Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысы
Редакция 16.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 7) тармақшасын және 17-тармағының 32) және 33) тармақшаларын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 127), 128), 129), 130) және 131) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 154-3) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 130-2), 130-3), 130-4), 130-5), 130-6), 130-7) тармақшалары және ведомстволар функцияларының 28) тармақшасы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
«Ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 75-3) және 75-4) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағы бірінші бөлігінің 217), 218), 219), 220), 222), 223), 224) және 225) тармақшалары және екінші бөлігінің 84), 85), 86) және 87) тармақшалары 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы
23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрлік, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің мақсаттары мен өкілеттіктері
мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
4) мемлекеттік рәсміздер;
5) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету;
6) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер;
7) дене шынықтыру және спорт;
9) лотереялар және лотерея қызметі;
10) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия;