«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Рұқсаттар мен хабарламалардың Мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Рұқсаттар мен хабарламалардың Мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Жалпы ережелер
Осы Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы
16 мамырдағы (бұдан әрі - Заң), «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы
11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес әзірленген және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары және оның функционалдық міндеттері тәртібін белгілейді.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
ақпараттық жүйелерді интеграциялау – ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі
іс-шаралар;
ақпараттандыру саласындағы оператор (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
қағаз тасығышта берілетін рұқсат – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде рәсімделген, қағаз тасығышта немесе нөмірленген қатаң есептеме бланкісінде басып шығарылған рұқсат;
мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;
өтініш – рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны алуға, қайта рәсімдеуге, қолданысын ұзартуға, қолданысын тоқтатуға, қолданысын тоқтата тұруға, қолданысын жаңартуға, телнұсқасын алуға, мәліметтерін түзетуге рұқсат беру органына өтініш иесімен жолданатын электрондық немесе қағаз нысанындағы құжат;
өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
рұқсат құжаттар тізілімі – лицензиялар және екінші санаттағы рұқсаттар, олардың мәртебелері және осы құжаттармен жасалған әрекеттер тарихы туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің бөлігі;
рұқсаттың электрондық нысаны (электрондық құжат нысанындағы рұқсат, электрондық рұқсат) – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып рәсімделетін және алынатын, қағаз тасығыштағы рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, «электрондық үкіметтің» құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің сыртқы порталы (бұдан әрі – сыртқы портал) – лицензиялау, рұқсат беру рәсімдер және хабарлама беру тәртібі бөлігіндегі қызметтерге азаматтарға және бизнеске Интернет желісі арқылы бірыңғай қолжеткізу нүктесін ұсынатын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің ішкі порталы (бұдан әрі – «ішкі портал») – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік органдардың Бірыңғай көлік ортасы арқылы немесе қорғалатын байланыс арналарын қолданумен субъектілер тізілімін жүргізетін рұқсат беру органдары және мемлекеттік органдар тарапынан рұқсат беру және хабарлама беру процестерін қамтамасыз ететін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта рәсімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;
сәйкестендіру нөмірі –осы Жүйеде құрылған электрондық құжатқа Жүйемен берілетін нөмір;
сыртқы порталды пайдаланушының жеке кабинеті – Жүйенің сыртқы порталының тіркелген пайдаланушысының автоматтандырылған жұмыс орны;
сыртқы порталда тіркелу - субъекті, оның лауазымды тұлғаларын және мүдделі тұлғаларды лицензиялаудың, рұқсат беру рәсімдерінің және хабарлама беру тәртібінің процестерін Жүйенің сыртқы порталында жүзеге асыруда қатысуға жіберу;
сыртқы порталдың авторланған пайдаланушысы – Жүйенің сыртқы порталында тіркелген және авторланған субъект, оның лауазымды тұлғасы немесе олардың өкілі;
сыртқы порталдың авторланбаған пайдаланушысы – Жүйенің сыртқы порталындағы ақпараттық ресурстарға жүгінген және авторланудан өтпеген жеке немесе заңды тұлға немесе олардың өкілі;
тарихи деректер – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;
форматты-логикалық бақылау – қабылдау және жөнелту кезінде жүргізілетін құжатты форматтық талаптарға сәйкестігін тексеру;
хабарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша өтініш беруші жасаған, қызметтің немесе әрекеттің жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретін құжат;
хабарлама берген субъектілер тізілімі – қызметті немесе белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама берген субъектілер туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің бөлігі;
хабарлама берген субъект – қызметті немесе әрекетті бастағаны және тоқтатқаны туралы хабарламаны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
халыққа қызмет көрсету орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
ішкі порталда тіркелу – мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасын лицензиялаудың, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама беру тәртібінің процестерін Жүйенің ішкі порталында жүзеге асыруда қатысуға жіберу;
электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
электрондық құжаттың форматы - электрондық құжаттың қалыптастырылған негізінде электрондық хабарламаның мағыналы бөлігінің құрылымы;
электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі -ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
электрондық құжаттың матрицалық коды (матрицалық код) – құжатты ұсыну нысанына салынатын, оны техникалық құралдармен оқу мүмкіндігін ұсынатын XML форматтағы электрондық құжат туралы графикалық ақпарат;
электрондық құжатты ұсыну нысаны – электрондық құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) толық көрсететін және матрицалық кодты қамтитын PDF форматындағы файл;
XML форматы (ағылш. eXtensible Markup Language) — белгінің кеңейтілетін тілі - Бүкіләлемдік тордың Консорциумымен (W3C) ұсынылған белгі тілі.
Лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама беру процестерін автоматтандыру келесі мақсаттармен жүзеге асырылады:
рұқсаттарды алу, хабарламаларды беру рәсімдерін жеңілдету;
лицензиялауды, рұқсат беру рәсімін жүзеге асырған кезде әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, мемлекеттік органдардың келісуші бөлімшелер санын қысқарту, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының ішкі өзара іс-қимылын регламенттеу;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық іс-қимылын қамтамасыз ету;
лицензиялар, екінші санаттағы рұқсаттар мен хабарламалар туралы мәліметтерді жүйелеу.
Келесі процестерді автоматтандыру Жүйенің функционалдық міндеттері болып табылады:
лицензиялау, рұқсат беру рәсімі барысында өтінішті беру және қарау;
рұқсат құжаттардың тізілімін қалыптастыру;
хабарлама берген субъектілердің тізілімін қалыптастыру.
Лицензиялау, рұқсат беру рәсімі барысында өтінішті беру және қарау процесі келесі операциялардан тұрады:
өтінішті электрондық түрде беру;
қағаз тасығышта түскен өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу;
өтініштерді қарау;
өтініш иелеріне өтініштерді қарау нәтижесін беру.
өтініштерді қараудың оң нәтижесін автоматты түрде рұқсат құжаттарының тізіліміне енгізу;
Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау нәтижесін рұқсат құжаттарының тізіліміне енгізу;
рұқсат беру органының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе үнемі болмаған жағдайда рұқсат құжаттарының тізілімінің тарихи деректермен толтыру;
рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта рәсімдеу, қолданысын тоқтата тұру, күшін жою, қолданысын ұзарту, қайта жаңарту және қолданысын тоқтату.
Хабарлама берген субъектілер тізілімін құру процесі келесі операциялардан тұрады:
хабарламаларды беру;
хабарламаларды беру нәтижелерін автоматты түрде хабарлама берген субъектілердің тізіліміне енгізу;
хабарлама беру тәртібін жүзеге асыратын органдардың рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе үнемі болмаған жағдайда хабарлама берген субъектілердің тізілімін тарихи деректермен толтыру;
субъектіні рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен шығару, хабарлама берген субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта жаңарту.
Лицензиялау, рұқсат беру немесе хабарлама беру рәсімдері аясында өтінішті беру функциясы ЭЦҚ қолдануымен электрондық түрде Сыртқы портал арқылы жүзеге асырылады.
Лицензиялау, рұқсат беру рәсімі және хабарлама беру тәртібі процестерін жүзеге асыру мемлекеттік органдармен электрондық түрде Жүйенің сыртқы порталы арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік органда өз ақпараттық жүйесі болғанда, аталған процестері осы жүйеде оны Жүйемен интеграциялаған жағдайда жүзеге асырылады.
Барлық электрондық құжаттар Жүйеде XML форматында қалыптастырылады.
Лицензиялаудың, рұқсат беру рәсімдерінің және хабарлама беру тәртібінің бизнес –процестерін автоматтандыру бөлігінде Қағидалар Жүйенің функцияларының толық құрамын қамтиды. Осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда Жүйенің функцияларын кеңейтуге рұқсат етіледі.
Жүйенің ұйымдастырылу және жұмыс істеу тәртібі
Лицензиялаудың, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама беру тәртібінің процестерін автоматтандыру шеңберінде Жүйеде келесі электрондық құжаттардың түрлері қалыптастырылады:
өтініштер;
хабарламалар;
өтініштерді қарау процесінде өтініш берушілерге жолданатын хабарламалар;
өтініштерді қарау процесінде қосымша мәліметтерді ұсынуды сұрауға өтініш берушілердің жауабы;
рұқсаттар;
өтініштерге дәлденген бас тартулар;
рұқсатты беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салулар;
мемлекеттік органдардың келісу-жауаптары;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу процесінде рұқсат иелеріне немесе хабарлама берген субъектілерге жолданатын хабарламалар.
Жүйемен қалыптастыралатын әрбір рұқсат беру құжатына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Жүйемен құрылған сәйкестендіру нөмірі беріледі.
Жүйеде электрондық құжаттарды ұсыну нысандарын жүктеу және басып шығару мүмкіндігі бар.
Жүйеде өтінішті, өтінішті қабылдау туралы хабарламаны, дәлелденген бас тартуды, хабарламаны, өтініш берушіге жауапты ұсыну нысандары осы Қағидалардың 2-6-қосымшаларында келтірілген үлгілі нысандарына сәйкес қалыптастырылады.
