«Мәдениет туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар мемлекеттік меншіктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібін регламенттемейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мәдени құндылық – зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар.
2) өтініш беруші – мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына куәлік алу үшін жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
3) сараптама комиссиясы – облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы құрайтын мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі комиссия;
4) сараптама – сараптама комиссиясының уақытша әкетуге мәлімделген заттардың мәдени құндылығын айқындау мақсатында өткізетін рәсімі;
5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы – Қазақстан Республикасынан әкетілетін заттың мәдени құндылығын белгілейтін мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы беретін белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі - қорытынды);
3. Уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеу, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу мақсатында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығы үшін алты айдан аспайтын мерзімге мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығын беретін куәлікті (бұдан әрі – куәлік) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары береді.
Кедендік одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тыс жерлерге мәдени құндылықтарды уақытша әкету куәлік негізінде жүзеге асырылады.
2. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
куәлік беру тәртібі
4. Куәлікті алу үшін өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар;
4) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен шарттары туралы шартының көшірмесі;
5) мәдени құндылықтың А-5 үлгісіндегі алдыңғы және артқы жақтары шолынған екі фотосуреті;
6) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
7) заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы.
Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына сараптамаға ұсынылған зат(тар) қабылдау және беру журналына тіркеледі.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарының жауапты тұлғасы өтініш пен ұсынылған зат(тарды)ты сараптама комиссиясына сараптамаға жолдайды.
6. Сараптама комиссиясы ұсынылған құжаттар мен заттардың сараптамасын тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызын айқындау, түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, орындау материалы мен техникасын, мөлшерін (салмағын), өзгеше ерекшеліктерін, сақталу жағдайын жан-жақты талдау негізінде жүзеге асырады.
7. Сараптама қорытындысының негізінде сараптама комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды ресімдейді.
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы оң шешім қабылдаса, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік, ал теріс шешім қабылдаған жағдайда – дәлелденген бас тартуды жазбаша нысанда береді.
9. Куәлік беруден бас тартуға:
1) оларды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, әкетілетін мәдени құндылықтардың қанағатсыз физикалық жай-күйі;
2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
3) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының осы Қағидалардың 3-тармағымен сәйкес келмеуі;
4) затта мәдени құндылықтың жоқ болуы туралы қорытынды.
10. Куәлік немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар түскен күнінен бастап он жұмыс күні iшiнде беріледі.
Сараптамаға ұсынылған зат(тар) өтініш берушіге қабылдау және беру журналына белгі қойып, қайтарылады.
11. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы белгіленген мерзімде өтініш берушіге куәлікті немесе куәлікті беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап куәлік берілді деп есептеледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы куәлік беру мерзімдері өткен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті куәлікті береді.
________________________
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_____________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қала мен
_____________________________________
астананың жергілікті атқарушы органы)
______________________________________
_____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы)
ӨТІНІШ
2) ________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________
4) ________________________________________________________________
5) ________________________________________________________________
мақсатында
__________________________________________________________________
(елдің атауы және орналасқан жері)
уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз.
__________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректері:________________________________________
(Т.А.Ә. туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №, _____________________________________________________________________________________________
оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері) _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Қолы__________________ Күні __________________
М.О.
_____________________
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларына
2-қосымша
__________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі
сараптама комиссиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
№ ____
_____________ қаласы «___» _______ 20___ ж.
Өтініш беруші___________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________
(азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
__________________________________________________________________
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
__________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің қызметі: _________________________________________
4. Әкетудің (уақытша әкетудің) мақсаты: _______________________________
5. Сараптамаға ____________________________________________ ұсынылды
(заттың атауы, жазбаша саны)
6. Заттың сипаттамасы: ______________________________________________
_____________________________________________________________________________
(түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жері, материалы және орындалу техникасы, __________________________________________________________________
өлшемі, салмағы, сақталуы)
Қорытынды: _______________________________________________________
__________________________________________________________________
(мәдени құндылығы бар немесе жоқ, __________________________________________________________________
уақытша әкету мүмкіндігі туралы ұсыным)
|
Сараптама комиссиясының төрағасы : |
Комиссия мүшелері : ____________________ (Т .А .Ә .) |
| ____________________ (Т .А .Ә .) ____________________ (Т .А .Ә .) М.О . | ____________________ (Т .А .Ә .) ____________________ (Т .А .Ә .)
|
__________________________
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
куәлік беру қағидаларына
3-қосымша
__________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛІК
қаласы______ № «___» _______ 20___ ж.
Өтініш беруші___________________________________________________
__________________________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Өтініш берушінің деректері: _____________________________________
(азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
__________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің қызметі _________________________________________
4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы ______________________________________
__________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)
_____________________________________№ ____ 20____ ж. «___» ________
1)_________________________________________________________________
(мәдени құндылықтың атауы)
2)_________________________________________________________________
3)_________________________________________________________________
________________________________________________________мақсатында
__________________________________________________________________
(елдің атауы және ұйымның орналасқан жері)
__________________________________________________________________
200__ж. «____»______________ 200___ж. «______»_____________ мерзіміне
Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.
Уәкілетті тұлға _____________________________________________________
(Т.А.Ә. және қызметі)
М.О. Қазақстан Республикасы
кеден органдарының белгісі
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы « » № бұйрыққа анықтама-негіздеме
| № | Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1 | Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
| 2 | Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыреті) | 2014 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1) тармақшасына сәйкес |
| 3 | Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатыында |
| 4 | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалар ын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысы |
| 5 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерің көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6 | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме | Жоқ |
| 7 | Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет | Жоқ |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mkі.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады |
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Заң қызметі
департаментінің директоры М. Жақсыбеков