• Мое избранное
Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 қыркүйекте № 9718 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 191 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2014 жылғы 16 шілдедегі
 № 151 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу 
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия (бұдан әрі - Лицензия) беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) жіберу тәртібін, сондай-ақ тізбе мен халықаралық актуарийлер қауымдастығына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Актуарлық қызмет актуарлық қызметті жүзеге асырудың халықаралық қағидаттары (стандарттары) ескеріле отырып, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.  
3. Уәкілетті орган берген Лицензиясы бар жеке тұлға актуарий ретінде қызмет етеді.  
2. Актуарлық қызмет
4. Актуарлық қызметтің міндеті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерін экономикалық-математикалық есептеуді жүзеге асыру болып табылады.  
5. Актуарлық қызметке:
1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру әдістері мен көздері жөнінде консультациялар және ұсынымдар;  
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігін бағалауға байланысты мәселелер;  
3) сақтандыру тарифтерін есептеу методологиясын және экономикалық негіздеуді әзірлеу;  
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында қабылданған сақтандыруды жіктеуге сәйкес сақтандыру тәуекелдерін зерттеу және жүйелеу;  
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің сақтандыру қағидаларында айқындаған сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын экономикалық негіздеуді бағалау;  
6) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берілетін қарыздар мөлшерін айқындау;  
7) актуарлық есептеулер мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсету кіреді.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі үшін актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервтері болады.  
7. Актуарлық есептеулер мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша - бастамалық актуарлық есептеулер;  
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда - міндетті актуарлық есептеулер.
Міндетті актуарлық есептеулер Заңның талаптары ескеріле отырып, бірінші жарты жылдық үшін есепті жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады және есепті жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде уәкілетті органға беріледі, сондай-ақ есепті жыл үшін 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалып, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға беріледі.
8. Актуарлық есептеулер мынадай болып бөлінеді:
1) бастамалық - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша жүзеге асырылатын;  
2) сақтандыру саласына (сыныбына) жатқызылуына байланысты және қайта сақтандыру бойынша - «өмірді сақтандыру» саласы немесе «жалпы сақтандыру» саласы бойынша, қайта сақтандыру немесе Заңмен белгіленген жіктеуге сәйкес сыныптар бойынша жүзеге асырылатын;  
3) жасалу мақсаты бойынша:
есепті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есепті кезең ішінде жасаған және есепті кезең соңына қолданыста болатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша есепті күнге жүзеге асырылатын;  
жоспарлы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қағидаларына сәйкес тәжірибесіне сақтандырудың жаңа сыныбы бойынша сақтандыруды және қайта сақтандыруды енгізу кезінде;  
кейінгі - бұрын жүргізілген актуарлық есептеулерді түзету мақсатында;  
4) қолданылу ауқымы бойынша:  
жалпы - Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде пайдалануға есептелген;  
аймақтық - Қазақстан Республикасының жекелеген облыстары мен аймақтары үшін жасалған;  
жеке - жекелеген сақтанушының немесе сақтанушылар тобының (заңды және (немесе) жеке тұлғалар) деректері бойынша орындалған.  
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің мөлшерін актуарлық бағалау толық болу және объективтілік қағидаттарына негізделеді және Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес актуарий қорытындысы түрінде ресімделеді.
Актуарий міндетті немесе бастамалық актуарлық есептеулер шегінде жүргізілген сақтандыру резервтерінің талап етілетін мөлшерін бағалауға байланысты жасаған актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін орындалуға міндетті болып табылады.  
10. Актуарий толық және объективті актуарий қорытындысын жасау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған құжаттарды (деректерді) және өзі қосымша сұратқан негізгі сақтандыру қызметіне қатысты мәліметтерді пайдаланады.  
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметіне актуарлық бағалау жүргізу нәтижелері бойынша жасалған актуарий қорытындысында мыналар қоса беріледі:
электрондық тасымалдағыштағы қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын және қайта сақтандыруға берілген шарттарды есепке алу журналының көшірмесі;
электрондық тасымалдағыштағы есепті кезеңдегі реттелмеген шығындарды есепке алу журналының көшірмесі;
актуарийдің қарауы бойынша өзге де материалдар.  
12. Актуарий қорытындысы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес кемінде үш дана етіп жасалады және оған актуарийдің өзі қол қояды.  
Актуарий қорытындысының бір данасы актуарийде сақталады, бір данасы уәкілетті органға ұсынылады (актуарий қорытындысы міндетті болған жағдайда), актуарий қорытындысының қалған даналары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беріледі.  
13. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық орнықтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерін, сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін экономикалық-математикалық есептеуді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жүргізілетін және жүргізу жоспарланатын сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалауды жүргізеді.  
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін актуарий: