Toggle Dropdown
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы « »
бұйрығымен бекiлген
Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану мониторингiн жүзеге асыру ережесi
Осы Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану мониторингiн жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi – Ереже) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және жаңартылатын энергия көздерiн (бұдан әрi – ЖЭК) пайдалану мониторингiн жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ЖЭК пайдалану мониторингi – ЖЭК энергетикалық әлеуеті және электр мен (немесе) жылу энергиясын өндiру үшін ЖЭК пайдалану нәтижелері туралы ақпаратты жүйелі жинау, есепке алу және талдау;
2) ЖЭК пайдалану жөніндегі объектi – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
3) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрi – энергия өндіруші ұйым) – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) шағын СЭС – жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан аспайтын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары жоқ су электр станциялары.
3. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру тәртібі
4. Уәкілетті орган ЖЭК пайдалану мониторингін:
Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудiң жалпы көлемiнде ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру және босату үлесiн есепке алу;
ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін айқындау үшін жүзеге асырады.
5. Энергия өндіруші ұйым тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің әрбір ЖЭК пайдалану жөніндегі объектісі бойынша электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату жөнінде ақпарат береді.
6. Жүйелік оператор тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат береді.
7. Уәкілетті орган алынған ақпараттың негізінде талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасындағы электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үлесін айқындайды.
Тиісті облыстың жергілікті атқарушы органдары Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салуға берілген жер учаскелері туралы, сондай-ақ іске қосылған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер туралы ақпарат береді.
ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштермен сәйкестігін айқындайды.
ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурстарында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей орналастырылады.
ЖЭК пайдалану мониторингі шеңберінде уәкiлеттi орган ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану
мониторингiн жүзеге асыру ережесiне
1-қосымша
20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат
Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____
___________________________________________________________________
Энергия өндіруші ұйымның орналасқан жері ______________________
ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің атауы ______________________
ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің орналасқан жері _________________________________________________________________
ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің белгіленген қуаты (кВт) ______
Пайдаланатын ЖЭК түрі ___________________________________
| Көрсеткіштер | Болжам | Нақты |
| Электр энергиясын өндіру, мың кВтс |
|
|
| Жылу энергиясын өндіру, Гкал |
|
|
| Электр энергиясын босату, мың кВтс |
|
|
| Жылу энергиясын босату, Гкал |
|
|
| Электр энергиясының орташа босату бағасы , теңге / кВтс ҚҚС - сыз |
|
|
| Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы , теңге / Гкал ҚҚС - сыз |
|
|
Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тің екі және одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әр түрі бойынша жеке беріледі.
_________________________________________________________________
(Басшы, Т.А.Ә, қолы, күні)
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
мониторингін жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер туралы ақпарат
20__ жылғы __- тоқсанда _______________ әкімдігі ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салу үшін мынадай жер учаскелерін берді
| Р/с № | жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | жер учаскесінің ауданы, га | жер учаскесінің орналасқан жері, га | берілген құқық түрі және мерзімі | жер учаскесіне құқықты иеленушінің атауы және БСН | жер учаскесінің мақсаты * |
| 1 |
|
|
|
|
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
|
| 3 |
|
|
|
|
|
|
* мақсатының бір түрін көрсету: жобалау-зерттеу жұмыстары үшін, құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін, ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалану үшін.
20__ жылғы __-тоқсанда _______________ облысы аумағында мынадай ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер іске қосылды:
| Р/с № | объектінің атауы | объектінің орналасқан орны | объектіні іске қосу мерзімі | объектінің негізгі жобалық сипаттамалары | құрылыс салушының атауы және БСН |
| 1 |
|
|
|
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
| 3 |
|
|
|
|
|
________________________________________________________________
(Басшы, Т.А.Ә, қолы, күні)
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы _____________ № ______ бұйрығына анықтама-негіздеме
| №
| Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы на сәйкес келтіру |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «__» _______ № ____ қаулысы мен күші жойылды
|
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ
|
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында жарияланған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Заң қызмет департаментінің директоры М.Хайруллин
2014 жылғы «___»__________