«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға БАҚ - қа жіберуді;
3) «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдауын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы «____» _________
№ ______ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын (бұдан әрі – беру жоспары) жасау тәртібін айқындайды.
1) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне;
3) сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде өз мұқтаждықтары үшін сатып алатын адамдарға қолданылмайды.
Осы адамдар тобы бойынша сұйытылған мұнай газының көлемдері тиісті өңірдің балансында және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша жоспардан тыс ретінде ескеріледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) газ желісі ұйымы – газ толтыру станциясын (пунктін), топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында
белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын
қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;
3) өңір – газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана;
4) газ желісі ұйымының өтінімі – газ желісі ұйымының белгілі бір кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілік туралы осы Қағидаларда белгіленген нысандағы жазбаша өтініші.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
5. Беру жоспарын Қазақстан Республикасының ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган ай сайын әзірлейді.
6. Беру жоспарын уәкілетті орган жоспарланған жылдың алдындағы айдың жиырма бесінен кешіктірмей бекітеді және осы мерзімде ол берушіге, өңірлердің әкімдеріне, газ желісі ұйымдарына жіберіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
7. Беру жоспарына сәйкес өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы аккредиттелген газ желісі ұйымдарына беріледі.
Өңірлер мен газ желісі ұйымдарының өтінімдерін
8. Беру жоспары газ желісі ұйымдары алдағы күнтізбелік айға уәкілетті органға беретін өнімдердің негізінде әзірленеді.
9. Өтінімдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және ағымдағы күнтізбелік айдың бесінен бастап он бесін қоса алғандағы кезеңде уәкілетті органға беріледі.
10. Газ желісі ұйымының өтінімінде:
1) газ желісі ұйымының толық атауы мен оның орналасқан жері;
2) оған жақын өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері;
3) сұйытылған мұнай газының жоспарланған көлемін тиеу және жеткізу тәсілі, түсіру орны;
4) түрлері (пропан-бутан фракциясы, пропан, бутан), партиялары мен тиеу күндері бойынша бөле отырып, сұйытылған мұнай газын сатып алудың мәлімделген көлемі;
5) аудандары мен санаттары және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелері бойынша бөле отырып, тұтынушыларға мәлімделген көлемді жоспарланған тарату көрсетіледі.
11. Өтінімге заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама қоса беріледі.
Осы Қағидаларда көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
12. Газ желісі ұйымдарының мынадай:
1) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ағымдағы айдың алдындағы ай үшін сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтер бермеген;
2) аккредиттелетін газ желісі ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдері уәкілетті органның қарауына қабылданбайды.
13. Газ желісі ұйымдарының ұсынылған өтінімдерін уәкілетті орган тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу мен тұтыну мониторингінің деректерін ескере отырып, сатып алуға мәлімделген сұйытылған мұнай газы көлемдерінің негізділігі тұрғысында қарайды.
14. Егер қарау нәтижелері бойынша мәлімделген көлемдер экономикалық және техникалық жағынан негізделген деңгейден асып түссе, уәкілетті орган мәлімделген көлемді негізделген деңгейге дейін азайту туралы шешім қабылдайды.
Сұйытылған мұнай газының көлемдерін
айқындау және бөлу тәртібі
15. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін уәкілетті орган өткен кезеңдерде сұйытылған мұнай газын сақтау мен өткізудің іс жүзіндегі көлемдерін ескере отырып, газ желісі ұйымдарының өтінімдері негізінде есептелетін ішкі нарықтың қажеттілігін негізге алып айқындайды.
16. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін беруші сұйытылған мұнай газын өндірудің жалпы көлеміне пайыздық арақатынаста әрбір беруші үшін белгілейді.
Пайыздық қатынас барлық жеткізушілер үшін бірдей белгіленеді.
17. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Беру жоспарында бекітіледі.
18. Беру жоспары мыналарды:
1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
3) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі.
19. Сұйытылған мұнай газын аймақтар арасында бөлу беруші мен газ желісі ұйымдарының географиялық орналасуына байланысты уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
19-1. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында тарату беру жоспарының негізінде берушімен жүзеге асырылады.
20. Егер өңірдің аумағында екі және одан көп берушінің сұйытылған мұнай газын өндіру және сақтау жөніндегі объектілері орналасқан болса, бөлу осындай берушілер арасында барабар жүзеге асырылады.
21. Пропан өндіруді жүзеге асыратын берушілер үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлеміндегі пропанның үлесін уәкілетті орган белгілейді.
