• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г

Отправить по почте

Мұнай және газ саласының техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 шілдеде № 9584 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 704 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық резеңке өндірісі» кәсіптік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Шиналарды өндіру және вулканизация процесі» кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Полимерлік өндіріс технологиясы» кәсіптік стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мұнай және газды өңдеу технологиясы» кәсіптік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Экологиялық қондырғыларды пайдалану және оларға қызмет көрсету» кәсіптік стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау (құрлықта)» кәсіптік стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай сақтау қоймаларын тұрғызу және оларды пайдалану» кәсіптік стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Компрессорлық станциялар мен жерасты құбырларының электр жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету» кәсіптік стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Технологиялық жабдықты және құбырларды құрастыру» кәсіптік стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» кәсіптік стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Ұңғымаларды мұнай мен газға сынау» кәсіптік стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Мұнай және газ кәсіпшілігі жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Мұнай өңдеуші және химиялық өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» кәсіптік стандарты;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Жанармай станциясыларын тұрғызу және пайдалану» кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Е.Ә. Әбішев) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннің ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
____________ Т. Дүйсенова
2014 жылғы «____»________