2014 жылғы 14 қыркүйектегі № 05-1-25/864-И хатқа
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 9 қазандағы № 11019 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 14 қыркүйектегі № 05-1-25/864-И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы жобасын қарап, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 21 тамыздағы № 8891 хатында көрсетілген позицияны ұстанатынымызды хабарлаймыз.
1.Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының жобасында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау есептік кезең басында қызметкерлерінің орташа тізімдік саны елуге дейін адам жұмыс берушілерге белгіленетіні қарастырылған.
Көптеген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлер санының аздығын ескере отырып, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталауды қызметкерлерінің орташа тізімдік саны елуден асатын адам жұмыс берушілерге ғана белгілеуді ұсынамыз. Сонымен бірге, осы ұсыныс мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін орындарды есептеу кезінде ыңғайлы болады.
2. Бұдан басқа, 23-25-тармақтарда квота белгілеудің градациясы анық емес. Жиынтық кәсіпкерлік субъектілерін 9 санатқа бөлу қарастырылған, олар үшін 2%, 3% және 4% мөлшерінде квоталау белгіленеді. Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілерін бөлудің негізгі принципі - қызметкерлерінің орташа жылдық саны, ал қосымша - жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны.
Алайда, квотаны белгілеу кезінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны мен жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны салыстырылмалылығының болмауы байқалады. Мысалы, Қағидалар жобасында қызметкерлерінің орташа тізімдік санының үш пайыз мөлшерінде квота:
- жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны кемінде елу адам және екі жүз елуден аспайтын жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және екі жүз отыз бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларға;
- жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны екі жүз елуден бір мың адамға дейін заңғы тұлғаларға белгіленеді.
Осы фактіні назарға ала отырып, кәсіпкерлерлік субъектілерінің санаттарын есептік кезеңнің басында қызметкерлерінің орташа тізімдік санына байланысты анықтау мүмкіндігін қарауды ұсынамыз:
1) қызметкерлерінің орташа тізімдік саны елуден жүз адамға дейін жұмыс берушілер үшін қызметкерлерінің орташа тізімдік санының екі пайыз көлемінде квота белгіленеді;
2) қызметкерлерінің орташа тізімдік саны жүзден бастап екі жүз елу адамға дейін жұмыс берушілер үшін қызметкерлерінің орташа тізімдік санының үш пайыз мөлшерінде квота белгіленеді;
3) қызметкерлерінің орташа тізімдік саны екі жүз елу адамнан асатын жұмыс берушілер үшін қызметкерлерінің орташа тізімдік санының төрт пайыз мөлшерінде квота белгіленеді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қаңидалар жобасы жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып пысықтауды талап етеді.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауап беруді сұраймыз.
Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |