Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 936 Қаулысына сәйкес
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiліп отырған:
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің аумақтық органы – мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы»;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері құрылсын.
3. Мыналар:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі комитеттерінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ведомстволары осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2015 жылғы № 100 Қаулысымен (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берсін;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 17), 23), 52), 101), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 117), 118), 119), 150), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183), 184), 185), 186), 187), 188), 189), 190), 191), 192), 193), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 202), 203), 204), 205), 206), 207), 208), 209), 210), 211), 212), 213), 214), 215), 216), 217), 218), 219), 220), 221), 398), 401), 407), 408), 411), 438), 449), 450), 451), 452) және 456) тармақшаларын және 17-тармағының 64) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2017 жылғы № 415 Қаулысына сәйкес (23.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2017 жылғы № 662 Қаулысына сәйкес (21.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереженің 16-тармағының 77) тармақшасы 2014 жылғы 21 қарашаға дейін қолданыста болады, Ереженің 16-тармағының 230), 453), 454) және 455) тармақшалары және 17-тармағының 414), 415) және 416) тармақшалары Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болады.
Ереженің 16-тармағының 71-3), 71-4) тармақшалары және 17-тармағының 30-4) тармақшасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Ереженің 17-тармағының 191-2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне көлік мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Ереженің 16-тармағының 158) тармақшасы және 17-тармағының 106-3) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін, 17-тармағының 110) тармақшасы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
7-тармақ бесінші бөлікпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру; уранды өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу; экспортты ілгерілету салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.06.2016 жылғы № 353 Қаулысына сәйкес (07.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.12.2016 жылғы № 804 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.02.2017 жылғы № 70 Қаулысына сәйкес (15.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Министрліктің Инвестиция комитеті;
2) Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;
3) Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
4) Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;
5) Министрліктің Автомобиль жолдары комитеті;
6) Министрліктің Азаматтық авиация комитеті;
7) Министрліктің Көлік комитеті;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.06.2016 жылғы № 353 Қаулысымен (07.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысымен (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
10) Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.
2-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 15.02.2017 жылғы № 70 Қаулысына сәйкес
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |