• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2022 г

Отправить по почте

3

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қыркүйекте № 9762 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 07.07.2022 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117, 161, 162, 170, [173|521122553]]-баптарына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2019 жылғы № 872 Бұйрығына сәйкес (20.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 05.01.2022 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (23.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасы бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 117 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7616 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі № 211-212 (27030-27031) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған)) бірлескен бұйрығының;
2) «Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7656 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымдағы № 199-200 (27018-27019) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған)) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М.Бердалин):
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін (Б.М. Бердалин).
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау және  
 әлеуметтік даму министрі
 Т. Дүйсенова
 2014 жылғы 2 қыркүйек
1
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2014 жылғы 19 қыркүйектегі
 № 530 бұйрығына 1-қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 жылғы № 677 Бұйрығымен (19.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 20.08.2018 жылғы № 574 Бұйрығына сәйкес (06.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау және санитарлық саулығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИ) ұсталатын қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларға (бұдан әрі - күдіктілер және айыпталушылар), сондай-ақ ҚАЖ түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға (бұдан әрі - сотталғандар) туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастырумен байланысты мәселелерді реттейді.
1) дәріге сезімталдық тесті (бұдан әрі - ДСТ) - туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге (бұдан әрі -ТҚД) сезімталдық спектрын анықтау;
2) егу – туберкулез микобактерия дақылдарын қоректік ортада патологиялық материалдан бөліп алу әдісі (тығыз және сұйық);
3) жалғастыру кезеңі – терапияны жалғастыру кезеңі, ол сақталған микобактериалды таралымға кедергі жасайды, қабыну өзгерістерінің және туберкулез барысы инволюциясының одан әрі азаюын, сондай-ақ науқастың ағзасындағы функционалды мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді;
4) кең көлемде дәрілік тұрақтылығы бар туберкулез (бұдан әрі - ККДТ ТБ) – штаммдары рифампицинге төзімді туберкулез микобактерияларымен қозатын туберкулез;
5) кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулез (бұдан әрі - ККДТ ТБ) – бұл штаммдары кем дегенде изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біріне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттың біріне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) төзімді туберкулез микобактерияларымен қозатын туберкулез;
6) ҚАЖ туберкулезге қарсы ауруханалары – туберкулезбен ауыратын сотталғандарға медициналық көмек көрсетуге арналған мекемелер.
7) қарқынды кезең – аурудың клиникалық көріністерін жоюға және туберкулез микобактерияларының таралуына барынша әсер етуге бағытталған (қақырық жағындысының конверсиясы және дәріге төзімді штаммаларды жою) терапияның бастапқы кезеңі;
8) микроскопиялық зерттеу – қышқылға төзімді бактерияларды бекітілген жағындыларда анықтау әдісі.  
9) молекулалық-генетикалық әдіс (бұдан әрі - МГ) – туберкулезді және ККДТ ТБ-ны анықтаудың полимеразды тізбекті реакциясы негізінде жеделдетілген әдістері;
10) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – КДТ ТБ және ККДТ ТБ-ден өзгеше, штаммдары екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін туберкулез микобактериялары қоздыратын туберкулез;
11) туберкулез науқасында қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында қарқынды фаза аяқталғаннан кейін кемінде екі жүйелі теріс микроскопиялармен дәлелденген қышқылға төзімді бактерияларының жойылуы;
3. Қылмыстық-атқару жүйесінде туберкулезбен ауыратындарды емдеу жүзеге асады:
2) ТИ, толық қауіпсіз мекемелерде, әйелдерді ұстауға арналған мекемелерде, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған, сот, құқық қорғау және арнаулы органдардың бұрыңғы қызметкерлеріне арналған орташа қауіпсіз мекемелерде, төтенше қауіпсіз мекемелерде туберкулезбен ауыратындарды ұстауға және емдеуге арналған оқшауланған учаскелер жатады (бұдан әрі – туберкулезбен ауыратындарды емдеуге арналған оқшаулаған учаскелер).
2) туберкулез жағдайының, туберкулездің дәріге төзімді түрлерінің, туберкулездің коинфекциясын және адамның иммунді тапшылық вирусын (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) диагностикалау;
3) туберкулез жағдайларын тіркеу және стандарттық жіктеу;
4) туберкулезбен ауыратын науқастарды бактерия шығарушылығына және ДСТ-ке байланысты бөлек ұстау және оқшаулау;
5) сезімталдық деректерін ескере отырып, науқастарды үздіксіз емдеу;
6) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудың жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес туберкулезге қарсы препараттармен (емделуге жататындарды 100% қамту) ТҚП-ға жағымсыз реакцияны алу үшін дәрілермен үздіксіз қамтамасыз ету;
8) АИТВ жұқтырғандарға туберкулездің химияпрофилактикасы;
10) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамалық нысандарын бекіту бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) стандартты медициналық құжаттамалар (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2019 жылғы № 872 Бұйрығына сәйкес (20.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 05.01.2022 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (23.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) туберкулезбен ауыратындарды туберкулезбен ауыратындардың Ұлттық тізбесіне тіркеу (бұдан әрі - ТАҰТ);
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2019 жылғы № 872 Бұйрығына сәйкес (20.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) осы Қағидаларға 1-қосымшада ұсынылған туберкулезді инфекциялық бақылау шараларын сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды орындау;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2019 жылғы № 872 Бұйрығына сәйкес (20.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)