• Мое избранное

Отправить по почте

«Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін  есептеу әдістемесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға БАҚ - қа жіберуді;
3) «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдауын; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник 
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы «____» _________
 № ______ бұйрығымен
 бекітілген
Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі
Жалпы ережелер 
1. Осы Әдістеме «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 85-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай операцияларын жүргізген кезде:
1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде;
2) кен орнын сынамалық пайдалану кезінде;
3) газды технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу кезінде: технологиялық жабдықтарды іске қосу-реттеу, технологиялық жабдықтарды пайдалану, технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін анықтайды.
2. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
газ жағу нормативтері - өндірілетін газ көлемі мен газ факторын ескере отырып, осы Әдістемеде белгіленген формулалар негізінде есептеу жолымен анықталатын өлшем;
кен орнын сынамалы пайдалану - өнеркәсіптік игерудің технологиялық схемасы мен жобасын жасау үшін қабаттардың және кен шоғырларының геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау мен қосымша ақпарат алу, ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мақсатында көмірсутек шикізатының кен орындарында жүргізілетін операциялар. Сынамалы пайдалану барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейді;
сондай-ақ Заңда белгіленген мағынада өзге де ұғымдар қолданылады.
3. Ілеспе газды өндіру және жағу көлемдерін анықтауды жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттамасына және қолданылатын технологияға сәйкес:
топтық өлшеу қондырғыларында;
орталық мұнай дайындау пунктінде;
газды кешенді дайындау қондырғысының немесе газды қайта өңдейтін зауыттың кіреберісі мен шығаберісінде ілеспе газ көлеміне есеп жүргізу торабында;
газтурбиналық қондырғының, пештердің, қазандықтардың, газпоршеньді қондырғының, қабатқа қайта айдау компрессорының және ілеспе газды пайдаланатын басқа қондырғылардың кіреберісінде;
алау қондырғылардың кіреберісінде бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен газ көлемін өлшеуге есеп жүргізу жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырады.
4. Осы Әдістемеде анықталған жағылатын газдың есептелген нормативтері мен көлемдері газды есептеу аспаптарының деректерімен расталады.
5. Газ жағудың іс жүзіндегі көлемдері осы Әдістемеге сәйкес есептелген көлемдерден аспауға тиіс.
Өндірілген және жағылған газдың көлемін есептеу 
6. Өндірілген газдың жалпы көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
VІ  = Q M  * Гф 
мұндағы:
VІ  - өндірілген газ көлемі;
Q м  — мұнайды тоннамен жылдық, айлық немесе тәуліктік өндіру;
Гф  - газ факторы (алынған газ көлемінің м33 , м3 /т-да шығарылған мұнайдың көлеміне қатынасы).
7. Өндірілген газдың жалпы көлемі жағылатын газдың және (немесе) өзіндік өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған газдың шекті жол берілетін көлемдерін белгілеу мақсатында анықталады және:
1) кейіннен мәлімделген көлемдерді мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының тексеруімен өздігімен бақылау-өлшеу аспаптары арқылы газ көлемдерін өлшеуге есеп жүргізу жүйесін пайдалана отырып, есептеу жолымен жер қойнауын пайдаланушы;
2) есептеу жолымен мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
8. Осы Әдістеме негізінде есептелген өзіндік өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған газ көлемдеріне, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізаты кен орындарын өңдеу кезінде өзге технологиялық үдерістерде пайдаланылған және кіріс алуды көздемейтін мақсаттарға бағытталмаған газ көлемдері кіреді.
9. Жағылатын газдың есептік көлемі өндірілген ілеспе газдың жалпы көлемі мен кәдеге жаратылатын оның ішінде қайта өңделетін газ көлемі арасындағы айырма ретінде мынадай формуламен анықталады:
VІІ  = VІ  - (VІ  + V2  + Vі  + V4  + V5 )
мұндағы:
VІІ  - жағылатын газдың есептік көлемі;
VІ  - осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес есептелген өндірілген газ көлемі;
VІ  - технологиялық өз қажеттіліктеріне пайдаланатын газ көлемі (сағалық жылытқыштарда, жылыту пештерінде, қазандық және өзге газды пайланатын қондырғыларда пайдаланылатын газ көлемі). Технологиялық өз қажеттіліктеріне пайдаланылатын есептелген газ көлемі қондырғының техникалық сипаттамасына және оны пайдалану ұзақтығына сүйене отырып анықталады;
V2  - технологиялық шығындағы (газ жинау, дайындау және тасымалдау технологиялық үдерістері кезіндегі шығын) газ көлемі қолданылатын қондырғының техникалық сипаттамаларымен және жобалық шешімдермен анықталады;
V3  - электр энергиясын шығару үшін пайдаланылатын газ көлемі қолданылатын қондырғының паспорттық деректеріне сәйкес электр энергия бірлігіне шығарылған электр энергия мөлшерінен және меншікті газ шығынына сүйене отырып анықталады;
V4  - қабатқа қайта айдау көлемі, қондырғының техникалық сипаттамаларын және қондырғының іске асырылуы жалғасуын ескере отырып анықталады;
V5  - тауарлық және сұйытылған газ өндіру үшін немесе зауытта газ өңдеу қондырғысында өңдеу көлемін өткізілген тауарлық газ көлемін және өңдеу кезіндегі шығын, магистральдық газ құбырына дейін тасымалдаумен анықталады.
Ұңғымалар объектілерін сынау кезінде жағу көлемдерін есептеу 
          10. Ұңғыманың әрбір объектісін сынау кезінде газ жағу көлемдері жер қойнауын пайдаланушы бекіткен ұңғыманы сынау жоспарына сәйкес анықталады.
11. Ұңғымалардың объектілерін сынау кезіндегі жану көлемдері мынадай формула бойынша анықталады:
VІІІ  = Д * ГФ  * К, м3 ,
мұндағы:
VІІІ  - ұңғымаларды сынау кезіндегі жағу көлемі, м3 ;
Д - ұңғымалардың орташа күтілетін дебиті (ұңғыманың дебиті - бір тәулік ішінде өндірілген мұнай көлемі, т/тәул.);
Гф  - газ факторы, м3 /т (алынған газ көлемінің өндірілген мұнай мөлшеріне қатынасы, м33 , м3 /т.);
К - сынау күндерінің саны.
Сынамалық пайдалану кезіндегі жағу көлемдерін есептеу 
12. Мұнай-газ кен орындарын өңдеу жөніндегі орталық комиссия мақұлдаған жобалық деректер негізінде анықталған сынамалық пайдалану кезеңінде газды жағу көлемі әрбір қолданылатын ұңғыма бойынша жағылатын газ көлемдерінің сомасын ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
VІV  = VІ  + V2  + V3  + Vn 
мұндағы:
VIV  - сынамалық пайдалану кезінде газ жағудың жалпы көлемі;
VІ,2,3...n  - сынамалық пайдаланудағы ұңғымалар.
13. Әрбір ұңғыма бойынша жағу көлемі мына формула бойынша есептеледі:
VІ,2,3...n  = Д * Гф  * Т, м3 ,
мұндағы:
VІ,2,3...n  - бір ұңғыманың сынамалық пайдалану кезінде газды жағу көлемі;
Д - ұңғымалардың орташа күтілетін дебиті, т/күн. (ұңғыма дебиті - бір тәулікте өндірілген мұнай көлемі, т/тәул.);
Гф  — газ факторы, м3 /т (алынған газ көлемінің өндірілген мұнай мөлшеріне қатынасы, м33 , м3 /т.);
Т — сынамалық пайдалану кезеңі (күн саны).
Газды технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын
жағу кезіндегі көлемдерді есептеу 
14. Технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу көлемі мынадай формула бойынша анықталады:
VV  = V6  + V7  + V8 
мұндағы:
VV  - технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу;
V6  - технологиялық жабдықты іске қосу-реттеу кезінде жағылатын газ көлемі (жабдықтың паспорттық, техникалық сипаттамаларымен және іске қосу-реттеу жұмыс жоспарымен анықталады);
V7  - технологиялық жабдықты пайдалану кезінде жағылатын газ көлемі (пайдалану режимі бойынша техникалық регламенттермен, жабдықтың паспорттық сипаттамасымен анықталады);
V8  - технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде жағылатын газ көлемі (жабдықты пайдалану кезіндегі техникалық регламенттермен және ағымдағы, толық жөндеу кестесімен анықталады).
Ұңғымалар объектілерін сынау кезінде жағу нормативтерін есептеу 
15. Ұңғымаларды сынау кезінде жану нормативтерін есептеу мына формула бойынша анықталады:
Qұңғ.сын  = Д * Гф  * К, м3 ,
мұндағы:
Qұңғ.сын  — ұңғымаларды сынау кезіндегі жағу көлемі, м3 ;
Д - ұңғымалардың орташа күтілетін дебиті, т/тәул. (ұңғыманың дебиті - бір тәулік ішінде өндірілген мұнай көлемі, т/тәул.);
Гф  - газ факторы, м3 /т (алынған газ көлемінің өндірілген мұнай мөлшеріне қатынасы, м33 , м3 /т.);
К - сынау күндерінің саны.
VІІІ  = Qұңғ.сын 
Жалпы ұңғыма объектілерін сынау кезінде газ жағу көлемі - VІІІ  ұңғыма объектілерін сынау кезінде газды жағу есептік нормативтік көлемінен - Qұңғ.сын  аспауға тиіс.
Сынамалық пайдалану кезінде жағу нормативтерін есептеу 
16. Сынамалық пайдалану кезінде газ жағу нормативтерін есептеу жағылатын газ көлемінің сомасынан әрбір қолданылатын ұңғыма үшін мына формула арқылы жүргізіледі:
Qсын.пайдалану  = QІ  + Q2  + Q3  +......Qn 
мұндағы:
Qсын.пайдалану  - сынамалық пайдалану кезінде газ жағудың жалпы көлемі;
Q1,2,3...n  - сынамалық пайдаланылатын ұңғымалар.
Әрбір ұңғыма бойынша жағу көлемі мына формула бойынша есептеледі:
Q1,2,3...n  = Д * Гф  * Т, м3 ,
мұндағы:
Q1,2,3...n  - бір ұңғыманың сынамалық пайдалану кезінде газды жағу көлемі;
Д - ұңғымалардың орташа күтілетін дебиті, т/тәул. (ұңғыманың дебиті - бір тәулік ішінде өндірілген мұнай көлемі, т/тәул.);
Гф  - газ факторы, м3 /т (алынған газ көлемінің өндірілген мұнай мөлшеріне қатынасы, м33 , м3 /т.);
Т - сынамалық пайдалану кезеңі (күн саны).
VIV  = Qсын.пайдалану 
Жалпы сынамалық пайдалану кезінде газ жағу көлемі - VIV   сынамалық пайдалану кезінде газ жағудың есептік нормативтік көлемінен - Qсын.пайдалану  аспауға тиіс.
Газдың технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу нормативтерін есептеу немесе V6 , V7 , V8  газдың жағу көлемін анықтау 
17. Газдың V6;  V7;  V8  жағу көлемінің есептеу нормативтерін анықтау үшін технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу оның санының бағасы қажеттілігі технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағуды қамтамасыз ету магистралдық газ құбыры учаскісінде, алаң арасындағы қосатын газ құбыры және қондырғы, газды дайындау кешендік қондырғы, орталық мұнай дайындау пункті, өндіріс ішіндегі және өндіріс аралық газ жинағыш қондырғысы, топтық қондырғы, тұтынушыларға дейінгі газ тасымалдау және дайындау, технологиялық жүйе объектілердегі жинағыш жүйесі бар.
18. Газды технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу көлемі әрбір кен орны үшін жеке болып табылады және газ құбырының әр түрлі бағыттағы (диаметрі, ұзындығы) нақты технологиялық және геометриялық параметріне, паспорттық, техникалық сипаттамалары негізінде жабдықтың және қондырғының технологиялық жұмыс режиміне, жер қойнауын пайдаланушылар газ шығынын есептеу аспабымен анықталатын технологиялық жабдықты пайдалану кезінде өндіру, тасымалдау, дайындау, өңдеу және газды жағу технологиялық үдерісінің барлық кезеңінде қолданатын жабдыққа байланысты.
19. Технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын есепті орындау үшін, жер қойнауын пайдаланушыларда аспап жоқ болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар технологиялық өндіру үдерісінің барлық кезеңінде қолданатын немесе технологиялық жабдықты жүзеге асыруда газды жағу және өңдеу, тасымалдау, дайындау жабдықтың паспорттық, техникалық сипаттамалары негізінде нақты параметрі, ұстау көзі, дайын тауарды тасымалдау, дайындау, жинау жүйесіне талдау жүргізу қажет. 
Газдың технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу нормативтерін есептеу кезінде, іске қосуды жүргізген кезде газдың технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу, жөндеу жұмысы және жабдыққа технологиялық қызмет көрсету жатады.
20. Газдың технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу нормативтері есептеу кезінде, іске қосуды жүргізген кезде газды технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу, жөндеу жұмысы және жабдыққа технологиялық қызмет көрсету мынадай формула бойынша анықталады:
Qн.е.ж.  = Vг.к  * К, мың м3 ,
мұндағы:
Qн.е.ж.  - газ жағудың нормативтік есептеу саны, жеке газ құбыры учаскесі және технологиялық жабдық үшін паспорттық деректерімен және техникалық сипаттамалары негізінде қабылданатын жабдық және газ жағу көлемін бөлек анықтау кезінде есептеледі (V6,  V7,  V8,  м3 ) технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағудың әрбір түрі үшін жеке анықталады.
Vг.к  - газ құбыры учаскесіндегі технологиялық жабдықтың жеке ыдыстарының геометриялық көлемі, м3 ;
К - газ құбыры учаскесінде Р - қысымнан газ көлеміне тәуелділігін ескеретін жалпылама коэффициент, Тор  - орташа газ температурасы, Z - газ қысымының коэффициенті және өту түрі (бұл көрсеткіштер химия-физикалық газ құрамын жүзеге асыру мұнай-газ кен орындарын өңдеу бойынша анықтама әдебиетінен алынған) және мынадай формула бойынша анықталады:
К = Р/Тор  * Z
21. Тұтас алғанда кен орны объектісінде технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын газ жағу нормативтерін есептеудің жиынтық саны мынадай формула бойынша анықталады:
 
мұндағы:
Qт.н.с. -  технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын газ жағудың нормативтік саны;
n - жабдық саны.
22. Жалпы технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу көлемі - VV  есептік нормативтік технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағудың жалпы мөлшерінен — Qт.н.с.  аспауға тиіс.
«Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы «____» _________ № ______бұйрыққа -анықтама-негіздеме
 







Р/с







Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

« Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңының 119 тармағы 4) тармақшасы

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

« Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңының 119 тармағын 4) тармақшасын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1319 Қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді



Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме



Қарастырылмаған

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет





8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді





9.

Сараптамалыққорытындылардыұсынбағанкәсіпкерлердіңаккредиттелгенбірлестіктерініңтізімінқамтуытиіс (жекекәсіпкерліксубъектілерініңмүдделерінқозғайтынактілерүшін)



  «__________________    ____________   ___________________
                Лауазымы          қолы         тегі және аты-жөні