• Мое избранное
«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 3 қазандағы № 10749 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік қорғау министрлігі
2014 жылғы 11 қыркүйектегі
 № 03-28/653/И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
1) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасының 9-тармағындағы көрсетілетін қызметті алушының Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің кеңсесі арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсыруына қатысты төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:  
«тестілеу мен әңгімелесуден өту күні мен уақыты (ол құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша тестілеуге және тестілеу нәтижесі бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда);»
Көрсетілетін қызметті алушыға тестілеу мен әңгімелесуді өткізу күні туралы толық ақпаратты беру мақсатында.
2) «Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасының 8-тармағының 1-тармақшасында «біліктілік емтиханы» деген сөздер «тестілеу» деген сөзбен ауыстырылсын.
Сертификат тестілеу мен әңгімелесуден оң нәтижемен өткен кезде берілетініне байланысты.  
Басқарма мүшесі Е. Никитинская