Toggle Dropdown
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 қыркүйекте № 9736 тіркелді
Редакция 30.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативі белгіленсін.
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1 болады.
2. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидалары бекітілсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің
Төрағасы
2014 жылғы 5 тамыз
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 146 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидалары
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі – ЕЖЗҚ), ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – ИПБ1), 2014 жылғы 1 шілдеден бастап ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – ИПБ2) қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер) сақтауға міндетті «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативін (бұдан әрі – пруденциялық норматив) есептеу тәртібін белгілейді.
Қағидалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық почта операторына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған активтерді инвестициялық басқару шартына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушыларға қолданылмайды.
Брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ-нің, ИПБ1-дің, ИПБ2-нің үлестес тұлғалары бөлігінде Қағидаларда көзделген нормалар заңды тұлғаларға және олардың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде брокермен және (немесе) дилермен, ЕЖЗҚ-мен, ИПБ1-мен, ИПБ2-мен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.
1. Брокер және (немесе) дилер үшін пруденциялық нормативті есептеу тәртібі
1. Брокер және (немесе) дилер меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
ӨА - брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтімді активтері;
М - баланс бойынша міндеттемелер;
МКТМ - меншікті капитал жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері:
номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің 181 440 000 (бір жүз сексен бір миллион төрт жүз қырық мың) теңге болатын МКТМ;
клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокердің және (немесе) дилердің 129 600 000 (бір жүз жиырма тоғыз миллион алты жүз мың) теңге болатын МКТМ.
2. Қағидалардың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағаларынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын да таниды.
3. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (ICD);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation).
4. Брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген көлемдегі өтімді активтері ретінде мынадай активтер танылады:
брокердің және (немесе) дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын кассадағы ақша;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;
клирингтік ұйымның шоттарындағы брокердің және (немесе) дилердің кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша;
бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банк қызметтерін көрсететін резидент емес-ұйымдардағы шоттардағы ақша;