Сыртқы порталдың авторланбаған пайдаланушыларына келесі функцияларды пайдалану мүмкіндігі ұсынылады:
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ашық қол жеткізудегі мәліметтерін іздеу және қарап шығу;
рұқсатты алу және хабараманы жүзеге асыру шарттары туралы ақпаратты қарап шығу.
Сыртқы порталдың авторланған пайдаланушыларына жеке кабинеті арқылы келесі әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі ұсынылады:
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ашық қолжеткізудегі мәліметтерін іздеу және қарау;
рұқсаттарды алу шарттары және хабарламаларды жүзеге асыру туралы ақпаратты қарау;
рұқсатты алуға электрондық өтініш беру;
қағаз нысанындағы рұқсатты электрондық форматқа көшіруге өтініш беру;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарында көзделген рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны қайта рәсімдеуге, қолданысын ұзартуға, қолданысын тоқтатуға, қолданысын тоқтата тұруға, қолданысын жаңартуға, рұқсаттың телнұсқасын алуға, мәліметтерін түзетуге өтініш беру;
өтініш беруші берген өтініштердің қарау мәртебесін қарау;
өтініш беруші берген өтінішті қарау барысында мемлекеттік органдар жолдаған электрондық хабарламаларды қарау (тестілеуге келу, өтініш бойынша қосымша мәліметтерді ұсыну, лицензиялық немесе рұқсат беру алымды төлеу қажеттілігі туралы және басқа мәліметтер);
өтінішті қарау барысында рұқсат беру органына түскен сұрауға жауапты электрондық нысанда жолдау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді ұсыну, сынақтамаға келуін растау, лицензиялық немесе рұқсаттық алымды төлеу туралы түбіртекті жолдау және басқа әрекеттер);
лицензиялық және рұқсат берудің алымын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу (электрондық өтініш беру барысында);
өтініштерді қарау нәтижесінде рұқсат беру органымен берілген электрондық құжаттарды қарау;
қызметтің басталуы туралы хабарлама беру;
қызметтің (әрекеттің) тоқтатылуы туралы, деректерді өзгерту туралы хабарлама беру;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу барысында жолданған мемлекеттік органдардың электрондық хабарламаларын қарап шығу (рұқсаттың қолданысын тоқтату (жою), тоқтата тұру, қайта жаңарту туралы, субъектіні хабарлама берген субъектілер тізілімінен шығару, субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта жаңарту туралы).
Жүйенің ішкі порталына қолжеткізу үшін мемлекеттік орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға және Операторға рұқсат беру рәсімдерін, лицензиялауды және хабарлама беру тәртібін жүзеге асыруға жауапты тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады. Осы ақпаратты алғаннан кейін Оператор мемлекеттік органдар пайдаланушыларының ішкі порталымен жұмысын қамтамасыз ету үшін он күн ішінде тіркелу жазбаларды құрады.
Жүйенің ішкі порталы пайдаланушыларға мемлекеттік органдар қызметкерлерінің өкілеттілігі шегінде келесі қызметтерді ұсынады:
рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен белгіленген қол жеткізу құқықтарына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;
қағаз тасығышта түскен өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу;
өтініштерді тіркеу және қарау;
өтініштерді іздеу және қарау;
өтініштерді қарау барысында құрылатын құжаттарды (хабарламаларды, өтініш берушілердің қосымша мәліметтерді сұрауға жауаптарын, дәлелденген бас тартуларды, мемлекеттік органдарға сұрауларды, мемлекеттік органдардан келісу-жауаптарды) іздеу және қарап шығу;
Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсат құжаттар тізіліміне енгізу;
рұқсат беру органының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе үнемі болмаған кезінде рұқсат беру құжаттары тізілімін тарихи деректермен толтыру;
рұқсаттың немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта рәсімдеу, тоқтата тұру, жою, ұзарту, жаңарту, қолданысын тоқтату және айыру (кері қайтару);
хабарлама беру тәртібін жүзеге асыратын органдардың рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе үнемі болмаған жағдайда хабарлама берген субъектілердің тізілімін тарихи деректермен толтыру;
субъектіні рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен шығару, хабарлама берген субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта жаңарту.
Жұмыс істемейтін уақытта жасалатын техникалық үзілістерді қоспағанда, сыртқы және ішкі портал тәуліктік режимде қолжетімді.
Рұқсат беру және хабарламалық бақылауды автоматтандыру функциясын іске асыру үшін мемлекеттік органдар қызметті тоқтата тұру, қайта жаңарту, тоқтату (жою, шығару) туралы электрондық хабарламаларды Жүйеде қалыптастырады.
3. Электрондық өтініштерді Жүйеде қабылдау тәртібі
Электрондық өтініштерді беру сыртқы порталдың авторланған пайдаланушысымен өтініштің электрондық нысанын толтыру және оны өз ЭЦҚ куәландыру арқылы жүзеге асырылады.
Құжатты өтініш берушінің ЭЦҚ куәландырған кезде Жүйемен электрондық өтінішке сәйкестендіру нөмірі беріледі.
өтініш берушінің (өтініш беруші өкілінің) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында, интеграцияланған салық ақпараттық жүйесінде болуын тексеру;
өтініштің электрондық нысанын форматтық-логикалық бақылауды жүзеге асыру (жолдардың міндеттілігі, өлшемділігі бойынша шектеулер жолдардың форматы);
өтініштің электрондық нысанында өтініш берушімен көрсетілген деректердің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар болуын тексеру;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде өтініш берген кезде міндетті мәліметтердің бар болуын тексеру.
Осы Қағидалардың 25-тармағында анықталған автоматтандырылған тексерулер нәтижесі теріс болған жағдайда, Жүйе пайдаланушыға электрондық өтінішті жолдау мүмкін еместігінің себебі туралы хабарлайтын ақпараттық хабарламаны шығарумен, электрондық өтініш беруге жол бермейді.
Автоматтандырылған тексерулерден ойдағыдай өткеннен кейін және өтінішті өтініш иесінің ЭЦҚ куәландырылғаннан кейін, өтініш иесінің жеке кабинетіне рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған оның электрондық өтінішін тіркеу туралы хабарлама түседі.
Жүйе электрондық өтінішті мемлекеттік органның жұмыс кестесіне байланыссыз тәуліктік режимде беруге мүмкіндік жасайды. Бұл ретте электрондық өтініш оны мемлекеттік орган өз жұмыс уақытында қабылдаған сәттен берілген деп саналады, сол туралы өтініш иесіне ақпараттық хабарлама жолданады. Электрондық өтінішті мемлекеттік органмен тіркеу бір жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
4. Хабарламаларды Жүйеде қабылдау тәртібі
Хабарламаларды беру сыртқы порталдың авторланған пайдаланушыларымен хабарламаның электрондық нысанын толтыру және оны ЭЦҚ куәландыру арқылы жүзеге асырылады.
Хабарламаға сәйкестендіру нөмірін беру өтініш берушінің ЭЦҚ куәландырған кезеңінде Жүйемен жүргізіледі.
Автоматтандырылған тексерулерден табысты өткеннен кейін және хабарламаны ЭЦҚ куәландырғаннан кейін Жүйе тиісті мәліметтерді хабарлама берген субъектілер тізіліміне автоматты түрде енгізеді және хабарламаны қабылдау туралы талонды қалыптастырады.
Жүйеде хабарламаларды беру мемлекеттік органның жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
5. Қағаз нысанындағы өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу тәртібі
Жүйенің ішкі порталы арқылы мемлекеттік органдармен электрондық түрде жүзеге асырылатын лицензиялаудың және рұқсат беру рәсімдерінің процестері үшін қағазда ұсынылған өтініштер бойынша мәліметтерді жүйеге енгізу мемлекеттік органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен жүргізіледі
Мемлекеттік органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен Жүйеге ішкі портал арқылы енгізілетін өтініш өтініш иесінің ЭЦҚ куәландырылмайды. Бұл жағдайда өтініш иесі үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама қалыптастырылмайды. Өтінішке сәйкестендіру нөмірін беру өтінішті тіркеу сәтінде Жүйемен жүзеге асырылады.
Өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығына қағаз нысанында ұсынылған жағдайда, өтініш бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы Жүйеге берілетін өтініштер өтініш иесінің жазбаша келісімімен Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің ЭЦҚ куәландырылады. Өтінішке сәйкестендіру нөмірін беру Жүйемен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің сұрау салуы бойынша құжат қабылданға дейін жүзеге асырылады.
Өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығыны қағаз нысанында берілген жағдайда, өтініш иесі үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама Жүйеде қалыптастырылмайды.
Мемлекеттік органдармен өз ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатын лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерінің процестері үшін мемлекеттік органға қағаз нысанда берілген өтініштер бойынша мәліметтерді жүйеге енгізу аталған ақпараттық жүйені Жүйемен ықпалдастыру шартымен, мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған мәліметтерді қабылдау жолымен жүргізіледі. Өтінішке сәйкестендіру нөмірін беру Жүйемен мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің сұрау салуы бойынша құжат қабылданға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен өтініш бойынша мәліметтер қабылданған жағдайда өтініш беруші үшін Жүйеде өтінішті қабылдау туралы хабарлама қалыптаспайды.
