2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 04-4-29/835-и хатқа
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
Жалпыреспубликалық жұмыскерлер мамандықтары мен қызметкерлер лауазымдары сыныптауышының жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 13 қазандағы № 11141 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 04-4-29/835-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Жалпыреспубликалық жұмыскерлер мамандықтары мен қызметкерлер лауазымдары сыныптауышының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мамандықтар мен лауазымдар атауларын Жұмысшылар мамандықтарының, қызметкерлер лауазымдарының жалпы одақтық жіктеуіші мен тарифтік разрядтары (1986 ж.), Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының жалпы салалық біліктілік анықтамалығы, «Кәсіптер сыныптауышы» ҚР МС негізінде реттеу және мамандықтар мен лауазымдар сыныптауышын электрондық кесте форматында жасау бойынша қажетті және өте маңызды жұмыстар атқарды.
Бұл ретте, сыныптауыш жобасындағы мамандықтар бөліміне лауазымдар (мысалы: өнім жинау жөніндегі жұмысшы, бұрғылау бөлімінің бригадирі, ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізетін бұрғылаушының көмекшісі, дайындау бөлімінің бригадирі, геологиядағы және жер қойнауын барлаудағы біліксіз жұмысшы, шебердің көмекшісі, өлшемдерді өңдеу жөніндегі зертханашы, цементті диірмен машинисінің көмекшісі, алдын ала дайындау бөлімінің бригадирі, аға қазандық машинисі, елді мекендерді абаттандыру жөніндегі жұмысшы, бөлімше командирі (тау-кен құтқару, өрт сөндіру бөлімінің) және т.б.), ал лауазымдар бөліміне мамандықтар (мысалы: агроном, брокер, бағалаушы, заңгер, адвокат, бухгалтер, сәулетші, геолог, энергетик, дизайнер, оқытушы, актер, хореограф, суретші және т.б.) енгізілген.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сыныптауыш жобасын бекітуге дейін және эталондық және бақылау даналар мәртебелерін беру алдында:
1) «мамандық» пен «лауазым» терминдерін ажыратуды нақтылауды және атаулар (мамандықтар, лауазымдар) тізбесін сыныптауыштың тиісті бөлімдері бойынша бөлуді;
2) келтірілген мамандықтар бойынша Ұлттық біліктілік шеңберінің деңгейлерін көрсету үшін мамандықтар сыныптауышы кестесіне «Ұлттық біліктілік шеңберінің деңгейлері» деген баған қосуды;
3) бірлескен жұмыс топтарының жұмысы режимінде жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарының және министрліктердің сарапшыларымен бірлесіп 1-2 ай ішінде мамандықтар атауларын өзектендіруді (ескірген атауларды алып тастап, жаңа атауларды енгізу);
4) әзірленген кәсіби стандарттар және жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің салалық қауымдастықтарының ұсыныстары негізінде жаңа мамандықтар атауларын енгізу және ескірген атауларды алып тастау тәртібін әзірлеуді ұсынамыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ұсыныстармен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жіберуді
Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |