2014 жылғы 23 қызкүйектегі № 03-3/131 хатқа
-
Продукты:
Консультации










Отправить по почте
«Аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 11316 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 23 қызкүйектегі № 03-3/131 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 6-1-баптарына сәйкес Жобаның 7-тармағы 2-тармақшасына «немесе үлгілік жарғы негізінде қызмет ететін кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғалардың электрондық тізілімінен анықтама» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз.
Сонымен бірге, нормалардың қайталануына жол бермеу үшін «Аккредитациялық органдардың, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын Ұлттық тізілімдерге енгізудің тәртібі мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бұйрығынан «2. Аккредитациялық органдарға қойылатын талаптар» және «3. Аккредитациялық органдарды тану тәртібі» бөлімдерін алып тастау қажет деп санаймыз.
Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |