Toggle Dropdown
10
Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 қыркүйекте № 9729 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 17.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 184 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 10 мамырда № 7633 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 251-253 (27070-27072) санында, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2012 жылғы 2 тамыздағы № 9 актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.
Toggle Dropdown
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қылмыстық-атқару жүйесі бөліністерінің тәрбие қызметтері қызметкерлерінің бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін, оның ішінде:
Toggle Dropdown
1) бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелiк ықпал етуді;
Toggle Dropdown
2) карантин бөлiмшесiне жаңадан келген сотталғандармен тәрбие жұмысын;
Toggle Dropdown
3) жасақтардағы сотталғандармен тәрбие жұмысын;
Toggle Dropdown
4) жазаны өтеудiң дағдылы, жеңілдетілген, қатаң және жеңілдікті жағдайларында тәрбие жұмысын жүргізу ерекшелiктерiн;
Toggle Dropdown
5) сотталғандарды босатылуға дайындау кезiнде олармен тәрбие жұмысын жүргізуді;
Toggle Dropdown
6) жасақ бастығының, психологтың құжаттамасын;
Toggle Dropdown
7) сотталғандардың ерікті ұйымдарын (бұдан әрі – СЕҰ);
Toggle Dropdown
8) кәмелетке толмаған сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекшелiктерiн;
Toggle Dropdown
9) өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекшелiктерiн;
Toggle Dropdown
10) сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде психологтардың қатысуын.
Toggle Dropdown
2. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі (бұдан әрі – мекемелер) сотталғандармен тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Мекемедегі сотталғандармен тәрбие жұмысын мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары бақылайды және үйлестiредi. Сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің (бөлімшенің, топтың) бастығы мен қызметкерлері, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген шекте мекеменің басқа да қызметкерлері қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
4. Толық қауіпсіз мекемесін, тәртіптік изоляторды және жалғыз адамдық камераларды қоспағанда, мекемелерде мекеме әкімшілігінің бақылауымен жұмыс істейтін сотталғандардың ерікті ұйымдары құрылады.
Toggle Dropdown
5. Сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негiзi:
Toggle Dropdown
1) сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жеке бөлiм болып жоспарланатын мекеменің тоқсанға арналған жұмыс жоспары. Осы бөлімге ұсыныстарды сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің (бөлімше, топ) бастығы жасайды, ол мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіледі;
Toggle Dropdown
2) жасақ бастығы жасайтын және сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің (бөлімше, топ) бастығымен келісілген және мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бекітетін жасақтағы тәрбие жұмысының кешенді жоспары болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Жоспарларда тәрбие жұмысының негiзгi бағыттары, сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы, оларды жалпы, техникалық немесе кәсiптiк оқыту, сотталғандардың ерікті ұйымдарының жұмысын бақылау, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзу, дiни және қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасу мәселелері көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуге азаматтар мен қамқоршылық кеңестер, сотталғандардың ата-аналар комитеттері, кәсіптік одақтар, еңбек ұжымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, қоғамдық және қайырымдылық қорлары, саяси партиялар қатыса алады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелiк ықпал ету
Toggle Dropdown
8. Мекемелерде сотталғандардың түзелуіне, яғни заң талаптарын сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысуға, білім және мәдени деңгейін арттыруға, оңалту бағдарламаларына қатысуға ынтасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Іс-шаралар кешенін жүргізу үшін тәрбиелеудің мынадай түрлері пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) адамгершiлiк тәрбиесі сотталғандарда моральдық-этикалық түсінікті қалыптастыруға, әрбір сотталған адамның қоғамда өз тәртiбiн күнделiктi сыртқы бақылаусыз реттеу қабiлеттiгін қалыптастыруға бағытталған;
Toggle Dropdown
2) әлеуметтiк-құқықтық тәрбиесі мемлекет пен азамат арасындағы өзара қарым-қатынас, бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың құқықтары мен мiндеттерi туралы бiлулерi, құқықтық нормаларды сақтау қажеттiлiгiне көз жеткiзуi, жасаған қылмысының қоғамдық қауiптілігінің мәні туралы түсінік алуына бағытталған;
Toggle Dropdown
3) эстетикалық тәрбие сотталғандардың эстетикалық талғамының және қоршаған ортаға адал қатынасының қалыптасуына ықпал ететін табиғат, өнер, әдебиет, сурет сұлулығының түсінігін дамытуға бағытталған;
Toggle Dropdown
4) еңбек тәрбиесі сотталғанның еңбек ету қабiлетін дамытуға, оған босатылғаннан кейiн жұмысқа орналасу үшiн қажетті мамандық алуына мақсатталған;
Toggle Dropdown
5) дене тәрбиесі бас бостандығынан айыру орындарында сотталғанның дене саулығын бiрқалыпты ұстауға және бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған;
Toggle Dropdown
6) психологиялық тәрбиесі жазасын өтеп жатқан адамның психологиялық іс-әрекетінің заңдылығын зерттеуге, оның қылмыстық көзқарасын бұзу, сотталғанның жеке басын, оған түзелу процесінде ықпал ететін негiзгi факторды зерттеуге бағытталған.
Toggle Dropdown
9. Сотталғандармен тәрбие жұмысы психологиялық-педагогикалық әдістер негізінде жеке, топтық және бұқаралық нысандарда ұйымдастырылады.
Toggle Dropdown
Тәрбие жұмысын жүргізу барысында камераларда ұсталатын сотталғандар осы үй-жайларға арналған шағын және үлкен топтарға бірігеді.
Toggle Dropdown
10. Әр сотталғанға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке тәрбие жұмысын жүргiзу күнделiгi (бұдан әрі – ЖТЖ күнделігі) басталады.
Toggle Dropdown
Камераларда ұсталынатын сотталғандармен жеке тәрбие жұмысы тікелей сотталғандар ұсталатын камераларда, тәрбие жұмысы үй-жайларында және жасақ бастығы кабинеттерінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Сотталғандармен топтық және бұқаралық тәрбие жұмыстары (сабақтар, дәрiстер, жиындар, диспуттар, конкурстар, көркем өнерпаздар байқаулары, спорттық-ойын сауық iс-шаралары, сотталғандардың ерікті ұйымдарына қатысуы, психодиагностикалық, психотүзету, психопрофилактикалық және консультациялық жұмыс) тәрбие жұмысын шағын және үлкен топтарда жүргiзудi көздейді.
Toggle Dropdown
11. Сотталғанды зерделеу және онымен тәрбие жұмысын жүргiзу нәтижелері бойынша қорытындылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қоры (бұдан әрі – ҚАЖ ОАДҚ) арқылы ай сайын ЖТЖ күнделігіне жазылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Карантин бөлiмшесiне жаңадан келген сотталғандармен тәрбие жұмысы