Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 13-бабының 18-33) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 13-бабының 18-33) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы ____ ___________ № ____ бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи - мәдени,туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары
| Р/с | Өрт сөндіру құралдары | Құрал-сайман саны | |||
| Келетін адам саны | Турбазаларда (демалушы 100 адамға шаққанда) | ||||
| 6-10 адам | 10-30 адам | 30 адамнан көп | |||
| 1 | Өнімділігі минутына 600-800 литр өрт сөндіру мотопомпалары, дана | - | - | - | 1 |
| 2 | Күректер, дана | 1 | 3 | 5 | 30 |
| 3 | Балталар, дана | 1 | 2 | 3 | 10 |
| 4 | Сабалағыштар, дана | 4 | 8 | 10 | 20 |
| 5 | Қоларалар немесе бензин аралары, дана | - | 1 | 1 | 10 |
| 6 | Арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер, дана | 1 | 3 | 5 | 8 |
| 7 | 12 литр су сиятын шелектер немесе резеңке ыдыстар, дана | 1 | 3 | 5 | 30 |

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |