• Мое избранное

Отправить по почте

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған:
1) Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты ;
2) Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты ;
3) Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарты бекітілсін .
2. Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға БАҚ - қа жіберуді;
3) «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдауын; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы «____» _________
 № ______ бұйрығымен
 бекітілген
Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты 
       _______________________                       20___жылғы ___ ________
 (шарттың жасалған орны)
       Бұдан әрі беруші деп аталатын, ________________________________
____________________________________________________________________
      (бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы
куәлігі* немесе анықтамасы, берілген күні мен берген орган)
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы  қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
 оның атынан _______________________________________________ негізінде                         (құжаттың атауы)
әрекет ететін _____________________________________ бір тараптан және
                        (лауазымы, Т.А.Ж.)
бұдан әрі тұрмыстық тұтынушы деп аталатын ___________________________
____________________________________________________________________
                        (тұтынушының атауы)
оның атынан________________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________________
                              (Т.А.Ж.)
екінші тараптан, бұдан әрі тараптар деп аталатындар осы шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегі туралы жасасты.
Терминдер мен анықтамалар 
1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) газ – тауарлық газ;
2) беруші – «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен  және Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларымен белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;
3) беру – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;
4) есеп айырысу кезеңі – жеткізілген газдың көлемі айқындалатын, берілген газ үшін беруші мен тұрмыстық тұтынушы арасында өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды;
5) тұрмыстық тұтынушы – тауарлық газды кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;
6) тұтыну нормасы – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық газдың орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама;
7) газ тұтыну жүйесі – газ тарату жүйесінен тауарлық газды қабылдауға, сондай-ақ оларды отын ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;
8) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
9) смарт-картамен қоса алғанда есепке алу аспаптары – тұрмыстық тұтынушы өзі төлеген газдың барлық көлемін пайдаланған жағдайда газ беруді жабатын салынған бекітпе клапанмен жарақталған смарт-карта арқылы ақы төлеу жүйесімен қоса газды есепке алу аспаптары;
10) уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Осы Шартта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына  және Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына сәйкес қолданылады.
Шарттың нысанасы 
3. Беруші тұрмыстық тұтынушыға қосылған желі арқылы өзінің тұрмыстық тұтынуы үшін газды беруге, ал тұрмыстық тұтынушы осы Шарттың жағдайларына сәйкес газ үшін ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.