• Мое избранное
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 7 қазандағы № 10908 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
 Қаржы министрлігі
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
 № дюс-2/1214-вн хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі - Қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Қаулы жобасына Салыстырмалы кестенің 2-тармағы бойынша «қажет болған жағдайда әлеуетті қатысушының монополияға қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес келісулер мен рұқсаттарды алуы мақсатында» деген сөздерді алып тастау қажет деп санаймыз, себебі объектілерді сауда-саттық кестесіне енгізу мерзімдерін реттеу барлық жекешелендіру объектілері үшін қажет. Бұл ретте, жекешелендіру объектілері туралы ақпарат тізілімнің қай бөліміне енгізілетінін нақтылауды ұсынамыз.  
  Қаулы жобасына Салыстырмалы кестенің 10-тармағы бойынша бағаның қадамын өзгерту мерзімін бес минуттан екі минутқа дейін қысқартуға қарсымыз, себебі Интернет-қосылу жылдамдығының жеткіліксіздігі (әсіресе өңірлерде) сауда-саттық қатысушылары тарапынан техникалық проблемаларға әкеп соқтыруы мүмкін.  
  Бұл ретте, ҰКП мәмілені жасауға монополияға қарсы органның рұқсатын алу бойынша әлеуетті сатып алушыларға талап сауда-саттыққа қатысуға дейін қойылмайтынын қайта көрсетіп отыр (ҰКП 01.10.2014 жылғы шығыс №10685).  
  Жекешелендірудің екінші кезеңін жүргізу, атап айқанда мүлік сатушысы құрайтын комиссия жұмысының ашықтығы жөнінде бизнес өкілдерінен жиі келіп түсетін өтініштеріне байланысты комиссия функцияларынан әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіруді жүргізу түрі, сауда-саттық шарттары, нысандары мен әдістері туралы шешім қабылдауды алып тастау (Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 12-т. 2) тт. ) қажет деп санайтынымызды қосымша хабарлаймыз. Бұл, біріншіден, комиссия құрамдарында мемлекеттік органдары өкілдерінің басым болуына, екіншіден, орталық және өңірлік деңгейде комиссияларды қалыптастыру, оның құрамына және жұмысын ұйымдастыруға бірыңғай әдістердің болмауына негізделеді. Бұдан басқа, жекешелендірудің екінші кезеңінің ашықтығы туралы Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында республикалық және коммуналдық, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүлкі үшін жекешелендіруді жүргізу түрін таңдаудың нақты критерийлерін әзірлеу және бекіту қажет.
  Қосымша: 2 парақта.
  Басқарма мүшесі Ж. Ертлесова