ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
| Продукты: |
|
| Тип документа: |
|
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің «Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасына (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру):
2-бөлімнің он сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ шет елдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.»;
4-бөлімнің 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылу мониторингi оны iске асырудың екiншi жылынан бастап оңалту (сауықтыру) бағдарламасының бүкiл мерзiмi бойына жыл сайын жүргiзiлетiн болады.
Кредиттер және/немесе лизингтік операциялар, облигациялар купоны бойыншапайыздық ставканы субсидиялау шарттары жасалмаған кәсіпорындарға қатысты бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылу мониторингiсі жүргізілмейді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МинистріК. Мәсімов
Результаты согласования
03.10.2014: Мотовилова Е. Ю. (Мотовилова Е. Ю.) - - cогласовано без замечаний
03.10.2014: Темирбеков Д. О. (Темирбеков Д. О.) - - cогласовано без замечаний
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) іс жүзінде іске асыру мақсатында. |
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік–экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды |
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Талап етілмейді |
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) сәйкес |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | 1. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысы; 2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 қарашадағы № 1355 қаулысы; 3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1016 қаулысы; 4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 11 наурыздағы № 224 қаулысы; 5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 ақпандағы № 117 қаулысы; 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 495 қаулысы. |
| 7. | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкестікке келтіру қажеттігі | Талап етілмейді |
| 8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Қосымша сараптама жүргізілген жоқ |
| 9. | Өзге де мәліметтер | Жоқ
|
| 10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге | Рұқсат етіледі |
| 11. | Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы ақпарат | Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсындағы «Ақпараттық материалдар» деген бетінде, «Нормативтік құқықтық актілер» деген бөлімнің «Кеңінен талқылануға жататын нормативтік құқықтық актілердің жобалары» деген кіші бөлімінде орналастырылғанwww. minfin.gov.kz. |
| 12 | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Кеңінен талқылауға ұсынылған «Нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары» бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында орналастырылған |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
2014 жыл « »
Результаты согласования
03.10.2014: Мотовилова Е. Ю. (Мотовилова Е. Ю.) - - cогласовано без замечаний
03.10.2014: Темирбеков Д. О. (Темирбеков Д. О.) - - cогласовано без замечаний