• Мое избранное
«Халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 10 қазандағы № 11101 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
 Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 08 қыркүйектегі
 № 21-1-21-6/1332 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі мәтін бойынша «Жоба») қарап, келесіні хабарлаймыз.
Жобаны әзірлеудің негізгі мақсаты Халықаралық азаматтық авиация ұйымы құжаттарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы формальдылықты оңайлату болып табылады.
Баяндалғанды ескере отырып, жобаны ИКАО 9-қосымшасына, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес келтіру мақсатында сараптамалық қорытындының қосымшасына сәйкес ескертулерді жолдаймыз.
Қосымша: ___ парақта.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова