• Мое избранное
«Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
«Темiр жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетін қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
 инвестициялар және даму Министрінің
 2014 жылғы «___» ________
 № ____ бұйрығымен
 бекітілді
Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезінде жүктердің әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Темiр жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi. 
2. Осы Ереженiң әрекетi әскери және арнайы тасымалдарға қолданылмайды. 
3. Осы Ережедегi ұғымдар Қазақстан Республикасының " Темiр жол көлігі туралы " 2001 жылғы 8 желтоқсандағы және " Күзет қызметi туралы " 2000 жылғы 19 қазандағы Заңдарында айқындалған мағынада пайдаланылады. 
4. Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердi күзетудi тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша қамтамасыз етедi. 
5. Темiр жол көлігімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тiзбесiн көлiк және коммуникация саласындағы уәкілеттi орган бекiтедi. 
6. Жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілер жүргiзедi. 
7. Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсіпорындар және акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұлттық тасымалдаушы, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушiлер және олармен қосылма заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес күзету қызметтерін күзет қызметi субъектiлерiнен сатып алады. 
8. Халықаралық қатынаста тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi күзету Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi басқа мемлекеттердiң тасымалдаушыларымен жасасатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 
2. Тасымалданатын жүктердi күзетудi ұйымдастыру тәртiбi
9. Күзетуге берiлген жүктердiң маңыздылығын, құндылығын және қауiптiлігін ескере отырып, күзет ұйымы оларды күзетудiң мынадай тәсiлдерiн қолдануы мүмкiн: 
1) жүру жолындағы жекелеген темiр жол станцияларында күзетшiлердi ауыстыра отырып жүктердi күзетуге тағайындалған күзетшiлер тобының (бұдан әрi - наряд) бiрге алып жүруi; 
2) жөнелту станциясынан баратын станциясына дейiнгі жүру жолында жүктердi күзетудi жүзеге асыратын нарядтардың бiрге алып жүруi (жол бойы алып жүруi). 
10. Қоса есептегенде он вагонға дейінгі бір топтағы жүктерді күзетудi атыс қаруымен қаруланған бiр және одан да көп күзетшi жүзеге асырады. 
11. Құрамында екі және одан да көп күзетшi наряды бөлiнген жағдайда олардың бiреуi наряд жетекшiсi болып тағайындалады. 
12. Бағыттарды жол бойы алып жүруге арналған күзет нарядының сандық құрамын осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген талаптарды ескере отырып және " Күзет қызметi туралы " Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 сәуiрдегi N 407 қаулысымен белгiленген сан нормативтерi шегiнде күзет ұйымы белгiлейдi. 
13. Жүру жолында күзет нарядтарының ауысуы қару-жарақ бөлмесiмен жабдықталған, нарядтарды ауыстыруға арналған, күзет ұйымы алдын ала белгiлеген поездық локомотивтік бригадалардың ауысуы жүргiзiлетiн темiр жол станцияларындағы күзет ұйымының объектiлерiнде (бұдан әрi - ауысым пунктi) жүргiзiледi. 
14. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi үздiксiз бiрге алып жүрудi қамтамасыз ету жөнiндегi нарядтардың iс-әрекеттерiн үйлестіруді күзет ұйымы өз бетiмен жүзеге асырады. 
15. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдау құжаттарын ресiмдеу ерекшелiктерi көлiк және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекiткен жүктердi тасымалдау ережесiмен айқындалады. 
16. Поездарды жасақтау кезiнде және жүру жолында күзетiлетiн вагондармен жасалатын алдағы маневрлiк жұмыс туралы темiр жол станциясының қызметкерлерi наряд жетекшiсiне маневрлер басталғанға дейiн ескертедi. Күтілетiн вагондарды дөңестен төмен жiберуге үзiлдi-кесiлді тыйым салынады. 
3. Жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдау тәртiбi
17. Нарядтың жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдауы тасымалдаушының жүк жөнелтушіден вагондарды қабылдау орындарында поезд жөнелтiлгенге дейiн 2 сағаттан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады. 
18. Вагондар мен жүктердi күзетуге қабылдауды наряд жетекшiсi тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші өкiлiнiң қатысуымен, Ережеге 1-қосымшаға сәйкес темiр жол станциясында тасымалдаушының өкiлi жүргiзетін станцияда жүктерi бар вагондарды күзетуге тапсыруды есепке алу кiтабында наряд жетекшiсiнiң қол қоюымен жүргiзедi. 
19. Әскерилендiрiлген күзеттiң бiрге алып жүруіне жататын жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдау және беру туралы мәлiметтердi наряд жетекшiсi Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзетудiң бағыт қағазында және Ережеге 3-қосымшаға сәйкес күзеттің ауысым пунктiнде жүргiзілетiн күзет нарядтарының жүктерi бар вагондарды тапсыруын және қабылдауын есепке алу кiтабында тiркейдi. 
20. Ашық жылжымалы құрамдағы вагондарды, жүктерді күзетуге қабылдау кезiнде наряд жетекшiсi жүктер, едендер, люктер, төменгi және жоғарғы төгу приборлары, бұраулар мен пломбалары бекiтілуiнiң жарамдылығын, ашық жылжымалы құрамдағы жүк орындарының жарамдылығын тексередi. Адамдардың өмiрiне, жүктердiң немесе жылжымалы құрамның сақталуына қауiп төндiретiн ақаулар анықталған кезде вагондарды күзетуге қабылдамайды, ақауларды жоюды талап етедi және бұл туралы күзет ұйымының өкiлiне немесе темiр жол станциясының бастығына баяндайды. 
4. Жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзету
21. Күзет нарядтарының күзетілетiн вагондарды ауысым пункттерiнде қабылдауы және тапсыруы поездың темiр жол станциясында тұрған уақыты iшiнде жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзетудің бағыт қағазында және күзет нарядтарының жүктерi бар вагондарды тапсыруы мен қабылдауын есепке алу кiтабында қол қоюымен жүргiзіледi. 
22. Жүктерi бар вагондарды күзету кезiнде наряд "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес қаруды және арнайы құралдарды қолданады. 
23. Вагоннан немесе контейнерден бекiту-пломбалау құрылғыларының жұлынғаны, жүктер, едендер, люктер, төменгі және жоғарғы төгу приборлары, ашық жылжымалы құрамдағы жүк орындары бекiтілуiнiң ақаулары анықталған жағдайда, наряд жетекшiсi осы және басқа да оқиғалар туралы күзет ұйымының және тасымалдаушының өкілдеріне хабарлайды. Бұл ретте вагонды не контейнердi тасымалдаушының өкiлiне не жүк жөнелтушiге тапсырғанға дейiн наряд жүктiң күзетілуiн қамтамасыз етедi. 
Тасымалдаушы көрсетілген оқиғалар туралы көлiктегi iшкi iстер органдарын хабардар етедi. 
24. Поезға қатер төндiретiн қауiптi (буксалар мен жүктің өртенуi, жылжымалы құрамның рельстен шығуы және т.б.) жағдайда наряд жетекшiсi локомотив бригадасымен бiрлесіп, қауiптіліктi жою үшiн ықтимал шараларды қабылдайды. Наряд оқиға болған жердi қарауға және қауiптiлікті жоюға келген лауазымды тұлғалардан басқа ешкiмдi оқиға болған жерге және жүктерге жiбермейдi. 
25. Күзетілетiн вагондары бар поезд аралық станцияда локомотивсiз уақытша қалдырылған жағдайда, наряд жетекшiсi бұл туралы күзет ұйымына кешіктiрмей хабарлайды. Қажетті жағдайларда күзет ұйымы жүктерi бар вагондарды тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру үшiн көрсетiлген станцияға қосымша наряд жiбередi. 
5. Жүктерi бар вагондарды тапсыру тәртiбi
26. Поезд баратын темiр жол станциясына келгенде наряд күзетiлетін вагондарды ауысым наряды, тасымалдаушының темiр жол станциясындағы өкiлi немесе жүктi алушы оларды қабылдағанға дейiн қалдырмайды. 
27. Тасымалдаушы немесе жүк алушы вагондарды қабылдағаннан кейiн бұл туралы жүру жолында жүктердi әскерилендiрілген күзетудiң бағыт қағазына белгi жасайды. 
6. Темiр жол көлiгiнде ықтимал құқыққа қарсы
акцияларды анықтау және олардың алдын алу
28. Темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi күзетудi жүзеге асыру үшiн күзет қызметiнiң субъектiсi диверсиялық және террористік қатерлерден күзетілетін объектілердiң қорғалу деңгейiн арттыру, темiр жол көлiгiндегi құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және орындалуын қамтамасыз етедi және оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес аумақтық iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi. 
29. Темiр жол көлiгіндегi құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөнiндегі iс-шаралар алдын алу шараларын өткiзудi, күзетшiлердiң жеке қорғану шараларын, қысылтаяң жағдайлардағы және шұғыл көшiру кезiндегi iс-әрекеттердi, сонымен қатар тиiстi мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртiбiн көздейдi. 
Осы шаралар орындалмаған жағдайда күзет қызметiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті орган күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияны тоқтата тұруы немесе қайтарып алуы, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де шаралар қолдануы мүмкiн. 
Темір жол көлігімен тасымалдау
кезінде жүктердің әскерилендірілген
 күзетін қамтамасыз ету ережесіне
 1-қосымша
СТАНЦИЯСЫНДА ЖҮКТЕРІ  
БАР ВАГОНДАРДЫ КҮЗЕТУГЕ  
ТАПСЫРУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ
\
 

Поездың

келу

уақыты

Поез-

дың

нөмірі

Вагон-ның

нөмі-

рі

Жүк-

тің

түрі

Станцияның

қызметкері

тапсырды

(лауазымы,

тегі, қолы,

күні,

сағаты)

Наряд

жетекшісі

қабылдады

(лауазымы,

тегі, қолы,

күні,

сағаты)

Қабыл-

данған

вагон-

дардың

жай-күйі

туралы

белгі

Күні

Саға-

ты

1

2

3

4

5

6

7

8

































































































































































































Темір жол көлігімен тасымалдау
 кезінде жүктердің әскерилендірілген
 күзетін қамтамасыз ету ережесіне
 2-қосымша
НАРЯДТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ 
 ____________________________________ 
 Көрсет-  |Күні|  Уақыты |Ауы-|Күзет| 
 кіштер   |мен |_________|сым |ұйымы| 
           |айы |Сағ.|Мин.|пун-|өкі- | 
           |    |    |    |кті-|лінің|      Жүру жолында жүктерді 
           |    |    |    |нің |қолы |   әскерилендірілген күзетудің 
           |    |    |    |мөр-|     |      N __ БАҒЫТ ПАРАҒЫ 
           |    |    |    |та- |     | 
           |    |    |    |баны|     | т.ж. ____________ станциясынан 
 __________|____|____|____|____|_____| т.ж. _______ станциясына дейін 
 Наряд кетті                         | 
 ____________________________________|       НАРЯДТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ 
 Наряд келді                         | 
 ____________________________________| _____________________________ 
 Наряд кетті                         ||Лауа-|Тегі, аты,|Қару-| Қару-| 
 ____________________________________||зымы | әкесінің | дың |  N   | 
 Наряд келді                         ||     |   аты    |түрі |      | 
 ____________________________________||_____________________________| 
 Наряд кетті                         ||_____________________________| 
 ____________________________________||_____________________________| 
 Наряд келді                         ||_____________________________| 
 ____________________________________||_____________________________| 
 Наряд кетті                         | Нарядтармен бірге аттары 
 ____________________________________| мынадай қызметтік иттер 
 Наряд келді                         | жүреді ______________________ 
 ____________________________________| _____________________________ 
 Наряд кетті                         | М.О.  Станциядағы күзет 
 ____________________________________|       ұйымының өкілі ______ 
 Нарядтың                            | __ жылғы "__" _____________ 
 ауысым                              | 
 пунктіне                            | НҰСҚАМА АЛҒАН ТУРАЛЫ БЕЛГІЛЕР 
 келуі                               | 
 ____________________________________|  
ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ 
 ____________________________________ 
 Көрсеткіштер    Уақыты   Күзет ұйымы| 
               __________  өкілінің  | 
                Сағ. Мин.    қолы    | 
 ____________________________________| 
 Қарауыл үй-                         | 
 жайында күту                        | 
 ____________________________________| 
 Поездарды                           | 
 бірге алып                          | 
 жүру                                | 
 ____________________________________| 
 Ауысым                              | 
 пунктінде                           | 
 демалу                              | 
 ____________________________________| 
 Резервпен                           | 
 қайта                               | 
 оралу                               | 
 ____________________________________| 
 Станция                             | 
 паркінде                            | 
 жүктерді                            | 
 күзету                              | 
 ____________________________________| 
 Жедел                               | 
 жұмыс                               | 
 ____________________________________| 
 Пикет                               | 
 қызметі                             | 
 ____________________________________| 
 Барлығы:                            | 
 ____________________________________|  
Жол жүру барысында нарядтарды тексеру 
туралы белгілер үшін  
               ҚОЛХАТ                             ҚОЛХАТ  
  Баратын жері: күні __ поездың      Баратын жері: күні ___ поездың 
 N ___                              N ___ 
 _______________________________     _______________________________ 
 Вагон|Жүктің |Жүктерді қабылдау|   |Вагон|Жүктің| Жүктерді қабылдау| 
   N  | түрі  |нәтижелері туралы|   |  N  | түрі | нәтижелері туралы| 
      |       |     белгі       |   |     |      |      белгі       | 
 _____|_______|_________________|   |_____|______|__________________| 
 _______________________________|   |_______________________________| 
 _______________________________|   |_______________________________| 
 _______________________________|   |_______________________________|  
  ___ станциясын-   ___ станция-      ___станциясын-  ____станциясын- 
     дағы          сындағы күзет        дағы             дағы 
 (ауысым пунктінің    ұйымының       (ауысым         күзет ұйымының 
 мөртабаны)           өкілдері       пунктінің       өкілдері 
                      (ауысым        мөртабаны)     (ауысым пунктінің 
                      пунктінің                      мөртабаны) 
                      мөртабаны) 
                                    ҚОЛХАТ                             ҚОЛХАТ  
  Баратын жері: күні __ поездың      Баратын жері: күні ___ поездың 
 N ___                              N ___ 
 _______________________________     _______________________________ 
 Вагон|Жүктің |Жүктерді қабылдау|   |Вагон|Жүктің|Жүктерді қабылдау | 
   N  | түрі  |нәтижелері туралы|   |  N  | түрі | нәтижелері туралы| 
      |       |     белгі       |   |     |      |      белгі       | 
 _____|_______|_________________|   |_____|______|__________________| 
 _______________________________|   |_______________________________| 
 _______________________________|   |_______________________________| 
 _______________________________|   |_______________________________|  
  ___ станциясын-   ___ станция-      ___станциясын-  ____станциясын- 
     дағы          сындағы күзет        дағы              дағы 
 (ауысым пунктінің    ұйымының       (ауысым         күзет ұйымының 
 мөртабаны)           өкілдері       пунктінің       өкілдері 
                      (ауысым        мөртабаны)     (ауысым пунктінің 
                      пунктінің                      мөртабаны) 
                      мөртабаны)  
Темір жол көлігімен тасымалдау
 кезінде жүктердің әскерилендірілген
 күзетін қамтамасыз ету ережесіне
 3-қосымша
КҮЗЕТУ НАРЯДТАРЫНЫҢ ЖҮКТЕРІ БАР ВАГОНДАРДЫ ТАПСЫРУЫ 
               МЕН ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ  
 

КЕЛУІ

Поездың

келу

уақыты

Поез-

дың

нөмірі

Вагон-

ның

нөмірі

Жүктің

түрі

Тапсырды

(лауазымы,

тегі, қолы,

күні,

сағаты)

Қабылдады

(лауазымы,

тегі,

қолы,

күні,

сағаты)

Қабыл-

данған

вагон-

дардың

жай-күйі

туралы

белгі

Күні

Саға-ты

1

2

3

4

5

6

7

8

































































































































































































кестенің жалғасы  
 

КЕТУІ

Поездың

кету

уақыты

Поез-

дың

нөмірі

Қабылдады

(лауазы-

мы, тегі,

қолы,

күні,

сағаты)

Тапсырды

(лауазымы,

тегі,

қолы,

күні,

сағаты)

Поездың

жөнелтілуі

және

жай-күйі

туралы

кімге

хабарланды

Поездың

көршілес

ауысым

пунктіне

келген

уақыты,

вагонның

(жүктің)

жай-күйі

Күні

Саға-

ты

9

10

11

12

13

14

15









































































































































































«Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы « »_________№__ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



2.

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгi (мемлекеттiк органның құзыреті)

«Темiр жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы



4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 291 Қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді









Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердi көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет



Талап етілмейді

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында www .mid .gov .kz орналастырылған

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)





жоқ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаменті директоры М. Елеусіз
 2014 жылғы «___»______________