«Әлеуметтiк мәнi бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 7 қазандағы № 10894 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Инвестиция және даму министрлігі
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 05-05/3882 хатқа
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Әлеуметтiк мәнi бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қайта қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қағиданың 20-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Егер
тасымалдаушыдан жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызметтерді көрсету бойынша маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлікті кері қайтарып алған жағдайда, онда субсидияларды төлеу нақты көрсетілген қызметтер бойынша жүргізіледі».
Әлеуметтік мәні бар маршруттарда жолаушылар мен багажды тасымалдауға жұмылдырылған кәсіпкерлердің төмен тариф бойынша қызмет көрсететіндерін және залалдар тәуекеліне көрінеу баратын заңсыз тасымалдаушылардың бар екендігін, сондай-ақ жаңа көлік, қосалқы бөлшектер мен ЖЖМ сатып алуды қамтитын үлкен залалдарды есепке ала отырып, осы шара шығындарды жабуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтiк мәнi бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 3-қосымшасында Жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік мәні бар маршруттарын субсидиялау шартының 2-тармағы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:
«Маршрут бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген тариф (тарифтер сеткасы) ________________________ теңгені құрайды.
(сан цифрмен және сөздермен жазылады)»
Қағиданың 3-тармағына сәйкес бұл тарифтерін жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейтін әлеуметтік мәні бар тұрақты маршруттар бойынша тасымалдауды орындау нәтижесінен пайда болған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жататындығына байланысты қажет. Тасымалдауды орындаудан пайда болған шығындар жергілікті атқарушы орган белгілеген тариф пен ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 (бұдан әрі – Әдістеме) бұйрығымен бекітілген тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне сәйкес белгіленген тариф арасындағы айырмашылық болып айқындалады. Осыған байланысты, субсидиялау сомасын анықтау және осы тарифтер арасындағы айырмашылықты есептеу үшін жергілікті атқарушы орган белгілеген маршрут бойынша тарифті және Шарттың 3-тармағында көрсетілген Әдістеме бойынша тарифті көрсету қажет.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева