кесуге жатпайтын ағаштардың сақталуы;
8) жерге құламай, қисайып қалған ағаштардың бар-жоғы;
9) өскiндердiң, жас екпелердiң және орман дақылдарының сақталуы;
10) кеспеағаштарды тазарту сапасы;
11) ормандарды қалпына келтiру iс-шараларын жүргiзу қажеттiгi және оларды орындау мерзiмдерi анықталады.
Орманды күтiп-баптау мақсатында кесу жүргiзiлген екпелердi куәландыру кезiнде оларды жүргiзу сапасына ағаш өсiру бағасы (ағаштарды кесуге тағайындаудың уақтылығы, қарқындылығы, негiздемесi) берiледi, бұл туралы куәландыру актiсiне белгi қойылады.
Куәландыру кезiнде ағаш тасылатын жолдардың (магистральдардың, жол тармақтарының, жол бөлiктерiнiң) бойында тастап кетiлген сүректiң бар-жоғы да анықталады.
15. Куәландыру үдерісінде бұзушылықтар анықталған жағдайда орман пайдаланушыға белгіленген тәртіппен орман шаруашылығына келтірілген нұқсанды өтеу жөнінде санкциялар қолданылады.
16. Орман пайдаланушылармен түпкiлiктi есеп айырысу үшiн:
1) ағаш кесу билеттерi;
2) нақты дайындалған сүректiң мөлшерiн растайтын ағаш кесілген орындарды куәландыру актiлерi, дайындалған сүректiң мөлшерi туралы анықтамалар негіз болып табылады.
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыруды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органн ың а қпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасын іске асыру мақсатында |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыруды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 514 қаулысы |
| 5. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Қажет етілмейді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылды |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Құқықтық қамтамасыз ету департамент директоры Ә. Жеңісов