Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесінің 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 3 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 тамызда № 9709 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 29.06.2015 жылғы № 448 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесінің 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 3 бұйрығына қосымша
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарының тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу өтінімі.
2. Жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектілерін салу үшін немесе сәйкес жобалық зерттеу жұмыстарын өткізу үшін ЖЭК пайдалану объектілері құрылысына жер участкесін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешім көшірмесі.
3. ЖЭК пайдалану бойынша жаңа объектіні салуға арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына мемлекеттік және/немесе жеке сараптаманың оң қорытындысының нотариалды расталған көшірмесі;
4. ЖЭК пайдалану объектілерін электр желілеріне қосуға техникалық шарттың нотариалды расталған көшірмесі.
5. Энергия өндіруші ұйымның нотариалды расталған құраушы құжаттардың көшірмелері.
Егер ЖЭК пайдалану объектісі қолданыстағы негізгі генерациялайтын жабдықты ауыстыра отырып, реконструкцияланса, онда реконструкцияланып жатқан осы объекттегі қайта жаңарту жұмыстары басталған кездегі теңгерілген құнын растайтын, аудиторлық ұйыммен берілген қорытынды көшірмесін қоса береді.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесіне қосымша
Нысан
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу өтінімі
_______________________________________________________________
(Энергия өндіруші ұйымның толық атауы)
ұйымды жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне қосуды сұрайды.
Осы өтінімге жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектісі бойынша келесі ақпарат қоса беріледі:
1. Энергия өндіруші ұйым туралы жалпы мәлімет (атауы; бизнес-сәйкестендіру нөмірі; орналасқан жері; Қазақстан Республикасындағы нақты мекен-жайы; Қазақстан Республикасындағы пошталық мекен-жайы; Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны; электрондық поштаның байланыс мекен-жайы).
2. ЖЭК пайдалану объектісі (бұдан әрі - Объект) туралы ақпарат:
1) Объектінің атауы (электр энергиясын өндіру үшін ЖЭК қай түрін пайдаланатындығына байланысты);
2) Объектінің генерациялайтын қондырғыларының жинақталған орнатылган қуаты, ЖЭК түрлері бойынша бөлінген;
3) Объектінің жоспарланған іске берілу мерзімі;
4) Объекті пайдаланудың жоспарланған мерзімі (жылмен);
5) Объектінің қуатты пайдаланудың болжанған коэффициенті;
6) Объектіні пайдалануға берілгеннен кейінгі Объектінің 15 жылға және Объектінің жоспарланған барлық пайдалану кезінде өндірілетін электр энергиясының болжанған көлемі;
7) жер участкесінің кадастрлық нөмірін (болған жағдайда) көрсетілген Объектіні орналастыру ауданының мекен-жайы, алаң ауданы туралы ақпарат;
8) ЖЭК пайдалану объектісі орналасқан аудан бойынша тапсырыс берушінің құқығы, осы құқықтың түрі, жасалған мерзімі және оның іске асу мерзімін көрсетілген ақпарат.
3. Объектінің қондырғысы туралы ақпарат:
1) объектідегі генерациялайтын қондырғының жеке бірлік қуаты көрсетілген, генерациялайтын қондырғылардың саны және түрі;
2) объекті қондырғысының болжанған пайдалану мерзімі (аймен).
4. Жобаның қаржы экономикалық көрсеткіштері:
1) объектіні салуға немесе жаңартуға жоспарланған инвестиция көлемі (жобаны әзірлеу құнын, қондырғы құнын, жеткізу құнын, кедендік төлемдер шығынын және салу монтаждау жұмыстарының құнын көрсете отырып);
2) жобаны қаржыландыру құрылымы (өзіндік және қарыз қаражат көлемін көрсете отырып);
3) жобаның жоспарланған өтімділігінің қарапайым мерзімі.
5. Қоса берілетін құжаттар тізімі:
_____________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________.
_________________________________________________________________________________
(Жетекші немесе уәкілетті тұлға, Тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда), колы, күні)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |