«Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға БАҚ - қа жіберуді;
3) «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдауын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы «____» _________
№ ______ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары
1. Осы Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газ бағасын есептеу тәртібі
3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға шикі газ өткізілген жағдайда оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
PC – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
CP – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мың текше метрі үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:
CF – жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, жер қойнауынан жер үстіне пайдалы қазбаларды шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
CP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндірудің көлемі, тонна;
0,857 – шикі газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r – мынадай формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:
GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндірудің көлемі, тонна;
AEPG – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
AEPO – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңге;
TC – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метрі үшін теңге;
R – ұлттық операторға N% мөлшерінде шикі газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.
3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газ бағасының есебі
4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газ өткізілген жағдайда, оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
PC – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы, мың текше метр үшін теңге;
CP – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мың текше метр үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:
CF – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысқан, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;
0,857 – шикі газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r1 – мынадай формула бойынша айқындалатын 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент:
GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;
AEPG – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылы орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метр үшін теңге;
AEPO – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңге;
CRE – өткен күнтізбелік жылы өндірілген шикі газдан тауарлық газды өндірудің мынадай формула бойынша айқындалатын өзіндік құны:
CFG – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, шикі газды қайта өңдеумен тікелей байланысқан және мұнай мен шикі газды өндірудің өзіндік құнының құрамына кірмейтін, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын өткен күнтізбелік жылы шикі газды қайта өңдеудің жалпы өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;
QG – тауарлық газды өндіру көлемі, мың текше метр;
QCG – қайта өңдеуге жіберілген шикі газдың көлемі, мың текше метр;
TС – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метр үшін теңге;
r2 – бірнеше көрсеткіштерді бейнелейтін коэффициент:
– тауарлық газдың сапасы;
– қосымша өндірілген өнімнің көлемі (сұйытылған мұнай газ) газды өндіру көлеміне қарай, мынадай формула бойынша есептеледі:
r2.1 – өткен күнтізбелік жылдағы газдың өндіру көлемі мынадай диапазонда есептеп шығарылады:
газды өндіру көлемі 100 млн.м3 кем болған кезде коэффициент 1 тең, газды өндіру көлемі 100 млн.м3 тең немесе артық болған кезде коэффициент 0,7 тең;
r2.2 – тауарлық газдың сапасы, мынадай формула бойынша есептеледі:
r2.2 = r2.2.1*r2.2.2*r2.2.3* r2.2.4*r2.2.5*r2.2.6*r2.2.7*r2.2.8
Негізгі көрсеткіштер (ҚР СТ 1666-2007 нормаланады «Магистральдық газ құбыры бойынша жеткізілтетін және тасымалданатын табиғи жанғыш газдар. Техникалық шарттар»):
r2.2.1 – күкіртсутегінің шоғырлану салмағы, г/м3 , мынадай диапазонда есептеледі:
0,006 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7 тең, 0,006 норма шегінде коэффициент 1 тең;
r2.2.2 – меркаптанды күкірттің шоғырлану салмағы, г/м3 , мынадай диапазонда есептеледі:
0,015 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7 тең, 0,015 норма шегінде коэффициент 1 тең;
r2.2.3 – ылғал бойынша газ шығының нүктесі жұмыс температурасы және газ құбыры ішіндегі газ қысымы кезінде, С, мынадай диапазонда есептеледі:
минус 4 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7 тең, минус 4 норма шегінде коэффициент 1 тең;
r2.2.4 – төменгі жану жылуы, МДж/м3 ., мынадай диапазонда есептеледі:
32,5 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7 тең, 32,5 норма шегінде коэффициент 1 тең;
r2.2.5 – метан, моль%, мынадай диапазонда есептеледі:
92 нормадан асқан кезде коэффициент 0,85 тең, 92 норма шегінде коэффициент 1 тең;
r2.2.6 – этан, моль%, мынадай диапазонда есептеледі:
6 нормадан асқан кезде коэффициент 0,85 тең, 6 норма шегінде коэффициент 1 тең;
r2.2.7 – пропан, моль%, мынадай диапазонда есептеледі:
3 нормадан асқан кезде коэффициент 0,85 тең, 3 норма шегінде коэффициент 1 тең;
r2.2.8 – азот, моль%, мынадай диапазонда есептеледі:
2 нормадан асқан кезде коэффициент 0,85 тең, 2 норма шегінде коэффициент 1 тең;
r2.3 – өткен күнтізбелік жылдағы қосымша өндірілген өнім (сұйытылған газдың газды өндіру көлеміне қатысы), мындай диапазонда есептеледі:
5 000 көлемінен айтарлықтай артық кезде коэффициент 0,7 тең, 5 000 көлемінен азғантай болған кезде коэффициент 1 тең;
R – ұлттық операторға N% мөлшерінде тауарлық газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, мынадай формула бойынша есептеледі:
R = (
+
) x r x N
N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.».
«Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы «____» _________ № ______бұйрыққа -анықтама-негіздеме
|
№ Р/с
|
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік органның
ақпараты
|
|
1.
|
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
|
|
2.
|
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңының 127 тармағы 2) тармақшасы
|
|
3.
|
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңының 127 тармағын 2) тармақшасын іске асыру мақсатында
|
|
4.
|
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 948 Қаулысы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1278 Қаулысы
|
|
5.
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді
|
Жоқ
|
|
6.
|
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме
|
Қарастырылмаған
|
|
7.
|
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет
|
|
|
8.
|
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді
|
|
|
9.
|
Сараптамалыққорытындылардыұсынбағанкәсіпкерлердіңаккредиттелгенбірлестіктерініңтізімінқамтуытиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)
|
|
«__________________ ____________ ___________________
Лауазымы қолы тегі және аты-жөні