22. Пропанды бөлу уәкілетті орган айқындайтын аймақтар арасында жүзеге асырылады.
23. Берушіде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиелмеген көлемдері пайда болған жағдайда газ желісі ұйымының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты мұндай беруші уәкілетті органды алдын ала хабардар етумен тиелмеген көлемдерді өзге адамдарға өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
1) газ желісі ұйымының ақысы төленген сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы не алудан бас тартуы туралы уәкілетті органның қолы қойылған берушінің атына хаты;
2) газ желісі ұйымының күнтізбелік он күннің ішінде сұйытылған мұнай газын беру шартын жасасу туралы, оған ақы төлеу не тиеу туралы берушінің жазбаша сұрау салуына жауабының болмауы газ желісі ұйымының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы болып танылады.
24. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын ұсынылған өтінімге сәйкес өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ішкі
нарығына сұйытылған мұнай
газын берудің жоспарын жасау
қағидаларына
1-қосымша
_____________________________
_____________________________
(уәкілетті органның атауы)
_____________________________
_____________________________
_____________________________
(газ желісі ұйымының атауы мен орналасқан жері,
аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі мен күні)
Сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінім
Мәлімделген кезең ___________________________
Берілетін көлемнің барлығы, кг ___________________________
| Партия № /кезеңдер | Партиядағы газ көлемі, кг | Маркасы (ПТ, ПБТ, БТ) | Беруші | Берушінің тиеу күні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Жыл бойынша ЖИЫНЫ |
|
|
|
|
Жеткізу тәсілі _____________________________________________________
(т/ж не автомобиль көлігімен – әрбір беруші үшін жеке)
Түсіретін жері _______________________________________________
Басшы ___________________
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
сұйытылған мұнай газын берудің
жоспарын жасау қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің______(жылғы) _______ (айы) арналған жоспары
| № р/с | Берушінің атауы, орналасқан жері | Аймақ | Аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна | Газ желісі ұйымының атауы, орналасқан жері | Әрбір аймаққа м аркалары мен партиялары бойынша бөлу | Әр партияның жөнелтілген күні | Жөнелткен орны, жеткізу тәсілі |
|
техникалық бутан |
техникалық пропан бутан |
техникалық пропан |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|
|
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
сұйытылған мұнай газын берудің
жоспарын жасау қағидаларына
3-қосымша
Газ желісі ұйымдары мен өңірлер бойынша бөле отырып, сұйытылған газды беру жөніндегі берушінің мәліметтері
| Р/с № | Облысы | Газ желісі ұйымы | Беру, тонна |
| жоспар | келісім-шарт жасалғаны | ақы төленгені | жоспар бойынша тиелгені | % | жоспардан тыс тиелгені | барлық тиелгені | % |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8=7/4 | 9 | 10=7+9 | 10/4 |
| 1 | Ақмола облысы | Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 1 | Ақмола облысы | 1-газ желісі ұйымының атауы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| 2-газ желісі ұйымының атауы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ... |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| n-ші газ желісі ұйымының атауы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауапты қызметкер қолы Т.А.Ә.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
сұйытылған мұнай газын берудің
жоспарын жасау қағидаларына
4-қосымша
20__жылы сұйытылған газдың импорты бойынша берушінің ақпараты
20__ жылғы ___ __________ жағдай бойынша
________________________________________
(берушінің атауы)
| Облыстар мен қалалар | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл басынан бері |
| Ақмола |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Қарағанды |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ШҚО |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Атырау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| БҚО |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ОҚО |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Павлодар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Маңғыстау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Қостанай |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| СҚО |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Жамбыл |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Алматы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Қызылорда |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Ақтөбе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Астана қ. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Алматы қ. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы «____» _________ № ______бұйрыққа -анықтама-негіздеме
|
№ Р/с
|
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік органның
ақпараты
|
|
1.
|
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
|
|
2.
|
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңының 127 тармағы 2) тармақшасы
|
|
3.
|
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңының 127 тармағын 2) тармақшасын іске асыру мақсатында
|
|
4.
|
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 Қаулысы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 671 Қаулысы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қырқүйектегі № 1010 Қаулысы
|
|
5.
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді
|
Жоқ
|
|
6.
|
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме
|
Қарастырылмаған
|
|
7.
|
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет
|
|
|
8.
|
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді
|
|
|
9.
|
Сараптамалыққорытындылардыұсынбағанкәсіпкерлердіңаккредиттелгенбірлестіктерініңтізімінқамтуытиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)
|
|
| |
|
|
«__________________ ____________ ___________________
Лауазымы қолы тегі және аты-жөні