«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Отправить по почте
«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестиялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және оны Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмені жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасық етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша
Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленген және тіркелген телефон байланысы қызметтерін (бұдан әрі – телефон байланысы қызметтері) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалар ортақ пайдаланылатын телекоммуникацияның желісіне шыға алмайтын, жылжымалы радиотелефон немесе радиобайланыс желісі, корпоративтік және бөлінген телекоммуникация желілері арқылы телефон байланысы қызметтерін көрсетуді реттемейді.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) абонент – байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін реквизиттері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;
3) абоненттік жол – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
4) абоненттік нөмір – телефон байланысы қызметін көрсетуге шарт жасасу кезінде абонентке бөлінетін телефон нөмірі, ол арқылы басқа терминалдарды қосу кезінде телефон желісіне қосылған терминал сәйкестендіріледі;
5) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
6) автоматты қызмет көрсету жүйесі – тапсырысты қызмет көрсету жүйесінсіз телефондық қосылу тәсілі, бұл кезде пайдаланушы шақырылатын терминалмен қосылуға қажетті абоненттік нөмірді өз бетімен тереді;
7) аймақішілік телефон байланысы – жергілікті телефон желісіне қосылған және бір нөмірлеу аймағы шеңберінде орналасқан пайдаланушылық (ақырғы) жабдықтың арасындағы телефон қосылуы;
8) байланыс арнасы – жиіліктер белдеуінде телекоммуникация құралдарының арасында немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар телефондық, телеграфтық, деректерді беру арналары болып, ал аумақтық белгілері бойынша – халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
9) байланыс желісі – байланыс құралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;
10) байланыс желісін басқару – байланыс желісінің қызмет істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағысын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
11) байланыс жолдары – тарату жолдары (кабельдік, радиорелелік, жерсеріктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кабельдік құрылғылары, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) жолдар;
12) байланыс қызметтері – почта жөнелтімдері мен арнаулы жөнелтімдерді, почталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
13) байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсетуге негізделген қызметі;
14) байланыс қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – байланыс қызметін алатын жеке немесе заңды тұлға;
15) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
16) байланыс операторының әрекет ету аймағы – байланыс операторының телефон байланысы қызметтерін көрсету аумағы;
17) биллинг – абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ, оларды трафиктеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
18) жалғау жолы – телекоммуникацияның жалғайтын және жалғанатын желілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтау бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені;
19) жергілікті телекоммуникация желісі – елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық деп бөлінеді;
20) жергілікті телефон байланысы – телекоммуникацияның бір жергілікті желісі шеңберіндегі абоненттер, пайдаланушылар арасындағы телефон қосылуы;
21) жергілікті телефондық қосылыс құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі – жергілікті телефондық қосылысты уақытпен есепке алу) – жергілікті телекоммуникация желісінің қызметін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефонды қосылысты есепке алудың әдістері технологиясының жиынтығы;
22) тапсырысты қызмет көрсету жүйесі – белгілі уақыт ішінде жартылай автоматты және қол арқылы, бір және/немесе бірнеше оператор-телефоншылардың көмегімен, қолмен қызмет көрсету жабдығын пайдалана отырып, телефон қосылуларын ұсыну барысында телекоммуникация қызметтерін тұтынушыларға олардың өтініші бойынша әртүрлі телефон қосылуларын (халықаралық, қалааралық, жергілікті, ұялы байланыс және т.б.) және басқа да қосымша қызмет түрлерін ұсыну үшін қызмет көрсету жүйесі;
23) қызметке ақы төлеудің аралас жүйесі – белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы:
тұрақты құрамдас бөліктен – абоненттік жолдың түріне қарамастан оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғаулардың тарифтеу бірлігінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;
уақытына қарай құрамдас бөліктен – телефондық қосылыс берілгені үшін оның тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты уақытына карай төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;
24) қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі – белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефондық қосылыстың берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі;
25) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі – жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;
26) тарифтеу бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |