«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже сі;
2) осы бұйрыққа 2 -қосымшаға сәйкес Жануарларға және адамдар денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесi ;
3) осы бұйрыққа 3 -қосымшаға сәйкес Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары ;
4) осы бұйрыққа 4 -қосымшаға сәйкес Жануарларға және адамдар денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi ;
5) осы бұйрыққа 5 -қосымшаға сәйкес Алдын алу, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi ;
6) осы бұйрыққа 6 -қосымшаға сәйкес Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі ;
7) осы бұйрыққа 7 -қосымшаға сәйкес Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «____» __________ № _______бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi – ведомство) – ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын комитеті;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер (облыс, аудан, облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган:
1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство;
2) мемлекеттiк органдардың жануарларды ұстайтын және пайдаланатын ветеринариялық бөлiмшелерi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар
5. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары;
2) ведомствоның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
3) ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
4) ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерiнiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) iшкi сауда объектiлерiнiң және жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
6) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң басшылары және олардың тиiстi мемлекеттiк органдарға тиесiлi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орынбасарлары жүзеге асырады.
6. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беруге құқылы.
Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң тиiстi лауазымдарына «бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беруге құқылы.
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тiкелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
7. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың және олардың орынбасарларының, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың өзінің мемлекеттік тілдегі атауы бар мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
3. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi
8. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының орындалуын тексеру мақсатында:
1) iшкi сауда объектiлерiнде;
2) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда;
3) ветеринария саласындағы, оның iшiнде лицензияланатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда;
4) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорында;