• Мое избранное
«Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидаларын және оларды пайдалану режимін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидаларын және оларды пайдалану режимін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидаларын және оларды пайдалану режимін бекіту туралы
1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидалары және оларды пайдалану режимі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығымен
Бекітілген
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидалары және оларды пайдалану режимі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидалары және оларды пайдалану режимі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және оларды пайдалану режимін белгілейді.  
2. Тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің (бұдан әрі – тарихи-мәдени мұра объектілері) қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.
2. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағын  
айқындаудың тәртібі
3. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағының шекарасын тиісті жергілікті атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.  
4. Сәулет және қала құрылысы ескерткіші жерден оның ең биік нүктесіне дейінгі арақашықтық көлеміне тең, бірақ 20 метрден кем болмайтын қорғау аймағымен қоршалады.  
5. Археологиялық ескерткіш оның шекарасынан, топталған ескерткіштерде – шеткі орналасқан объектінің сыртқы шекарасынан 50 метр болатын қорғау аймағымен қоршалады. Көзбен шолу қамтамасыз етілуге тиіс археология ескерткіші үшін қорғау аймағының радиусы оның ортасынан 200 метрге тең болуға тиіс.  
6. Тарихи-мәдени мұра объектісінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе жыртылған жермен немесе қоршаулармен не олардың шекара сызықтарының бойына бұталар отырғызу арқылы белгіленеді.  
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің төрт жағынан объектінің атауы, оның қорғау аймағының ауданы көрсетілген қорғау белгілері орнатылады.
7. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймағы тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.  
3. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын айқындаудың тәртібі
8. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.  
9. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймақтарының көлеміне екі есе тең мөлшерде бекітіледі. Құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймағының шетінен бастап өлшенеді. 
10. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғалатын табиғи ландшафт аймағының көлемі құрылыс салуды реттеу аймағына тең мөлшерде белгіленеді. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы құрылыс салуды реттеу аймағының шетінен бастап өлшенеді.  
11. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғи ландшафт аймағы тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.  
4. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағын, құрылыс  
салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт  
аймағын пайдалану режимі
12. Қорғау аймағы:
тарихи-мәдени мұра объектілері және оның аумағына жапсарлас тарихи қалыптасқан ортаның сақталуын қамтамасыз ету үшін;
тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылықтарын анықтауға ықпал ететін жағдай жасау үшін белгіленеді. 
Қорғау аймағының аумағында тарихи-мәдени мұра объектісінің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстар жүргізілмейді.
13. Құрылыс салуды реттеу аймағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің қалаларды, елді мекендерді, табиғат көріністерін жоспарлаудың және салудың тарихи қалыптасқан жүйесіндегі кеңістіктік, композициялық рөлін сақтау үшін, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қазіргі заманғы қала құрылысы немесе табиғи ортамен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін белгіленеді.  
Қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi.  
14. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы тарихи, сәулет-көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы бар табиғи және жасанды ландшафтардың, баулардың, саябақтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін белгіленеді.
Қорғалатын табиғат ландшафт аймағының аумағында ландшафтың, сумен қамту жүйесінің, өсімдіктердің және басқа да аймақ режимінде көзделген элементтердің сипатын өзгертпейтін қызметке рұқсат етіледі. 
«Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидаларын және оларды пайдалану режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның

ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі



2

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыреті)

1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 13) тармақшасына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы « » Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатыында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы

мәліметтер

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерің көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Жоқ

7

Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет

Жоқ

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mkі.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Заң қызметі
департаментінің директоры М. Жақсыбеков