• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 56

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысы

Редакция 18.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875  және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898  жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже  (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің обаға қарсы станциялары – мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
6) «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
7) «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
  • 1
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті осы қаулыға 4-қосымшада  көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті осы қаулыға 5-қосымшада  көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Осы қаулыға 6-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері мен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері бірігу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
5. Мыналар:
1) осы қаулыға 7-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің;
2) осы қаулыға 8-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық жер инспекциялары – мемлекеттік мекемелерінің функциялары мен өкілеттіктері жергілікті атқарушы органдарға беріліп, таратылсын.
6. Осы қаулыға 9-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
  • 1
8. Осы қаулы:
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 909 Қаулысымен
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.12.2020 жылғы № 813 Қаулысына сәйкес (23.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.04.2021 жылғы № 233 Қаулысына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 74) тармақшасын;
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 262-3) және 262-4) тармақшаларын;
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 23-1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 1011 қаулысымен
бекітілген
  • 30
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 38 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 237 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2015 жылғы № 359 Қаулысымен (15.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.06.2015 жылғы № 425 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2015 жылғы № 481 Қаулысымен (09.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 563 Қаулысымен (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.09.2015 жылғы № 755 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1100 Қаулысымен (08.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1160 Қаулысымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы № 17 (28749) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.01.2016 жылғы № 39 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.05.2016 жылғы № 295 Қаулысымен (29.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2016 жылғы № 413 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 487 Қаулысымен (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.09.2016 жылы № 172 (28900) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 497 Қаулысымен (29.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2016 жылғы № 768 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысымен (05.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.02.2017 жылғы № 70 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2017 жылғы № 71 Қаулысымен (15.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.02.2017 жылғы № 81 Қаулысымен (17.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.05.2017 жылғы № 299 Қаулысымен (18.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысымен (26.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.11.2017 жылғы № 774 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 881 Қаулысымен (25.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.02.2018 жылғы № 79 Қаулысымен (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2018 жылғы № 200 Қаулысымен (23.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 420 Қаулысымен (17.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 688 Қаулысымен (17.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді  ҚР Үкіметінің 01.11.2018 жылғы № 704 Қаулысымен (26.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді  ҚР Үкіметінің 07.12.2018 жылғы № 816 Қаулысымен (01.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 936 Қаулысымен (07.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 909 Қаулысымен (07.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2019 жылғы № 213 Қаулысымен (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 251 Қаулысымен (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілдіҚР Үкіметінің 25.06.2019 жылғы № 432 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2019 жылғы № 497 Қаулысымен (25.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.07.2019 жылғы № 501 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2019 жылғы № 561 Қаулысымен (12.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2019 жылғы № 935 Қаулысымен (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2019 жылғы № 955 Қаулысымен (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.01.2020 жылғы № 13 Қаулысымен (20.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2020 жылғы № 166 Қаулысымен (29.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.04.2020 жылғы № 223 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2020 жылғы № 465 Қаулысымен (20.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2020 жылғы № 582 Қаулысымен (23.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.10.2020 жылғы № 701 Қаулысымен (15.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.12.2020 жылғы № 813 Қаулысымен (23.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (02.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2021 жылғы № 175 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.04.2021 жылғы № 233 Қаулысымен (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2021 жылғы № 245 Қаулысымен (12.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 381 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 430 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2021 жылғы № 665 Қаулысымен
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2021 жылғы № 928 Қаулысына сәйкес (23.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мынадай:
1) мемлекеттік жоспарлау, салық, бюджет және кеден саясаты, инвестициялар тарту жөніндегі саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, жарнама, аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар, қоғамдық маңызы бар нарықтар, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;
2) өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу, агломерацияларды дамыту;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.04.2023 жылғы № 297 Қаулысына сәйкес (13.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3) аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарды мемлекеттік реттеу және бақылау, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау;
4) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру;
5) стратегиялық, бақылау, іске асыру және реттеу функциялары салаларындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.02.2023 жылғы № 133 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2. Министрліктің мынадай ведомствосы бар: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2024 жылғы № 864 Қаулысына сәйкес (29.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.10.2022 жылғы № 814 Қаулысына сәйкес (18.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы № 834 Қаулысына сәйкес (12.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.