• Мое избранное

Отправить по почте

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты (бұдан әрі – Шарт) міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады.
3. Шартты мемлекеттік тіркеуді ұзақ мерзімді орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскелері орналасқан жердегі облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі – басқарма) жүргізеді.
4. Тіркелуге ұзақ мерзімді орман пайдаланудың мынадай түрлеріне жасалған шарттар жатады:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау; 
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал өсіру, аң өсіру, омарталар мен ара ұяларын орналастыру, көкөніс өсіру, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану. 
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының ағаш отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу үшін берілетін құжаттар
5. Шартты мемлекеттік тіркеу үшін орман пайдаланушы басқармаға: 
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шартты мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлік комиссия хаттамасының көшірмесін;
3) 3 данада шартты береді.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу
6. Шарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі. 
7. Өтініш беруші осы Қағидаларының 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін бермеген жағдайда тіркеу жүргізілмейді. Тіркеуден бас тарту туралы шешім өтініш берушіге өтініш берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетіліп, жазбаша түрде хабарланады.
Тіркеуші органның шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
8. Журнал жіппен байланады, нөмірленеді, жауапты тұлға қол қояды, мөр басылады. Журнал беттерінің нөмірленуі толассыз. Қарындашпен жазуға, жөндеуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді. Журналда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазба жазылады.
9. Шарт бұзылған жағдайда орман пайдаланушы 10 жұмыс күні ішінде басқармаға жазбаша ақпарат береді. 
4. Мемлекеттік тіркеуді жүргізу мерзімі
10. Өтініш берушінің құқықтарын тіркеу осы Қағидалардың 5-тармағында аталған құжаттар берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 
11. Шарттың мемлекеттік тіркеуден өткізілуі шарттарға қойылатын тіркеу жазбасының мөртабанымен куәландырылады. Шарттағы тіркеу жазбасының мөртабанындағы жазба мөрмен куәландырылады және оған басқарманың басшысы қол қояды. 
12. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда орман пайдаланушылар күнтізбелік 30 күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса беріп, шартты қайта тіркеу туралы өтініш береді.
13. Шарттың мемлекеттік тіркелуі үшін қабылданған құжаттар мен Журнал басқармаларда сақталады. 
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
 ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын
 мемлекеттік тіркеу қағидаларына
 1-қосымша
_______________________________________________________________________ бастығы
________________________________________________________________________________
 (тегі, аты, әкесінің аты)
 ____________________________________________________________________
 (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері)
 ____________________________________________________________________
 (заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері)
 ____________________________________________________________________
 телефон: ______________________
Өтініш
  Мен (біз) ____________________________________________________________
 (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты)
 ____________________________________________________________________
 (заңды тұлға үшін - атауы)
 ____________________________________________________________________
 (тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы және банк деректемелері)
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
жасалған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеуді сұраймын (сұраймыз).
  Өтінішке қоса берілді 1. __________________________________________
  2. __________________________________________
  3. __________________________________________
  20 жылғы « » ___________________________
  (өтініш берушінің қолы)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
 ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын
 мемлекеттік тіркеу қағидаларына
 2-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналы
 

Р/с

Тіркеу нөмірі және күні

Ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының нөмірі және күні

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы

Орман пайдалану түрі

Орман пайдалану орналасқан жер (орман шаруашы-лығы мемлекеттік мекемесі және орманшы-лық)

Тіркелген шартты алған күн (қолы)

Шартты қайта тіркеудің негізі және күні

Шарттың қолданысын тоқтатудың негізі және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9























































Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
 ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын
 мемлекеттік тіркеу қағидаларына
 3-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу нөмірі
Облыстар мен орман иеленушілер мемлекеттік мекемелері бойынша мынадай кодтар беріледі:
 

Ақмола облысы

А

Луговое

11

«Ақ кө л»

01

Мерке

12

«Барап»

02

Мойынқұ м

13

Үлкен түкті

03

Сарысу

14

«Бұқ па»

04

Батыс Қ азақ стан облысы

Д

Ерейментау

05

Ақ жайық

01

Кең ес

06

Бө рлі

02

Краснобор

07

Тайпақ

03

Куйбышев

08

О рал

04

Кіші түкті

09

О рда

05

Маралды

10

Чапаев

06

Отрадное

11

Шыңғы рлау

07

Степногор

12

Январцев

08

Ұ ры мқ ай

13

Қ арағ анды облысы

Е

Көкшетау орман селекциялық орталығы

14

Ақ тоғ ай

01

Сандықтау оқу-өндірісік орман шаруашылығы

15

Жаң аарқа

02

Жасыл аймақ» РМК

16

Қ арағ анды

03

Ақ тө бе облысы

Ә

Қ у

04

Ақ тө бе

01

Темі ртау

05

Үлкен борсық

02

Ұ лытау

06

Қ арабұ тақ

03

Қ останай облысы

Ж

Мә ртө к

04

Арақ арағ ай

01

Темі р

05

Басаман

02

Ойыл

06

Боровской

03

Қобда

07

Камышин

04

Алматы облысы

Б

Михайлов

05

Алакө л

01

Пригородное

06

Бақ анас

02

Семиозер

07

Бө рлі тө бе

03

Таранов

08

Жаркент

04

Ұ зы нкө л

09

Жоңғ ар

05

Урицкое

10

Қ аскелең

06

Усаков

11

Кеген

07

Қ ызылорда облысы

З

Кү рті

08

Арал

01

Нарынқ ол

09

Жалағ аш

02

Талдық орғ ан

10

Жаң ақ орғ ан

03

Ү йгентас

11

Қ азалы

04

Ұ йғы р

12

Қ армақшы

05

Ү штө бе

13

Қ ызылорда

06

Шелек

14

Сырдария

07

«Қ ызыл жиде»

15

Шиелі

08

Алматы орман селекциялық орталығы

16

Маңғы стау облысы

И

Атырау облысы

В

Бейнеу

01

Атырау

01

Сам

02

Индер

02

Павлодар облысы

К

Құ рманғ азы

03

Максим Горький

01

Шығыс Қ азақ стан облысы

Г

Павлодар

02

Асубұ лақ

01

Ү рлі тө бе

03

Үлкен н арым

02

Солтүстік Қ азақ стан облысы

Қ

Верх-Уба

03

«Ақ ан с ері »

01

Зайсан

04

Аққ айың

02

Зырян

05

Булаев

03

Кү рші м

06

Бұ рлық

04

Кіші о ба

07

Есі л

05

Марқ акө л

08

Жамбыл

06

Пихта

09

Қ ызылжар

07

Риддер

10

Мамлют

08

Самара

11

Орлиногор

09

Өскемен

12

Преснов

10

Черемшан

13

Сергеев

11

Жамбыл облысы

Ғ

Соколов

12

Ақ кө л

01

Оңтүстік Қ азақ стан облысы

Л

Ақ ыртө бе

02

Арыс

01

Байзақ

03

Бадам

02

Бурылбайтал

04

Бора лдай

03

Жамбыл

05

Оты рар

04

Жуалы

06

Созақ

05

Қ арақоңы з

07

Тү ркі стан

06

Кө ктерек

08

Шардара

07

Қ ордай

09

«Жасыл желек»

08

Қ осқұ дық

10





Орман пайдалану түріне байланысты шарт нөмірі мынадай цифрларды қамтиды:
1) сүрек дайындау - 01;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау - 02;
3) жанама орман пайдалану (шөп шабу – 03/1, мал жаю – 03/2, марал өсіру – 03/3, аң өсіру – 03/4, омарталар мен ара ұяларын орналастыру – 03/5, көкөніс өсіру – 03/6, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру – 03/7, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат – 03/8, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер – 03/9, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс – 03/10 дайындау және жинау);
4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану – 04; 
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану - 05;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану - 06;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану - 07.
Журналда мынадай жазба жазылады: 
А-01-01/001, 
1) мұнда алғашқы А әрпі – облысты білдіреді;
2) 01 цифрлары – орман иеленушінің атауын білдіреді;
3) 01 цифрлары – орман пайдалану түрін білдіреді;
4) 001 цифрлары – журнал бойынша реттік тіркеу нөмірін білдіреді.