• Мое избранное

Отправить по почте

«Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік туралы» Заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 3 қазандағы № 10766 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрлігі
2014 жылғы 10 қыркүйектегі шығыс
 № 25-2/54-И хатқа
 2014 жылғы 30 қыркүйектегі шығыс
 № 28-1/96--И хатқа
«Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын (бұдан әрi - заң жобасы) қарап, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі - Ұлттық палата) бiрнеше жеткiзушiнi таңдау, жосықсыз қатысушылардың тiзбесін жүргiзу, мемлекеттік - жеке меншік жобаны іске асыру мерзімдерін айқындау критерийлері мәселелерін реттеуге қатысты ескертулер, сондай-ақ мемлекеттiк – жеке меншік әрiптестiктегі Ұлттық палатаның рөлі және Ұлттық палатаның 2014 жылғы 29 тамыздағы № 9318, 2014 жылғы 26 қыркүйектегi №10493 хаттарында көрсетілген дербес заң жобасын әзірлеу мәселесінен басқа өзге ұсыныстар жұмыс тәртібінде пысықталғанын хабарлаймыз.
ҚР Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2014 жылғы 12 қыркүйектегі 339-отырысының қорытындысы бойынша ВАК мүшесі – Ұлттық палатамен ерекше пiкiр шығарылды (ҰКП 2014 жылғы 16 қыркүйектегi №9947 хаты), оған сәйкес Заң жобасының нормаларын, дербес Заң жобасын әзірлемей, Кәсіпкерлік кодексінің жобасындағы бөлім түрінде көрсету ұсынылды.
Кодекс мемлекеттік қолдаудың ерекше түрін - мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) институтын енгізу арқылы кәсіпкерлік қызметін ынталандыру жолымен мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталған екендігін белгілейміз.
Тиiсiнше, МЖӘ қатысу нысандары, МЖӘ жүргізу ерекшеліктері, МЖӘ қаржыландыру және қолдау көрсету мәселелерін реттеу Кодекстiң реттеу мәнімен тiкелей өзара байланысты.
Заң жобасы бойынша басқа ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
Өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаментінің директоры Д. Ткаченко