Toggle Dropdown
«Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-18)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдауға рұқсат беру қағидасы жана редакцияда бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы
№ бұйрығымен
бекітілді
Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары
1. Осы Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары
(бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі – Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат беру куәлігі);
2) автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы – автокөлік құралын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат беру карточкасы);
3) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік етуші, жүктерді тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін заңды немесе жеке тұлға.
2. Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі
4. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауларын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушыларға мынадай талаптар қойылады:
1) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі және халықаралық автомобильмен тасымалдауды регламенттейтін халықаралық конвенцияларға және келісімдерге сәйкес келетін, сондай-ақ техникалық регламенттер талаптарына жауап беретін көлік құралдарының бар болуы;
2) автомобиль көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттардың бар болуы;
3) автокөлік құралында кезеңдік тексеруді (инспекцияны) өткен тахографтың бар болуы;
4) автокөлік құралдарының жүргiзушiлерімен еңбек және тынығу режимiн сақтауын қамтамасыз ету;
5) автокөлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу.
5. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органмен берілетін халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасы негізінде жүзеге асыралады.
6. Рұқсат беру куәлігін және рұқсат беру карточкасын алу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы немесе «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тасымалдаушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы рұқсат беру куәлігі мен рұқсат беру карточкасын алу үшін өтiнiштi;
2) автокөлік құралдарын жалға алу шартының көшірмесі (автокөлік құралдарын жалға алған кезде);
3) тахографты кезеңдік тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмесі;
4) рұқсат беру куәлігін алған жағдайда рұқсат беру куәлігінің берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеуді растайтын құжатты.
7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң Көлiктiк бақылау органдары (бұдан әрі – аумақтық органдары) оған құжаттары қоса берілетін өтінішті берілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қарайды, оның қорытындылары бойынша тасымалдаушыға рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасы немесе бас тарту себебін көрсете отырып дәлелді жауап беріледі.
8. Аумақтық органдар рұқсат беру куәлігін және рұқсат беру карточкасын мынадай жағдайларда бермейді:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде;
2) сол бір автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат беру карточкасы бары анықталған жағдайларда;
3) міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде автокөлік құралдардың міндетті техникалық қарап тексеруден уақтылы өту туралы мәліметтердің болмауы;
4) қолданылу мерзімі өткен тахографты кезеңдік тексеру (инспекция) туралы куәлігін ұсыну.
9. Автокөлік құралдарының паркі ұлғайтылған кезде тасымалдаушы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
10. Рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасының мерзімі шектелмеген. Жалға алынған автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасының қолданылу мерзімі жалға алу шартының мерзіміне байланысты айқындалады.
11. Рұқсат беру карточкасы әрбір автомобиль тартқышқа және жартылай тіркемеге немесе тіркемеге бөлек ресімделеді.
12. Рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасының қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде жеке кәсіпкердің қызметі таратылғанда немесе тоқтатылғанда;
2) автокөлік құралдарының тіркеу деректері өзгергенде;
3) автокөлік құралдарының жалға алу мерзімі өткенде.
13. Рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасы қатаң есептегі бланкі болып табылады және басқа тасымалдаушыларға беруге жатпайды.
14. Рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасын жарамсыз болып табылады және мынадай жағдайда ауыстыруға жатады:
1) Рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасы жоғалған, бүлініп қалған;
2) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстырған жағдайларда беріледі.
15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа рұқсат беру куәлігін және рұқсат беру карточкасын алу үшін аумақтық органдар өтінішті берілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қарайды.
16. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасын алу үшін тасымалдаушы мыналарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;
2) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасы жоғалғаны және жарамсыздығы туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;
3) бүлiнiп қалған жағдайда – бүлінген немесе зақымдалған рұқсат беру куәлігі және рұқсат беру карточкасы;
4) рұқсат беру куәлігі берілгені үшін мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат.
Автомобильмен тасымалдаушыларға
халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды
жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
___________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға
РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ
Тіркелу № ________ 20___ жылы ______________
Куәлік иесі___________________________________________________________
(ұйымдастыру – құқықтық нысаны және заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы) _____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы __________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – заңды мекенжайына _____________________________________________________________________________________________
жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты жерінің мекенжайы) _____________________________________________________________________________________________
Осы куәлік иесі халықаралық жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыруға жіберілгенін растайды.
МО ______________________________________ _____________
(мемлекеттік органның басшысының қолы) (Т.А.Ә.)
Автомобильмен тасымалдаушыларға
халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды
жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ КАРТОЧКАСЫ
(ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА)
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Рұқсат беру куәлігіне тіркеу ________ 20 __ жылғы ____ __________ №
Жарамды 20 __ жылғы _____ ________
Жүк автомобилінің маркасы: ___________________________________________
Тіркелу белгісі № _____________________________________________________
Куәлік иесі: ________________________________________________________________________________________________________________________________________МО ____________________________________ _______________________
(мемлекеттік органның басшысының қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе: Жолды толтыру кезінде «Жарамды» жалға алу шарты бойынша – оның қолданыс мерзімінің аяқталуы, жүк автомобилін пайдаланған жағдайда рұқсат беру карточкасының қолданысының аяқталуы қойылады. Рұқсат беру карточкасының тіркелу нөмірі Куәліктің толық қолданыс мерзімінде сақталады.
Автомобильмен тасымалдаушыларға
халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды
жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
_________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат беру карточкасын алуға
________________________________________________________________________________________________(жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат беру карточкасын мынадай автокөлік құралдарына беруді өтінемін мына жағдайда:_______________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
| р/с
№ | Автокөлік құралының маркасы | Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі | Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖСН/БСН __________________________________________________________________________________
Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу куәлігі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік туралы анықтамасы ______________________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________________________________ (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:_______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________ _________________________________
Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ___________________________
Мөрдің орны: 20 ___ жылғы «____» __________ 20 ___ жылғы «____»
_______ өтініш қарауға қабылданды
____________________________________________________________________
(Мемлекеттік органның жауапты адамының Т.А.Ә., қолы)
«Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрық жобасына анықтама-негіздеме
| Р/с № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2 | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-18)-тармақшасына сәйкес |
| 3 | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, дәлелдері және акт неге байланысты қабылданды) | Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және автокөлікқұралдарына рұқсат ету карточкасын беру тәртібін анықтау үшін |
| 4 | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту және толықтыру туралы ұсыныс әзірлеу немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17- тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6 | Осы нормативтік құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Көздемейді |
| 7 | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылды |
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін). | Жоқ |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаментінің директоры М. Елеусіз
2014 жылғы «____» _________