Toggle Dropdown
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 қыркүйекте № 9730 тіркелді
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізуді одан әрі жетілдіру мақсатында, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1.Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоса берілген Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2.Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты жолдасын:
1)Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2)мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет және қызметте пайдалану үшін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5.Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 80 бұйрығына
1-қосымша
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) қылмыстар, оқиғалар, олардың субъектілері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, олар бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылған материалдарды, тергеуді жүзеге асыруды және оларды прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепке алуды Комитеттің Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйесінде (бұдан әрі – ББСЖ) ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – карточкалар) көмегімен жүргізеді.
3.Осы Нұсқаулыққа сәйкес, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ретінде (бұдан әрі – субъект) қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, прокурорлар және соттар танылады.
2. Карточкалардың нысандары
4. Қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру карточкалардың мынадай нысандарының негізінде жүзеге асырылады:
1)осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыс, оқиға туралы өтінішті, хабарламаны және өзге де ақпаратты есепке алу карточкасы» ЗС-1 нысаны (бұдан әрі - ЗС-1 нысанды карточка);
2)осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыс туралы тіркелген өтініш, хабарлама бойынша шешімді есепке алу карточкасы» ЗС-2 нысаны (бұдан әрі - ЗС-2 нысанды карточка);
3)осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қылмысты есепке алу карточкасы» 1.0 нысаны (бұдан әрі – 1.0 нысанды карточка);
4)осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес «Алдын ала тергеу (анықтау) барысы және нәтижесі туралы карточка» 1.1 нысаны (бұдан әрі – 1.1 нысанды карточка);
5)осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес «Қылмыс жасаған адамға арналған карточка» 2.0 нысаны (бұдан әрі – 2.0 нысанды карточка);
6)осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес «Сезікті, айыпталушы, ұсталған немесе тұтқындалған адамға арналған карточка» 2.1 нысаны (бұдан әрі – 2.1 нысанды карточка);
7)осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес «Тұтқындау, үйде қамап ұстау бұлтартпау шараларын таңдау туралы, тұтқындау, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту, күшін жою, өзгерту, соттың санкциясына шағымдану және наразылық білдіру туралы қолдаухаттарды сотта қарау жөніндегі карточка» 2.2 нысаны (бұдан әрі – 2.2 нысанды карточка);
8)осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімі туралы карточка» 3.0 нысаны (бұдан әрі – 3.0 нысанды карточка);
9)осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес «Прокурордың тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау бойынша жұмысы туралы карточка» 3.1 нысаны (бұдан әрі – 3.1 нысанды карточка);
10)осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес «Алып қойылған және жойылған есірткі заттарды, психотроптық немесе улы заттарды, прекурсорларды және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің өсу алқаптарын есепке алу карточкасы» 1-Н нысаны (бұдан әрі – 1-Н нысанды карточка).
3. Карточкаларды есепке қоюдың жалпы қағидалары
5. Субъектілер карточкаларды электрондық немесе қағаз форматта ұсынады.
Субъектілер іс жүргізу шешімін қабылдаған кезде ББСЖ-ге тиісті карточкалар енгізіледі (1.0, 1.1, 2.0, 2.1, 2.2, 3.0 және 3.1 нысандары), оның түпнұсқалылығы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚІЖК) талаптарына сәйкес өз құзыретінің шегінде сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың және тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға бір уақытта мәлімдеп, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қою арқылы расталады.
Карточкаларға қол қою өкілеттілігі бар прокурор қылмыстық істі немесе ҚР ҚІЖК талаптарына сәйкес қабылданған іс жүргізу шешімі туралы хабарламаны алған кезде карточканың деректемелерін толтыру толықтығын және дұрыстығын тексеріп, ЭЦҚ қою арқылы ол келіп түскен күні оған қол қояды.
Прокурорлар қабылдайтын шешімдер бойынша карточкаларға қол қою құқығына Бас прокуратура Департаменттерінің басшылары, облыс, аудан прокурорлары және оларға теңестірілгендер, сондай-ақ олардың орынбасарлары, барлық қалған АЕҚ-ке – қадағалаушы прокурорлар (барлық деңгейлердегі прокурорлардың көмекшілері, аға көмекшілері, прокуратура бөлімдерінің және басқармаларының прокурорлары, аға прокурорлары, прокуратура бөлімдерінің және басқармаларының басшылары және олардың орынбасарлары) ие болады.
6. Карточкалардың деректемелері қылмыс туралы өтініш, хабарлама бойынша материалдарға, қылмыстық іске толық сәйкестікпен толтырылады.
7.Адамдар жөніндегі сауалнамалық деректер бойынша карточкалардың деректемелері (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы) жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде толтырылады.
8.Карточкаларға қол, соның ішінде ЭЦҚ қойған тұлғалар олардың толық және дұрыс болуы, сондай-ақ оларды уәкілетті органға уақтылы ұсыну үшін жауапты болып табылады.
Сотта қаралған жеке айыптау істерін есепке алу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) «Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» (бұдан әрі – ҚР СО БААТЖ) арқылы ББСЖ-ға XML форматында тасымалданатын, қылмыстық істер бойынша электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде (бұдан әрі – ЭАЕҚ) жүзеге асырылады.
Соттар жеке айыптау істері бойынша ЭАЕҚ-ты электрондық форматта жіберген кезде заңды күшіне енген сот үкімінің (қаулысының) электрондық көшірмесін жалғау жүзеге асырылады. Жеке айыптау істері заңды күшіне енген үкімдер бойынша есепке алынады.
9.Электрондық форматта ұсынылған карточкаларды қоспағанда, субъектілер ұсынған карточкалар уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі және бір тәулік ішінде ББСЖ-ға енгізуге жатады.
Осындай карточкаларды ББСЖ-ға уақтылы енгізуді тиісті уәкілетті органның бастығы қамтамасыз етеді.
Техникалық себептермен осы Нұсқаулықта белгіленген мерзімде карточкаларды электрондық форматта енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда карточкаларды қағаз тасымалдаушыда шығару қамтамасыз етіледі.
10.Қағаз жүзіндегі карточкалар уәкілетті органға өтініш тіркелген немесе іс жүргізу шешімі қабылданған сәттен бастап бір тәулік ішінде ұсынылады, сондай-ақ аталған мерзімде электрондық форматта ББСЖ-ға енгізіледі.
Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін (демалыс, мерекелік) күнге келген болса, онда мерзімнің соңғы күні ретінде одан кейінгі бірінші жұмыс күні танылады.
11. Тиісті түрде ресімделмеген, сондай-ақ тазартулары, түзетулері және өзге өзгертулері бар қағаз тасымалдағыштағы карточкалар қабылданбайды. Ондай карточкалар қадағалаушы прокурорды хабарландыра отырып, келіп түскен күні ілеспе хатпен қылмыстық қудалау органына қайтаруға жатады. Карточкалар қылмыстық қудалау органына келіп түскен сәттен бастап бір тәулік ішінде қайта ұсынылуы тиіс.
Қадағалаушы прокурордың карточка реквизиттерін қате толтыру негізі бойынша оларды прокурорлардың өзі түзете алған жағдайда электронды карточкаға қол қоюдан бас тартуға құқығы болмайды.
Ескерту: прокурорлар 1.1 нысанды карточканың 26-30 реквизиттерінен басқа карточкалар реквизиттерін түзетуге құқылы.
Субъектілер ББСЖ-ға енгізген карточка прокурор ЭЦҚ қойғаннан кейін ғана есепке алынады.
Прокурор қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімін қабылдай отыра, дереу ББСЖ-ға тиісті карточканы енгізеді, ЭЦҚ қою арқылы оның түпнұсқалылығын растайды.
Прокурор ББСЖ АЖО-да электрондық карточкаға қол қоюдан келесі жағдайларда бастартуы мүмкін:
1)карточка түскен күннен бастап, демалыс және мерекелік күндерді есепке алмағанда бір тәулік ішінде қылмыстық іс түспеген жағдайда;