Өтінішті қағаз нысанында Заңның 52-бабының 3-тармағында белгіленген кезеңге дейін беру мүмкіндігі болады.
6. Өтінішті Жүйеде рұқсат беру органдарымен қарау тәртібі
Лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде ішкі портал арқылы жүзеге асыру барысында Жүйе өтініштерді мемлекеттік органдармен қараудың процестерінің үлгілі операцияларын ұсынады.
Кіріс өтініштерді тіркеу және оларды жұмысқа тапсыру келесі операциялардан тұрады:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес автоматты түрде сәйкестендіру нөмірін берумен, өтініштерді тіркеу;
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес автоматты түрде сәйкестендіру нөмірін берумен, рұқсатты беруге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салуларды тіркеу.
Егер өтінішті қабылдауды және өтінішті қарау нәтижелерін беруді әртүрлі рұқсат беру органдары жүзеге асыратын болса, кіріс өтінішті тіркеуді өтінішті қабылдаушы орган жүргізеді.
Көрсетілген міндеттер құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен жүзеге асырылады.
Құжатты жолдау кіріс құжатты (өтінішті, рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органға сұрау салуды, қабылдаушы рұқсат беру органының кіріс хабарламасы) құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен мемлекеттік органның уәкілетті тұлғаларына тапсыру болып табылады. Кіріс құжатты жолдауда қосымша функциялар жоқ және ол ретті түрде жүзеге асырылады.
Өтініш иесіне қосымша мәліметтерді беруге сұрау салу келесі операциялардан тұрады:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарында көзделген жағдайларда, өтініш берушіге қосымша мәліметтерді ұсынуға сұраудың жобасын қалыптастыру орындаушымен бастамаланады;
өтініш берушіге қосымша мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды бастаған кезде орындаушы хабарлама жобасын қалыптастырады;
хабарлама жобасы рұқсат беру органында келісу рәсімдерін өрлеме тізбек бойынша ретті түрде өтеді;
келісу процесіне қатысушымен хабарлама жобасын келісу нәтижесі оң болған жағдайда, ол автоматты түрде келесі қатысушыға жолданады. Келісу процесіне қатысушымен хабарлама жобасын келісу нәтижесі теріс болған жағдайда, жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға жолданады;
хабарламаға рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғаның) ЭЦҚ куәландырылады;
егер өтініш беруші сыртқы порталда тіркелген болса, хабарламаға қол қойылғаннан кейін, ол өтініш берушіге жеке кабинетте қолжетімді болады;
егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған жағдайда, хабарламаға басшының қолы қойылғаннан кейін жауапты орындаушы оны басып шығарады және өтініш иесіне жүйеден тыс жолдайды (пошта арқылы, қолма қол және т.б.);
электрондық түрде сыртқы портал арқылы берілген өтініштер үшін қосымша мәліметтерге сұрау салуға жауап беру өтініш берушімен электрондық түрде, хабарламаны ЭЦҚ куәландырумен жүзеге асырылады. Сұрау салуға электрондық жауап тікелей орындаушыға түседі;
қағаз нысанында ұсынылған өтініштер үшін өтініш иесіне жауап Жүйеден тыс ұсынылады (пошта арқылы, қолма қол және т.б.). Өтініш иесіне жауап туралы мәліметтерді Жүйеге енгізу орындаушымен жүргізіледі.
Өтініш иесі жауапты белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, өтініш бойынша шешімді орындаушы қабылдайды.
Келісуші мемлекеттік органға қорытындыны, қосымша мәліметтерді беру туралы және шешім жобасын келісу туралы өтініштерді жолдау келесі операциялардан тұрады:
Заңның 25-бабында көзделген тәртіпте рұқсатты беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жобасын құру орындаушымен бастамаланады;
сұрау салу жобасы рұқсат беру органында келісу процедурасын өрлеме тізбек бойынша ретті түрде өтеді;
келісу процесіне қатысушымен сұрау салу жобасын келісу нәтижесі оң болған жағдайда, ол автоматты түрде келесі қатысушыға жолданады; келісу процесіне қатысушымен сұрау жобасын келісу нәтижесі теріс болған жағдайда, жоба автоматты түрде орындаушыға жетілдіруге жолданады;
сұрауға рұқсат беру органының басшысы (уәкілетті тұлға) қол қояды, содан кейін ол келісуші органның кеңсесіне тіркеуге түседі;
келісуші органда сұрау жауапты орындаушыға ретті төмен түсетін тізбек бойынша тағайындалады;
келісуші органның жауапты орындаушысы сұрау салу бойынша шешім жобасын құрады (сараптамалық қорытынды, деректерді сұрауға жауап, келісу бойынша шешім);
сұрау салу бойынша шешім жобасы келісу рәсімін өрлеме тізбек бойынша ретті түрде өтеді;
сұрау салу бойынша шешімге келісуші органының басшысы ЭЦҚ куәландырылады, содан кейін ол автоматты түрде рұқсат беру органының орындаушысына жолданады;
орындаушы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарында көзделген жағдайларда, өтініш иесінен қосымша мәліметтерді сұраған кезде немесе келісуші органға сұрау салған кезде өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұрудың бастамашысы бола алады;
келісуші органнан деректерді сұрау себебімен тоқтата тұру кезінде, тоқтата тұру басталған сәтінде және тоқтата тұру аяқталған сәтінде өтініш иесіне міндетті түрде рұқсат беру органы басшысының ЭЦҚ куәландырылған хабарлама жолданады.
Өтінішті қарау барысында өтініш иесіне рұқсат беру органына келу қажеттілігі туралы, өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұру, жаңарту және ұзарту туралы, қосымша мәліметтерді ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны жолдау келесі операциялардан тұрады:
хабарлама жобасы орындаушымен құрылады және келісуді рұқсат беру органында өрлеме тізбек бойынша ретті түрде өтеді;
егер өтініш беруші сыртқы порталда тіркелген жағдайда хабарламаға рұқсат беру органы басшысының қолы қойылғаннан кейін ол автоматты түрде өтініш иесінің сыртқы порталдың жеке кабинетінде қолжетімді болады. Егер өтініш қағаз нысанында берілген болса, Жүйеде хабарлама рұқсат беру органы басшының ЭЦҚ куәландырылғаннан кейін жауапты орындаушы оны басып шығарады және өтініш берушіге жүйеден тыс жолдайды (пошта арқылы, қолма-қол және т.б.).
Өтініш бойынша шешімді қабылдау (рұқсатты, оған қосымшаны, дәлелденген бас тартуды немесе хабарламаны беру) келесі операциялардан тұрады:
өтініш бойынша шешім жобасы орындаушымен қалыптастырылады;
шешім жобасы рұқсат беру органында өрлеме тізбек бойынша ретті келісуге жатады. Келісу процесінің қатысушысы шешім жобасын келіскен кезде, ол келесі қатысушыға көшеді;
келісу процесінің қатысушысы шешім жобасын пысықтауға қайтарған жағдайда, ол орындаушыға түзетулер енгізу үшін қайтарылады;
егер өтініш иесі сыртқы порталда тіркелген болса, рұқсат беру органының басшысы шешімге қол қойғаннан кейін ол автоматты түрде өтініш иесінің жеке кабинетіне түседі. Егер өтініш рұқсат беру органына қағаз бетінде түскен болса, шешім рұқсат беру органы басшысының ЭЦҚ куәландырылғаннан кейін, жауапты орындаушы оны басып шығарады және өтініш иесіне Жүйеден тыс жолдайды (пошта арқылы, қолма-қол және т.б.).
Өтінішті қарау мерзімін ұзарту келесі операциялардан тұрады:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарында көзделген жағдайларда өтінішті қарау мерзімін ұзартуды бастау;
өтінішті қарауды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсетумен, рұқсат беру органы басшысының ЭЦҚ куәландырылған хабарламаны өтініш иесіне жолдау.
Өтініш берушімен өтінішті кері қайтару келесі операциялардан тұрады:
егер өтінішті қарау процесі аяқталмаған болса, өтініш беруші өтінішті жүйеден тыс кері қайтару процесінің бастамашысы болуы мүмкін;
өтініш берушімен өтінішті кері қайтару фактін Жүйеде тіркеу орындаушы өтініш бойынша жүргізеді, сол кезде өтінішті әрі қарай қарау тоқтатылады.
Өтінішті қарау барысында құрылатын, рұқсат беру органының ішкі құжат айналымының бөлігі болып табылатын құжаттар автоматтандыруға жатпайды және өтініш берушіге немесе келісуші органға жолданбайды.
Өтінішті қарау процесінің жүйеден тыс жүзеге асырылатын келесі операциялары ішкі портал арқылы автоматтандырылмайды:
өтінішті рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшесіне сараптамалық қорытындыға жолдау;
өтініш бойынша шешімді рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшелеріне келісуге жолдау;
өтініш бойынша қосымша мәліметтерді ұсынуға сұрауды рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшелеріне жолдау.
Өтінішті қарау барысында құрылатын құжаттарын ЭЦҚ куәландыру рұқсат беру органының басшысымен (уәкілетті тұлғасымен) жүзеге асырылады. Өтінішті қарау процесінің барлық қалған операциялары ЭЦҚ қолданусыз Жүйеде жүзеге асырылады.
Өтінішті қарау барысындағы алқалық әрекеттер (комиссиялардың отырыстары, сынақтамалар, дауыс беру және өзге әрекеттер), сондай-ақ мемлекеттік органдарға жатпайтын ұйымдар жасаған әрекеттер автоматтандырылмайды және жүйеден тыс жүзеге асырылуы тиіс.
7. Өтініштерді қарау процесінде Жүйенің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл тәртібі
Рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды жүзеге асыру аясында құрылатын барлық өтініштер, хабарламалар, өтініш бойынша шешімдер Жүйеде тіркелуі тиіс. Егер көрсетілген құжаттар мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде құрылатын жағдайда, олар рұқсат беру органының жауапты қызметкері қол қойғаннан кейін міндетті түрде Жүйеге жіберілуі тиіс. Бұл ретте, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі құжатқа қол қою және оны жіберу алдында құжатқа сәйкестендіру нөмірін иелендіру үшін Жүйеге сұрау салуды жүзеге асырады.
Жүйенің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыру барысындағы барлық өзара іс-қимылдары Жүйеде белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
8. Берілген рұқсат туралы мәліметтерді рұқсат құжаттарының тізіліміне енгізу тәртібі
Мүмкін немесе мақсатқа сай болмайтын түрлі себептер бойынша өтініштерді тіркеу және қарау процестерін автоматтандыру шеңберінде рұқсат беру рәсімдері үшін жүйе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес, Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қараудың оң нәтижелерін рұқсат құжаттардың тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды қарастырады.
Өтінішті қараудың оң нәтижелері туралы мәліметтер рұқсат құжаттар тізіліміне енгізілген кезде рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғаның) ЭЦҚ куәландырылады.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымша
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
Рұқсат беруші органның немесе хабарлама жасау тәртібін жүзеге асыратын органның құжат түріне тәуелсіз барлық сәйкестендіру нөмірлердің құрылымы бірдей. Сәйкестендіру нөмірі өзімен бірге келесі түрдегі 15 –разрядты фасеттік құрылымды ұсынады:
ССККТТТНННННННН, онда:
| СС | КК | ТТТ | НННННННН |
| Елдің екі таңбалы (альфа-2) коды | Алгоритмге сәйкес есептеп шығарылған екі бақылау цифрлары | Құжат түрінінің үшсимволды коды, түрді белгілеу үшін латын әліппесінің 24 әріпі пайдаланылады («I» және «O» қоспағанда, барлығы) | Көрсетілген құжат түрінің сегізтаңбалы цифрлық реттік нөмірі |
Мысалы: «KZ03АВС00000001» (оқуды оңайлату үшін басып шығарған кезде нөмірді топтарға бөлуге болады, мысалы, «KZ03 АВС 0000 0001», алайда енгізген және өндеген кезде аралықтар ескерілмейді).
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша
Өтінішті ұсыну нысаны
| № [ Өтініштің нөмірі ] |
| [ Рұқсат беру органының заңды мекенжайы ] мекенжайында орналасқан [ Рұқсат беру органының атауы ] кімнен [Заңды тұлғаның толық атауы / Жеке кәсіпкердің толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты] [Заңды тұлғаның / Жеке кәсіпкердің / жеке тұлғаның мекенжайы] [Бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі] | ||
|
[Беруге / Қайта рәсімдеуге / Қолданысын тоқтатуға / Қолданысын тоқтата тұруға / Телнұсқасын беруге / Түзетуге / Қайта жаңартуға / Электрондық түрге көшіруге ] өтініш [Заңды тұлғаның толық атауы/ Жеке кәсіпкердің толық атауы/ Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты] [Рұқсат құжаттың атауы] [Қайта рәсімдеу / қолданысын тоқтату / қолданысын тоқтата тұру / телнұсқасын беру / енгізілген деректерді түзету] себептерімен [беруді / қайта рәсімдеуді / қолданысын тоқтатуды / қолданысын тоқтата тұруды / телнұсқасын беруді / енгізілген деректерді түзетуді / қайта жаңартуды / электрондық түрге көшіруді] сұраймын. Қоса берілген құжаттар тізімі (талап теліген жағдайда):
……………….. Осы өтінішпен Мәліметтер нысанында және осы өтінішке қоса берілген құжаттарда толтырылған деректердің дұрыстығын куәландырамын .
Берілген күні : [ Берілген күні ] ж .
| ||||
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 3-қосымша
Өтінішті қабылдау туралы хабарламаны ұсыну нысаны
| [Рұқсат беру органының мемлекеттік тілдегі атауы] [рұқсат беру органының мемлекеттік тілдегі деректемелері] |
Герб | Рұқсат беру органының орыс тіліндегі атауы] [рұқсат беру органының орыс тіліндегі деректемелері] |
| № [ Құжат нөмірі ] Берілген күні: [ Берілген күні ]
[ Заңды тұлғаның толық атауы / Жеке кәсіпкердің толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты] ] [Заңды тұлғаның / Жеке кәсіпкердің / Жеке тұлғаның мекенжайы]
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама [ Рұсқат беру органының атауы ] Сіздің [ Берілген күні ] [ Өтініш нөмірі ] өтінішіңіз қабылданғаны туралы хабарлайды.
[ Қол қоюшының лауазымы ] [Қол қоюшының тегі аты әкесінің аты]
| ||
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 4-қосымша
Дәлелденген бас тартуды ұсыну нысаны
| [Рұқсат беру органының мемлекеттік тілдегі атауы] [рұқсат беру органының мемлекеттік тілдегі деректемелері] |
Герб | Рұқсат беру органының орыс тіліндегі атауы] [рұқсат беру органының орыс тіліндегі деректемелері] |
| № [ Құжаттың нөмірі ] Берілген күні: [ Берілген күні ]
[ Заңды тұлғаның толық атауы / Жеке кәсіпкердің толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты] ] [Заңды тұлғаның / Жеке кәсіпкердің / Жеке тұлғаның мекенжайы]
ДӘЛЕЛДЕНГЕН БАС ТАРТУ [ Рұсқат беру органының атауы ] Сіздің [ Берілген күні ] [ Өтініш нөмірі ] өтінішіңізді қарап, мынадайды хабарлайды: [Дәлелденген бас тарту мәтіні ]
[ Қол қоюшының лауазымы ] [Қол қоюшының тегі аты әкесінің аты]
| ||
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 5-қосымша
Хабарламаны ұсыну нысаны
| [Рұқсат беру органының мемлекеттік тілдегі атауы] [рұқсат беру органының мемлекеттік тілдегі деректемелері] |
Герб | Рұқсат беру органының орыс тіліндегі атауы] [рұқсат беру органының орыс тіліндегі деректемелері] |
| № [ Құжаттың нөмірі ] Берілген күні: [ Берілген күні ]
[ Заңды тұлғаның толық атауы / Жеке кәсіпкердің толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты] ] [Заңды тұлғаның / Жеке кәсіпкердің / Жеке тұлғаның мекенжайы]
[Хабарлама мәні] туралы хабарлама [ Рұсқат беру органының атауы ] Сіздің [ Берілген күні ] [ Өтініш нөмірі ] өтінішіңізді қарап, мынадайды хабарлайды: [ хабарлама мәтіні ]
[ Қол қоюшының лауазымы ] [Қол қоюшының тегі аты әкесінің аты]
| ||
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 6-қосымша
Өтініш берушінің жауабын ұсыну нысаны
| № [ Жауап нөмірі ] |
| [ Рұқсат беру органының заңды мекенжайы ] мекенжайында орналасқан [ Рұқсат беру органының атауы ] кімнен [Заңды тұлғаның толық атауы / Жеке кәсіпкердің толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты] [Заңды тұлғаның / Жеке кәсіпкердің / жеке тұлғаның мекенжайы] [Бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі] | ||
|
Сұрау салуға жауап Сіздің сұрау салуыңызға хабарлаймыз: [Жауап мәтіні] Қоса берілген құжаттар тізімі (талап етілген жағдайда):
………………..
Берілген күні : [ Берілген күні ] ж .
| ||||
«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің « » 2014 жылғы № бұйрығына анықтама – негіздеме
| № р /н | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның анықтамасы |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні берген мемлекеттік орган
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйеніп нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлектетік органның құзыреті) | «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттар, уәждері және қайндай мақсатта акт қабылданған) | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету; қызмет берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету жөніндегі қызметінің ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға байланысты оларға өзгерістер мен толықтырулар немесе күшін жойған деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы мәлімет | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акті шығындардың өсуін немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттерге түсімдерді қысқартуды қарастыра ма? | Қарастырылмаған |
| 7. | Мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілерді келісу туралы мәлімет
| Келісілді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары, интернет-ресурстарды қоса бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәлімет | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми www.mi d .gov.kz сайты және интранет-порталда орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытынды бермеген кәсіпкерлердің тіркелген бірлестіктері тізімі ( жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін ) | Жоқ |

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |