Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 қазандағы № 465 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 20 тамыздағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 қыркүйекте № 9742 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 29.11.2016 жылғы № 679 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1.«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8096 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 ақпандағы № 61 (28000) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жасылсын:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ережесінің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаевқа)
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіпте жариялануын;
3)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Е. Иманғалиев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |