• Мое избранное
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы
1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығымен
Бекітілген
   Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және   
күтіп-ұстау ережесі 
Жалпы ережелер 
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау мен күтіп-ұстау тәртібін айқындайды.  
Ескерткіштерді қорғау және күтіп-ұстау тәртібі 
2. Ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушылар олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде мынадай шаралар қабылдауы тиіс:  
1) зақымданудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғау;  
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар ету;  
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган), жергілікті маңызы бар ескерткіштерде - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу;  
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленетін тәртіппен және шекте ескерткішке ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету.  
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдары ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушыларға осы құжатты ресімдеу сәтіндегі ескерткіштердің жай-күйі және оларды күтіп-ұстау шарттары тіркелетін қорғау міндеттемесін береді.  
4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары әрбір ескерткішке ескерткіш туралы негізгі деректер және ескерткіштің мемлекеттің қорғауында екендігіне нұсқама қамтылған қорғау тақтасын орнатады.  
5. Ескерткіштерді бұзылудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары белгіленеді.  
  6. Меншік иелері мен пайдаланушылар ескерткіштерді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және өрт қауіпсіздігі    саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес күтіп ұстайды.  
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы   « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның

ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі



2

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыреті)

1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы « » Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатыында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы

мәліметтер

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерің көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Жоқ

7

Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет

Жоқ

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mkі.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Заң қызметі
департаментінің директоры М. Жақсыбеков