• Мое избранное
Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/47 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9435 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес 
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті (А.Б. Құсайынова) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Келісілген
 Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты
 әлеуметтік қорғау министрі
 Т. Дүйсенова ___________
 2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/47 бұйрығымен
бекітілген
Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша қызметтегі кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;
4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;
2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.
4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:
1) біліктілік - жұмысшының еңбектің нақты түрін орындауда кәсіби дайындығының дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі/білікті деңгейі - атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) еңбек заттары - нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған заттар;
4) еңбек құралдары - еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі - еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;
6) еңбек функциясы - еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндетін шешуге бағытталған өзара байланысқан әрекеттер жиыны;
7) кәсіби қызметтің саласы - ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС - кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
9) КС бірлігі - КС еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі;
10) кәсіп - арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
11) құзыреттілік - қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қабілеті;
12) лауазым - лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
13) міндет - нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
14) сала - өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері - салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері - еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
17) функционалдық карта - бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 10.11 Етті өңдеу және консервілеу, 10.12 Үй құсы етін өңдеу және консервілеу, 10.13 Ет және үй құсы етінен өнімдерді өндіру.
6. Экономикалық қызмет түрінің негізгі мақсаты: агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының етті және ет өнімдерін өңдеу.
КС кәсіби қызмет облысында: тағам өнімдерін өндірудегі ұсталуына, сапасына, еңбек жағдайларына қызметкерлер біліктілігі мен құзыреттеріне талаптарды белгілейді.
7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.
Стандарт талаптары қызмет түріне және осы облыстағы келесі кәсіптерге жатады: